Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің отбасымның тарихы

Автор:   •  Февраль 5, 2022  •  Сочинение  •  1,400 Слов (6 Страниц)  •  640 Просмотры

Страница 1 из 6

                                   «Менің отбасымның тарихы»

«Үйдің жақсысы-ағашынан,жігіттің жақсысы-нағашыдан»,-деген дана қазақпыз ғой,шіркін! Бұл сөз маған тиесілі сияқты,неге десеңіз,сəби күнімнен сол кісілердің аялы алақанын көріп,ғибратты сөздерін ойыма түйіп келемін.Қасиетті қара шаңырақ-осы күнге дейінгі талай қиыншылық пен бақытты сəттердің куəгері.Ал сол шаңырақтың отағасы- үлкен нағашым. Атам өте еңбекқор жəне əр нəрсені өз жөнімен істей білетін,ысырап-обал сөздерін жете түсінген,өмірден көргенінен санаға түйгені көп ерекше жан.1945 жылы 9-мамыр  неміс фашисттерін жеңген соң,тура 38 күннен кейін атам дүниеге келіпті.Бізге өзі өмірде көрген білгендерін айтып отыратын дария кісі бір жолы өз өмірін баяндады.Сұм соғыс ешкімді аямай, бəрінен жақындарын тартып алды,баланың көз жасы,ананың көз жасы оның қаперіне де кіріп шықпады.Өте қорқынышты түс көріп,оянғандай болған халыққа өз жұмысын қайта жандандыру қиын болды. Үлкен кісі көзімен тамақсыз,аш-жалаңаш,көше кезген адамдарды елестетудің өзі не деген сұмдық,ал атам ол кезде сəби болған .Үйлер қиранды,жетіскен жұмыс та,жетіскен жағдай да жоқ. 14 жасқа келгенде əкесінен айырылып,өзінен кейінгі іні-қарындастарын асырауға анасына көмектесу үшін қара жұмыс жасап, не ұйқысыз,не күлкісіз күндерін айтып,көзінен еріксіз жас ақты Иə, атам осы кезеңді көз алдынан қайта өткергендей айтып береді.Себебі,біздің осы күнге шүкіршілігіміз,алғысымыз арта түсе,ата-баба ерлігін еш ұмытпаймыз! «Білім таусылмас кен,ақыл таусылмас тон»-,демекші,білім қай заман болмасын өте құнды.Бірақ, ол  кезде білім алу қиынның қиыны болыпты,əр балаға мектепке бару бұйыра бермепті.Жалаң аяқ,жыртық-жамау киіммен,берілетін бір дəптер мен сияны ұзақ уақытқа жеткізіп келген екен.Ұн,нан деген нəрсе болды,ақшасы  жеткен адам ғана алатын заман..Мектепке жүгері қуырып алып барып,қарны ашқанда соны жеп жүреміз-,дейді атам.Мектептен бөлек: жүгеріні диірменнен өткізіп,ұн жасап,нан пісіру,үйге,іні-қарындастарына да қарау атамның мойнында екен.Үйдегі ер адамға түсетін ауыр жүкті атам өзі арқалаған көрінеді,анасына деген қамқорлықты осы кісілерден үйренуіміз керек секілді.Иə ,ол заман өтті,бейбіт өмір,тəу ететін тəуелсіздігіміз де өз қолымызда.Аллаға сансыз шүкір!Жеңістің арқасы бүгінде қиындық атаулының  ешбірін көрген жоқпыз.Əр нəрсеге обал,ысырап тұрғысынан қарамаймыз.Ұнымыз да,нанымыз да əр қазаққа жетіп жатыр,қатып қалса лақтырып жібереміз.Жасөспірім балалар жұмыс дегенді білмейді.Дəптерімізді екі бет асса,толық бітпестен  өртеп жібереміз,ол болмаса тастай саламыз.Киіміміз көк,тамағымыз тоқ.Білім алуға ынтамыз болса болды,мектеп бізге құшағын айқара ашуда.Телефонның құрсауынан шыға алмай,ата-анамызды да ұмытып кететін болдық.Осы нығметті Ұлы Жеңістің өр тұлғалы батырларының  арқасында көріп отырмыз.Бұл біздің санамыздан еш кетпейді.Үйде бос отырсақ атамыздың əңгімелерін естуге құмармыз.Отбасымызда соғыс ардагерлерін,тыл ардагерлерін құрметтеу ерекше мəнге ие.Ауылымыздың  аса қадірменді ақсақалдары,əрі кешегі күннің батырлары болған аталарымыз:Нұрбаев Ұя, Оңалбаев Сатыш,Мұсабеков Қабыл,Бөрібаев Нұрқияс,Шөпшекбаев Əбітбек,Əлімқұлов Намазалы,Елібаев Құлатай,Əдірəсіл Мырзақұл дария кісілеріміз.Əр жылы 9-мамыр-жеңіс күнінде мəңгілік алау жағылып,мектеп алдындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып,батырларымызды үнсіздікпен еске аламыз.Бұл бізе ата-апаларымыздан қалған үлгілі іс,оны жалғастыру біздің міндетіміз.Біз отбасымызбен дəл сегізінші мамыр күні бір-бір талдан ағаш егеміз.Бұл дəстүлі іс атамның мына қағидатына негізделген: «Атасын сыйлаған абыройға бөленер».Ерлік ешқашан ұмытылмайды,оны əрқашан есте сақтаса!Ұлы Жеңісте,осы күнде бізге оңайлықпен келген жоқ.Бабалардың қаны,аталарымыздың жаны пида болған бұл сұм соғыс бүгінгі «Мəңгілік елдің» жастары үшін болған соғыс.Қанымен тарихты лайлаған соғыс-Отан үшін болған соғыс.Ананың көз жасына қалған соғыс-тəуелсіздік үшін болған соғыс.Қазақтың қара баласын қынадай қырған бұл соғыс-адамдық үшін болған соғыс.Ұлы Отан соғысы-адамзат баласын бір алақан етіп біріктірген,бір мүдде үшін айқастырған жалғыз соғыс.Бұл соғысты,бұл жеңісті ұмыту:адамдық пен адалдықтан ада болуды,елдігіміздің түкке тұрғысыз болуын білдіреді.Ал елдігіміз болмаса,біз кімбіз?Сондықтанда ол ұмытылуы тиіс жайт емес.                                                                                                                                                   Біздің елдің тарихы-əр қазақстандықтың кішігірім тарихынан тұрады.Тарихсыз-алға басу болған емес,болмайды да.Əр қазақ өз тарихын білсе,құрметтесе міне сонда Отанымыздың көркеюіне нұр үстіне нұр болатын еді.                                                                                           Қорытындылай келе:«Тарих болашақтың  ең құнды қазынасы».Тарихты ұмыту-өзін-өзі ұмытқанмен бірдей деп ойлаймын.Тарихты білейік,ұмытпайық,ешкімде ұмыт қалуға тиісті емес.Бұл шығармамды авторлық туындыммен аяқтасам деймін:

...

Скачать:   txt (9.9 Kb)   pdf (47.3 Kb)   docx (15.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club