Мәдени-тарихи туризмді дамытудағы мемлекет саясаты
Автор: nuri85kz • Апрель 10, 2019 • Статья • 3,021 Слов (13 Страниц) • 876 Просмотры
ХҒТАР 71.37.75
Д.А.Сейдуалин1, Н.Б.Темірәлиева2
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
(Е-mail: darken68@mail.ru1 , nurka_22-85@mail.ru2 )
Мәдени-тарихи туризмді дамытудағы мемлекет саясаты
Аннотация. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саласындағы туризм бағыты мен оны ұйымдастыру саясатының мағыздылығын айқындайды. Мәдени-тарихи туризмді интерпретациялау әдістеріне тоқталады. Туризмнің осы саласына тән бәсекеге қабілетті артықшылықтарын талқылайды. Тарихи-мәдени мұраны мәдени туризмді дамыту үшін белсенді қолдану, тарихи және мәдени ескерткіштерді туризм инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастырады. Қaзaқcтaндa мәдeни-тарихи тypизмдi дaмытудaғы туpиcтiк өнiмдi қaлыптacтыpудaғы туpиcтiк клacтepлepдiң кeлeшeгiн айқындайды. Туристік инфрақұрылымды кеңейтудің тиімділігі мәдени-танымдық туризм орталығы ретінде экономикалық тетікті өңірді дамыту бойынша ұсыныстар әзірленеді. Тарихи ескрткіштердің, қалалардың тарихи маңыздылығын зерттеп, бүгінгі күнгі Қазақстан туризмінің дамуына қосар үлесі зор екендігін айшықтап көрсетеді. Қазақстан Республикасындағы туризм саясатын, мәдени-тарихи туризм саласындағы өзекті мәселелер мен оларды жүйелі шешу жолдарын талдауға талпыныс жасайды.
Түйін сөздер. Туризм саласы, мәдени-тарихи орындар, мемлекеттік саясат, туристік саясат
Кіріспе. Халықаралық туризмнің дамуымен және оның қоғамдық маңызы бар әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи, экологиялық феноменге айналуымен туристік қызметті оңтайлы реттеу мен басқару мәселелерінің өзектілігі артты. Мемлекеттік органдар туристік ағымдарды реттеумен ондаған жылдар айналысқанымен, қоғам өміріндегі туристік қызмет рөлінің едәуір өсуі және туризммен байланысты процестерге белсенді мақсатты түрде бағытталған ықпал етудің объективті қажеттіліктері ХХ ғасырдың 60-70 жылдары мемлекеттің жалпы әлеуметтік-экономикалық саласында сәйкес бағытты, яғни туристік саясатты анықтауды шарттады. Қазіргі таңда экономикасы дамыған елдер мен бірқатар дамушы мемлекеттерде мемлекеттік саясаттың экономика, әлеуметтік, мәдени, экологиялық, инновациялық және басқа да бағыттарымен қатар туристік саясат сыртқы және ішкі саясаттың ажырамас бөлігі екендігі таңқаларлық жайт емес.
Дүниежүзілік туристік ұйым әзірлеген классификацияға сәйкес саяхаттау мақсаты бойынша туризм мынадай топтарға бөлінеді:
- рекреациялық мақсаттар:
· танымдық туризм;
· білім туризмі;
· спорт туризмі;
· шытырманға толы туризм;
· экзотикалық туризм;
· экологиялық туризм;
- әлеуметтік мақсаттар;
- іскерлік және кәсіби мақсаттар;
- туған-туыстары мен таныстарына қонаққа бару;
- дін (зиярат ету) [1].
Жоғарыда көрсетілген туризм түрлерінің әрқайсы адам үшін әлемді жаңадан ашуға, қайтадан ұғынуға мүмкіндік беріп, туризмнің ең басты қызметі – қайта қалпына келтіруді жүзеге асырады. Басқа елдің мәдениетімен, салт-дәстүрімен, тұрмыс-тіршілігімен және табиғатымен таныса отырып адамның рухани әлеми байи түсетіні ақиқат, яғни туризмде гуманитарлық әлеует негізі жатыр. Мәдени құндылықтар жүйесімен жақынырақ танысу мен ұғыну адам өмірін байыта түседі, білімін тереңдетіп, дүниетанымын кеңейтеді. Бүгінгі күнге дейін жеткен өнер туындылары мен тіл, жазу, өнер сияқты мәдениеттің басқа да құбылыстарын зерттеу, оларды әлемге паш ету арқылы мемлекеттер өткен кезеңдер, ондағы халық тұрмысы мен өмірі, әдет-ғұрыптары мен нормалары туралы білімдерін жетілдіріп, этнос және ұлт негізін нығайту мақсатында жұмыс жасап келеді.
Мемлекетте дұрыс жүргізілген саясат негізінде туризмнің дамуын, оның заманауи әлемнің экономикалық тиімді құбылыс екендігін, мемлекеттер дамуының экономикалық кезеңдері мен оларда туризм дамуының тиесілі ерекшеліктері арасындағы корреляцияны анықтаған америкалық экономист П.Ротоу әлем экономикасының бес нарығына (тауар нарығы, қызмет көрсету нарығы, капитал нарығы, құнды қағаздар нарығы, жұмыс күші нарығы) да ықпал ететіндігін көрсетті.
В.А.Черненко мен Т.Ю.Колпащикова «Развитие культурно-познавательного туризма в Северо-Западном федеральном округе Российской Федерации» атты монографиясында туризм саласында жүргізілген зерттеулерінің нәтижесін жариялай отырып, туризмге, оның ішінде мәдени-танымдық, тән мынадай ерекшеліктерді анықтаған:
...