Менің болашақ отбасым
Автор: Bektaeva • Декабрь 6, 2021 • Эссе • 279 Слов (2 Страниц) • 4,427 Просмотры
Орындаған: Бектаева Айнұр Құттыбекқызы
Тобы: КД-112К
СӨЖ: эссе (Менің болашақ отбасым)
Менің болашақ отбасым
Адамның бұл өмірдегі маңызды қадамдарының бірі- отбасын құру. Оны берік сақтау әр адамның өз қолында.
Отбасы деген не? Мен үшін отбасы- жанға жақын жылы адамдар, керемет көңіл-күй, баланың күлкісі мен күйеуінің әйелін еркелетуі, әкесі кішкене баласының қолынан ұстап жүруді үйретуі, анасының қыздарымен сырласып, оларды тәрбиелеуі, әженің немересін құшағына алуы мен атасының барлығын бірлікте, ақыл айтып өсіруі. Отбасы- адамның күре тамыры. Адам өміріндегі ең қызықты, ең маңызды сәттер де отбасында орын алады. Сондықтан отбасыны дұрыс құра білу қажет. Менің де алдыма қойған мақсаттарымның бірі- осы.
Ал енді менің қиялымдағы болашақ отбасым жайлы сөз етейін. Мен оқуымды бітірген соң тұрмыс құрамын. Болашақ жарым да белгілі бір мамандық иесі болады. Ол жанның қазақтың қайсар бір жігіті болары анық. Жанұямызда теңсіздік деген атауымен жоқ болатынына сенімдімін. Егер мүмкіндік болса екеуіміз де жұмыс жасап, болашағымызға қаржы жинаймыз. Өзіміздің кішігірім кәсібіміз болады. Ол тек уақытша емес, атадан балаға мұраға қалатын отбасылық кәсіп болады. Бұйыртса, көп балалы отбасы боламыз. Әр баламыздың жеке дамуына мүмкіндік жасаймыз. "Балапандарымыздың" өз қызығушылықтарын ескере отырып, қазіргі қоғаммен бірге дамуына көмектесеміз. Сонымен қатар, салт- дәстүрімізді де үйретемін. Болашақ балаларымызды елін сүюге баулитын боламын. Отбасымызда ұрыс- керіс орын алмайды. Керісінше махаббатқа толы, сыйластығы мол жанұя боламыз. Балаларымыздың таңдауына қарсы болмаймыз, тек қате жол таңдамауын қадағалап отыратын боламын. Осылайша олардың тәтті қылықтары мен өзіне жарасымды бұзықшылықтарына тамсанып жүріп талай жылдар өтеді. Біз қартайып, сүйкімді шал мен кемпірге айналамыз... Ал балаларымыз есейіп, бізге қолқанат болып жүреді. Олардың әр жетістігіне, өмірде өз орнын таба алғанына және ең бастысы сондай балаларды тәрбиелеп өсіргенімізге риза болып, бұл өмірден де өтермін....
...