Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің отбасым және Наурыз мерекесі

Автор:   •  Сентябрь 8, 2020  •  Эссе  •  597 Слов (3 Страниц)  •  4,424 Просмотры

Страница 1 из 3

Менің отбасым және

Наурыз мерекесі

22 Наурыз күні қазақ халқы Наурыз мерекесін атап өтеді.

Наурыз - қазақ халқының ұлттық мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша бұл күні күн мен түн теңеледі. «Самарқанның көк тасы жібіп», табиғаттың бәрі жаңарады. Алғашқы көк шығып, көктемгі гүлдер жаңа тоқылған кілемдей түрленіп жайнайды, жануарлар төлдейді. Осының бәрін адамдар қуанып қарсы алады. Наурыз тойын тойлаудың алдында, көрісу дәстүрін, яғни қыстан аман-есен шықтық деп, 14 наурыз күні көрісу мейрамын өткіземіз. Сонымен қоса ауланы тазалап, үйді адыраспанмен, жусанмен, басқа да қасиеті бар шөптермен аластаймыз. Наурыз тойында ауылдан атам мен әжем келеді, оларды әкем, анам және мен үшеуміз қарсы алып, мейлінше қонақ етіп күтуге дайындаламыз. Дәстүріміз бойынша қонақ күте білу де тәрбиелік мәні зор өнегелі іс.

Қазақ халқы Наурыз мерекесін тарихшылардың айтуынша ғұндардың заманынан бері Жаңа жыл басы ретінде тойлап келген. Атам заманнан бері келе жатқан Наурыз мейрамын біз отбасымызбен қалдырмай, әр жыл сайын атап өтеміз. Біздің отбасымыз үшін Наурыз мейрамы үлкен мағынаға ие. Бұл мереке кезінде Наурызкөже пісіріп, қонақ күтіп, оларға амандық пен бақыт, жер бетіндегі бар жақсылықты тілейміз. Біздің отбасымызда Ұлыстың Ұлы күні дайындалатын қасиетті ас - Наурызкөже. Оған жеті түрлі дәм: тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш, тұз бен су секілді дәмдер қосылады. Неге Наурызкөжеге 7 түрлі дәм қосылады? Өйткені түркі халықтарының ырымында жеті - киелі сандардың бірі. Міне, сондықтан Наурызкөже аса қасиетті тағам ретінде саналады және ол - ырыс-құттың белгісі. Әлі есімде, 2008 жылы мен 6 жаста болғанда ең алғаш рет халықтың Наурыз тойын мерекелегенін көрдім. Наурыз тойын көруіме себепкер болған менің інім Ерасылдың тұсауын кесу рәсімі болатын. 2008 жылы Наурыз мерекесінде көпшіліктің алдында елге сыйлы бір кісіге інім Ерасылдың тұсауын кескізу үшін Наурыз алаңындағы тойға бардық. Тұсау кесу рәсімін жасауға әжем ырымдап көрші, өнегелі, көп балалы ана, ауданымызға құрметті кісі Ләззат апаны таңдаған болатын.

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (36.3 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club