Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көшпелі қазақ шаруаларының жаппай отырықшылыққа көшуі

Автор:   •  Ноябрь 6, 2020  •  Курсовая работа  •  3,375 Слов (14 Страниц)  •  1,000 Просмотры

Страница 1 из 14

“Ғ.Дәукеев атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ”

Коммерциалық емес акционерлік қоғам

Қазақсан тарихы және мәдениеті кафедрасы

Студентің Өзіндік Жұмысы №1                                              

Пәні: Қазіргі Қазақсан тарихы

Тақырыбы: Көшпелі қазақ шаруаларының жаппай отырықшылыққа көшуі.

Мамандығы: Ғарыштық техника және технологиялар

Тобы: КТТк-20-1

Орындаған: Бекболат.А. Тобы: КТТк-20-1

Қабылдаған: профессор: Б. Берлібаев

                                                                                                                                                                                           

________      _________ “____” __________20___ж.

(бағасы)                 (қолы)

Алматы 2020

Жоспар:

  1. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру
  2. Қазақ АКСР ОАК-нің  2- ші сессиясы.
  3. Бюрократиялық және әкімшіл-әміршілдік көзғарастар.
  4. Қазақстандағы жаппай күшпен отырықшыландыру.
  5. Күштеп отырықшыландыру.
  6. Қазаө
  7. Қазақстандағы көші-қон мәселесі
  8. Қортынды. 

КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ШАРУАЛАРЫНЫҢ ЖАППАЙ ОТЫРЫҚШЫЛЫҚҚА КӨШУІ.

       Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыруға ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болды. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңдай, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адамға жетты. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсуге ықпал етті.

       Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданған болатын. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың қазақтың көшеплі және жартылай көшпелі қожалықтарын отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы кезеңде нақты отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру үрдісін Бүкілодақтық екпінді шараға айналдыруға барынша күш салды. Осы мақсатпен жергілікті жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі халықтар арасындағы отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды. Алайда, мұның ешқайсысы да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Орталық бұл жылдары жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы орынға қойды. Республика басшылығының ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру ұжымдастыру негізінде жүзеге асыру талап етілді.

...

Скачать:   txt (45 Kb)   pdf (155.8 Kb)   docx (20.9 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club