Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Автор: Karlaaa • Ноябрь 26, 2021 • Реферат • 2,354 Слов (10 Страниц) • 393 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Медицина және денсаулық сақтау факультеті
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы:Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы.
Орындаған: Әміржанова Құралай
Тексерген: Дауытбекова Маржан Қанатбекқызы
2020 жыл
Мемлекеттік рәміздердің табиғи болмысы ерек қоғамдық құбылыс ретіндегі тарихи бағзыдан бастау алады. Олардың тіршілік кеңістігіне шығуы, бірегей әлеуметтік саяси қажеттілік ретінде қалыптасуы мен өміршеңдігінің сыры адамзат өмірінде алатын орнында, ақпараттық және мәдени қызметінде жатса керек. Ал мазмұндық-мағыналық құрылымы уақыт, кеңістік қарым-қатынастың әр түрлі әдістері мен түрлері тәрізді өлшемдерге орай айқындалады. Мемлекеттік нышандарды әр қилы этникалық мәдени орта өкілдерінің бәріне немесе басым көпшілігіне таныс әрі түсінікті діл (код) деседе болады. 6 [73б]
Қоршаған ортамен етене байланысты өмір сүрген көшпенділер өздерін табиғаттың ажырамас бір бөлігі деп ұққан. Сондықтан Евразия аймағында өмір сүрген этникалық тайпалардың өз тотемдері болған. Көшпенділердің наным-сенімдері мен діни дүниетанымдарында тотемизмнің қалыптасу кезеңі болды. Ондай тотемдік белгілер кейінгі кезеңде өмір сүрген ғұндар мен түркілерде қалыптасқан. Тотемдік таңбаларды бейнелеу өнерімен қолөнерде көшпенділер кеңінен қолданды. Ежелгі көшпенділер аспан түстес көк түсті табиғи бояуларды дайындап,маталармен қолөнер бұйымдарын бояған. Көшпенділер Тәңірге, Аспан денелеріне табынғандықтан– көк түс олардың дүниетанымында діни символды білдіретін түске айналды. 1 [92б]
Түрк тайпаларының жекелеген рулық таңбалары бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз сақталып, қазақ руларының таңбаларында қолданылуда. Шеңбер тəрізді дөңгеленіп салынған таңба үйсіндердің рулық таңбасына өте ұқсас. Ұлы Жүз қазақтары өздерін үйсіндердің ұрпағымыз деп санайды жəне кейбір жазба деректерде үлкен орда «үйсіндер» деп аталады. Мекен еткен орталары да бір-біріне сəйкес келеді. Ұлы Жүз тайпаларының таңбаларын зерттеуде күн бейнесіне ұқсас шеңбер тəрізді дөңгелек таңба негізгі назарда болады. Шеңбер əртүрлі қалыпта мынадай рулардың таңбаларының негізі болды: Албан (Күн таңба), Қаңлы(Күнтаңба), Сары үйсін(Абақ,Шөміш); Дулат(Абақ, Дөңгелек).
Кіші жүз руларының ішіндегі кердері жəне табын руларының таңбаларының да негізін дөңгелек пішінді таңба құрайды. Бұл рулардың генеологиясы ежелгі ромадан руынан бастау алады. Ғалымдардың пайымдауынша, уран (ромаданның əскери лақап аты – «дулат») жəне рулық таңбалардың ұқсастығы жоғарыда аталған рулар Ұлы жүзден тараға. Жайсан ғибадатханасының материалында кездесетін келесі таңба пішіні доға тəріздес иіліп бейнеленген. Қырғызстан территориясындағы ортағасырлық кезеңге жататын жартас суреттері мен көне түрк жазбалары бедерленген жартастарда пішіні осы таңбаларға ұқсас бірнеше таңбалар белгіленген. Аудармасы бір-бірін қайталайтын он оқ будун/он оқ халқының руникалық жазбаларымен қатар бейнеленген таңбалар этномəдени тұрғыдан кімдерге тиесілі екендігін анықтауға мүмкіндік береді. К.Ш.Табалдиевтің мəлімдеуінше Кочкор даласынан табылған мазмұндары ұқсас руникалық жазба ескерткіштері «Орталық Азия көшпелілерінің ортағасырлық түргештер билік құрған VIII ғасырларға тəн жартасқа бейнелеу өнерінің туындысы». «Талас жазбалары» деген атаумен белгілі Кочкор даласындағы жаңа ескерткіштерді салыстыра талдау нəтижесінде С.Г.Кляшторный алғашқысынан екіншісінің айырмашылығы қолданылу дəрежесінде тұрғандығын, жаңа ашылған ескерткіштерде «көшпелілердің қарапайым құқығы көрсетілгендігін» айтады.Белгілі территорияны қолдану құқығы Кочкор жазбасында «Ярыш» деп аталып, қасына рулық таңба бейнеленген. Зерттеуші Тоныкөктің дайындық барысындағы Ярыш жазығына түргештердің ондық түмен басыларының жиналғандығы баяндалған барлаушының хабарламасын мысалға келтіреді.
...