Менің отбасым тарихы
Автор: Зулфия Сопиева • Сентябрь 19, 2023 • Эссе • 1,540 Слов (7 Страниц) • 120 Просмотры
Менің отбасымның тарихы
9 мамыр - фашистік Германия Ұлы Отан соғысында тізе бүккен күн. Бұл күн ТМД елдерінде атақты күн болып, тойлап өтіледі. Осы жылы ұлы мерекенің 70-жылдығын тойлаймыз. Бұл күнді айрықша құрметпен еске аламыз.Соғыс қаһармандарының ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Олардың Отан үшін жанын қиғанын мәңгі естен шығармаймыз. 1941 жыл 22 маусым фашистік Германия соғыс жария етпей, қиянатпен баса- көктеп кірді. Ұлы Отан соғысы басталды. Ең алдымен фашисттердің шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылары болды. Олар арасында қазақстандықтарда бар еді. Қанды соғыс 1418 күнге созылып, КСРО бойынша 27 млн адамның жастығын құртты. Мыңдаған отбасылары атасынан, баласынан, жұбайынан айрылды. Аналар өмір бойы баласын күтіп есік қарап өтті. Соғыс аяқталғанына 70 жыл болды, бірақ оның қасіреттері ұмтылғаны жоқ. Себебі бұл соғыстың жалыны әсер етпеген шаңырақ болмады. Менің әңгімем соғыс зардаптарын бастан өткізген Мухитдинов Жалил атамның шаңырағына байланысты. Мен бұл мәліметтерді әжемнің әңгімелері мен марқұм атамның жазбаларына негізденіп жаздым. Атамның жазуынша бай- дәулетті Шайх Мухитдин мен Лежаб ана шаңырағында 5 ұл 1 қыз болған екен. Атамның атасы Шайх Мухитдин ерте қайтіс болыпты . Атамды ағалары еркелеп , сүйіп бағып-қақыпты. Кеңес үкіметі дәуірінде отбасының мал-дүниесін жаңа үкімет тартып алады. Содан кейін Шайх Мухитдин шаңырағы ашаршылық пен кедейлікті бастан өткізіпті. Енді тұрмыстары жақсыланып өмір сүріп жатқан кезінде соғыс басталыпты. Соғыстың алғашқы айларында атамның екінші ағасы Халилбектен «қара хат» келеді. Ағасы 1939 жыл әскери қызметке шақырылып, совет-фин соғысында болған екен. Содан соң қызметті Одессада жалғастырыпты. Әскери қызмет мерзімі бітіп үйіне оралмақшы болғанда соғыс басталыпы. Халилбек Молдавия ССРның Тирасполь қаласы үшін болған қанды шайқаста ерлекпен қаза табады. Бұл жайлы кейірек оның құрдас досы манкенттік Шеров Қозы ата айтып берген екен. Атамның әжесі, Лежаб анамыз : «менің ұлым әскери қызметке кетіп жатқанда артынан жылап қоштасқан едім. Осы үшін ұлымнан жаман хабар келді. » деп өкінген екен. Соғысқа байланысты әскери мобилизация жарияланғаннан соң атамның ағалары бірінен - кейін бірі майданға аттаныпты. Алдымен Шафқат ағасы, кейін Умрбек ағасы соң Мадалим ағасы майданға кетіпті. Атамның әжесі ұлдары майданға аттанғанда жыламапты да, қоштаспапты. Үлкен әкесі Шафқат 1944 жылы қантар айында аяғынан жарақаттанып, мүгедек болып қызметтен босатылады. Мадалим ағасы Шығыс Қайырдағы кеңес-жапон соғысында қатысып, 1949 жыл желтоқсанда аман-сау үйіне оралады. Бірақ атамның Умрбек ағасынан 1942 жыл Мәскеуден хат келген бойы хат-хабар болмапты. Лежаб анамыз ұлының оралуына сеніп өмір сүрген екен.
...