Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы

Автор:   •  Сентябрь 30, 2021  •  Реферат  •  1,194 Слов (5 Страниц)  •  1,929 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

Факультеті: « Экономика және Бизнес жоғары мектебі»

Кафедрасы: «Бизнес және технология»

Реферат

Тақырыбы: «Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы.

   

     

 Орындаған: Ерсін Айгерім

Тексерген: Маликов Бақытжан

Алматы, 2021 ж.

[pic 2]1992 жылдың 4 маусымында егеменді Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздері қабылданды, бір күннен кейін 1992 жылдың 6 маусымында Абай атындағы Алматы опера және балет театрында мемелекеттік рәміздердің ресми таныстырылымының салтанаты өтті. Қоғамдық бірегей феномен ретінде мемлекеттік рәміздердің терең тарихи тамырлары бар және ол қазақстандық қоғамның дамуымен тығыз байланысты екені белгілі.

Мемлекеттік рәміздердің қалыптасуына жүздеген, мыңдаған жылдар жұмсалған. Ежелгі заманнан бері ту біріктіру, өзіңнің қарсыласыңды үрейленлендіру, нақты мемлекеттік қалыптасудың сәйкестендіруінің қызметін атқарды. Ең көне ту шамамен б.з.д 3000 жылдарға жатады және 1972 жылы Иранның аумағында табылды. Ол металдан жасалған, көлемі 23*23 сантимерді құрайды, бүркіттің, екі арыстанның, әйел құдайдың, үш нәзік жан мен бұқаның суреті бар. Қазақстанды біздің дәуірлерімізге дейінгі ғасырларда VIII-III ғасырларда қоныстанған сақ-сармат тайпаларының өзіндік туы бар. Көшпенділер – ғұндардың (прототүріктер) ақ жалаулары болған. Қазіргі түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақтардың ата бабалары саналатын түріктерде (VI-VIII ғғ.) көк, жасыл, сары және басқа түсті өздерінің тулары болған. Қимақ пен қыпшақ мемлекеттік бірлестіктерінің (IX-XII ғғ.) нышандарында сабақтастық сақталған. Шыңғысханның жалауы үшбұрышты ақ мата түрінде жасалған, онда ұлы қолбасшы руының тотемі аңшылық сұңқар бейнеленген.

[pic 3]Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін басқарудың жаңа мемлекеттікәкімшілік жүйесі орнатылып, бұл өз кезегінде нышанның дамуына елеулі әсер етеді. Империяның бір бөлігі ретінде Қазақстанның аумағында Ресей мемлекетінің мемлекеттік нышаны пайдаланылды. Келесі кезең ҚСРО құрылуымен тығыз байланысты. Казақ Автономдық Кеңес республикасы РКФСР мемлекеттік нышандарын қолданған болатын. 1936 және 1978 жылдардағы Конституциялар Қазақ КСР туы, елтаңбасы мен әнұраны туралы ережелерді бекітті. Ту үш көлденең жолақты ен түрінде жасалған: жоғарғысы және төменгісі қызыл түсті, ал ортасындағы көкшіл келген. Жоғарғы тұсында орақ пен балға, олардың үстінде бес бұрышты жұлдыз бейнеленген.

[pic 4]Қазақстанда тұңғыш рет ресми түрде 1842 жылдың 7 қыркүйегінде қабылданған Петропавл қаласының елтаңбасы бекітілді. Кеңестік билік жылдары елтаңбалардың сәйкестендірілуі орын алды. Қазақ КСР ортақ елтаңбасы басқа мемлекеттік рәміздердермен бір уақытта бекітілді (1936, 1978 жж.).

Қызыл түстім елтаңбада орақ пен балға, сәуле, жиектері масақ түрінде бейнеленген және қазақ пен орыс тілдерінде «Барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер!» деген жазбалары бар.

Елтаңбаның жоғарғы тұсында бес бұрышты жұлдыз, ал оның төменгі жағында «КССР» мен «ҚССР» орналасқан.

[pic 5]Мемлекеттік Рәміздер –  мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді.

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады.

...

Скачать:   txt (16.7 Kb)   pdf (2 Mb)   docx (1.9 Mb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club