Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының табиғат жағдайлары

Автор:   •  Октябрь 3, 2024  •  Лекция  •  45,266 Слов (182 Страниц)  •  44 Просмотры

Страница 1 из 182

МОДУЛЬ 1. Қазақстан Республикасының табиғат жағдайлары

Лекция 1. Кіріспе. Қазақстанның геологиялық құрылысы жер бедері, табиғатына жалпы сипаттма. Геологиялық тарихы. Тектоникалық аудандастыру. Пайдалы қазбалар. Пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтары.  – 2 сағат.

        Қазақстан Республикасы – қазіргі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ішіндегі ірі республикалардың бірі болып табылады. Ол Еуразия құрлығының ортасында орналасып, ауданы 2724,9 мың кв.км. – ді қамтиды. Республика қоңыржай белдеудің оңтүстігінде – 550241 с.с – тен 400591 солтүстік ендікке және 460321 ш.б - тан – 870161 шығыс бойлыққа дейін созылып жатыр.

Қазақстан Республикасының ауданы жалпы алғанда, төмендегі еуропалық мемлекеттердің: Франция, Швеция, Испания, Германия, Финляндия, Италия мен Ұлыбританияның ауданына сәйкес келеді.

Республиканың табиғи жағдайы да алуан түрлі – құрғақ субтропиктен таулы тундраға дейінгі табиғи кешендерді кездестіруге болады. Табиғи кешендерінің, табиғи ресурстарының, физикалық-географиялық үрдістерінің алуан түрде кездесуі, ең алдымен, оның құрлдықтың ортасында орналасуымен және көлемінің үлкен болуымен айқындлады. Жер қойнауында кездесетін пайдалы қазбаларының таралуы, алуан түрлілігі оның тарихи кезеңдегі геологиялық даму ерекшелігімен тығыз байланысты.    

 Тектоникалық аудандастыру

Қазақстан Республикасының тектоникалық аудандастыруына арналған ғылыми еңбектерде біріне-бірі кереғар келетін, айтарлықтай келіспеушілік байқалмайды. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет - зерттеуде тарихи әдісті пайдаланған. В.Ф.Беспаловтың (1971) тұжырымы бойынша, осы ғылыми еңбектерге тән ерекшелік: жер қыртысының негізгі құрылымдық элементі ретінде геосинклиндердің орнында пайда болған қатпарлы жүйелерді негіз етіп алу. Бұл жүйелер белгілі бір тектоникалық кезеңдерде қалыптасқан карелия, каледон, герцин, әлпі және т.с.с қатпарлықтардың нәтижесі болып табылады. Ғылыми келіспеушілік тек қатпарлықтардың соңғы  немесе аяқталу уақыты туралы ғана, яғни эпигеосинклиндік-орогендік құрылымдардың уақыт тұрғысынан алғанда қаншалықты мерзімді қамтығандығы туралы әралуан мәліметтердің кездесуін ғана атап кетуге болады.

Осы көзқарасқа сүйеніп, Қазақстан аймағын фанерозой кезеңінің екі ірі құрылымдық элементіне жіктеуге болады: Шығыс Еуропа платформасы және Орал-Моңғол қатпарлы белдеуі.

Шығыс Еуропа платформасы ТМД мен Скандинавия түбегінің бірталай бөлігін қамтып, Қазақстан аймағына өзінің оңтүстік-шығыс бөлігімен еніп жатыр. Осы аймақта ол Орал-Моңғол қатпарлы белдеуімен шектеседі. Олардың түйісу шекарасын мезозой мен кайнозойдың құндақталған шөгінді тау жыныстары көмкеріп жатыр. Шығыс Еуропа платформасының негізін, яғни кристалды іргетасын архей мен протерозой жасындағы қатпарлы кешендер құрайды. Геофизикалық мәліметтердің нәтижесінде платформа іргетасының қатты тілімденгендігі анықталды. Дегенмен, кейбір ғалымдырдың болжамы  бойынша, оның Каспий маңы ойпатында, яғни Қазақстанға еніп жатқан бөлігінде, архей-протерозой жасындағы қатпарлы құрылымдар кездеспейді.

Орал-Моңғол қатпарлы белдеуі Шығыс Еуропа эпипротерозой платформасын Сібір платформасынан, ал соңғысын Тарым, Қытай - Корея платформаларынан бөліп жатыр. Н.С.Шатский оны Орал-Тяньшань қатпарлы облысы, ал М.В.Муратов Орал-Моңғол қатпарлы белдеуі деп атайды.

Грампиан-Аппалач, әлпі-Гималай (немесе Жерорта теңіздік) және Тынық мұхиттық белдеулер сияқты, Орал-Моңғол белдеуі Жер қыртысының өте ірі қатпарлы белдеулерінің қатарына жатады. Ол доға іспеттес, бүкіл Еуропа мен Азия құрлығының орта тұсында созылып жатыр. Шығысында Тынық мұхиттық белдеудің құрамына енетін, меридиандық бағытта созылып жатқан Сихотэ-Алинь қатпарлы облысынан терең  жарылым арқылы бөлініп; ал оңтүстік-батысында Маңғыстау-Тарым жүйесі арқылы әлпі-Гималай қатпарлы белдеумен шектеседі. Орал-Моңғол қатпарлы белдеуінің көп бөлігін эпигерцин платформасының іргетасы құрайды.

...

Скачать:   txt (682 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (199.7 Kb)  
Продолжить читать еще 181 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club