Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны

Автор:   •  Декабрь 9, 2020  •  Контрольная работа  •  3,955 Слов (16 Страниц)  •  711 Просмотры

Страница 1 из 16

                   Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам

                                  ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ

                        АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

                                              УНИВЕРСИТЕТІ

                                  Әлеуметтік пәндер кафедрасы

        

                          №1 С Е М Е С Т Р Л І К     Ж Ұ М Ы С

                    Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі,Қашқария)

Мамандығы: Электротехника және энергетика        

Орындаған: Тасболат Шерхан Оспанұлы            Тобы: ЭЭк 20-7        

                                                           (Аты-жөні)

Тексерген: т.ғ.қ. проф. Берлібаев Б.Т

                                          (Аты-жөні, атағы, қызметі)

«16»          қазан          2020ж                                                

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               Алматы 2020                         

Жоспары;

Кіріспе        

Қазақ диаспорасы

Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер

Қазақтардың Қазақстан аумағынан тыс жерлерге қоныс аудару себептері

Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы

Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі

Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу ерекшеліктері

Құлжа

Қашғария

Ауғанстандағы қазақтар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Төмендегі материалдар қазақ жерінде болған оқиғаларды және қарапайым халықтың тағдырын таразылай отырып, белгілі бір тарихи-оқиғалық тұтастығы бар кезеңдерді ретпен баяндап береді. Қазақ диаспорасы, шетелде қазақ диаспорасының қалыптасуы жөнінде жалпы мәлімет беріліп кетеді де, басты тақырып талқыланады. Олар қазақтардың басқа шекаралас елдерге қоныс аудару себептері, Қытай және Ауғанстан жеріне көшу. Қазақ халқына ауыр күндер тап болады. Аштық, ашаршылық, жетіспеушілік. Мұның бәрі халықтың шекаралас елдерге қоныс аударуына әкеп соғады. Негізі қазақ халқының қанына сіңген көшпелі өмір. Бірақ көшу барысының өзі оларға оңайға соққан жоқ. Шекарадан асу үлкен бір ахуалға айналып, көтеріліс болып, бірнеше мың адам қаза тапты. Қытайдың Құлжа, Қашғар сияқты өңірлерін паналаған. Қытайға қоныс аудару туралы мәліметтерді табу оңайырақ болғанымен, Ауғанстанға көшу жайлы көп мәліметпен, анықтамалармен, дәлелдемелермен кәрсетілмеген. Қазақтар Ауғанстанда XIX ғасырдың 40 жылдарында пайда болды. Ондағы қазақтардың алғашқы тобын Кенесары ханмен Наурызбай батырдың жасақтары құраған еді. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, қазақ сарбаздарының бірқатары патша үкіметі жазалаушы отрядының құғын-сүргінінен құтылу үшін Ауғанстанға асып кетті. Ал Қытайда болса,XIX      ғасырдың аяқ кезінде жүз мыңға жуық қазақ тұрды.XIX ғасырдан бастап біртіндеп көшкен болса,1916 жылы патшаның құғын сүргініне шыдамай бірнеше мыңға жуық қазақ қоныс аударып кетті. Қытайдағы қазақтар мал шаруашылығымен айналысты.

Қазақ диаспорасы

Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан ҚытайғаОрталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан РесейгеҚытайғаӨзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қазақ диаспорасы жартылай этникалық, мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ.

...

Скачать:   txt (46.2 Kb)   pdf (125.8 Kb)   docx (22.5 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club