Көкірек орта
Автор: Zhuldyz948447829 • Октябрь 15, 2023 • Реферат • 313 Слов (2 Страниц) • 195 Просмотры
Қарағанды медицина университеті
Морфология және физиология кафедрасы
[pic 1]
РЕФЕРАТ
«Көкірек орта»
Орындаған: Жақсылық Ж.Ғ.
Факультет: ОМ 2-014
Тексерген: Шапатова.Г.Б.
Қарағанды 2023
Көкірек орта (mediastinum)- бұл кеуде қуысында төс сүйегі мен омыртқа бағанының арасында орналасқан, бүйірінен плевралық көкірек орта жапырақшаларымен шектелген мүшелер кешені.
Клиникалық тәжірибеде оның 2 бөлігі ажыратылады: алдыңғы және артқы көкірек орта (mediastinum anterius et mediastinum posterius). Кеңірдектің және басты бронхтардың алдыңғы бойымен жүргізілген шартты жазықтық- олардың шекарасы болып табылады.
- Алдыңғы көкірек ортада: кеңірдек, басты бронхылар, жүрек, айырша без, жоғарғы қуыс тамыр, иық-бас тамырлары, қолқа доғасы, көкеттік жүйкелер.
- Артқы көкірек ортада: өңеш, қолқаның кеуделік бөлігі, кезбе жүйкелер, симпатикалық өрімдер, сыңар және жартылай сыңар тамырлар.
Төс бұрышы мен омыртқа аралық дискілердің арасында өтетін шартты жазықтық 4-5 кеуде омыртқалары тұсында жоғарғы көкірек орта (mediastinum superius), төменгі көкірек орта (mediastinum inferius) деп ажыратылады.
Ал төменгі көкірек орта келесі бөлімдерге ажыратылады: алдыңғы көкірек орта (mediastinum anterius), ортаңғы көкірек орта (mediastinum medium), артқы көкірек орта (mediastinum posterius).
- Жоғарғы көкірек ортада орналасады: айырша без; жоғарғы қуыс тамыр; оң және сол иық-бас тамырлары; қолқа доғасы және оның тармақтары- иық-бас сабауы, сол жақ жалпы ұйқы артериясы, сол жақ бұғана асты артериясы; кеңірдектің кеуделік бөлігі; өңештің кеуделік бөлігінің жоғарғы бөлімі; кезбе жүйке және өңешті жүйкелендіретін кезбе жүйке сабаулары; көкет жүйкелері; жартылай сыңар және қосымша жартылай сыңартамырлары; симпатикалық сабаудың кеуделік бөлігінің жоғарғы бөлімі; ішкі кеуделік және жүрекқап-көкеттік қан тамырлар.
- Төменгі көкірек ортаның алдыңғы бөлігінде ішкі кеуделік артерия мен тамырлар, лимфалық өрімдер орналасады.
- Төменгі көкірек ортаның ортаңғы бөлігінде: жүрекқап, жүрек, ірі қан тамырлардың жүрекқапішілік бөлімдері; кеңірдек бифуркациясы; басты бронхтар; өкпелік артериялар мен тамырлар; көкет жүйкелері; көкет-жүрекқап қан тамырлары; төменгі кеңірдек-бронхтық және бүйірлік жүрекқаптық лимфалық өрімдер.
- Төменгі көкірек ортаның артқы бөлігінде: кезбе жүйке және өңешті жүйкелендіретін кезбе жүйке сабаулары; қолқаның кеуделік бөлігі; жартылай сыңар тамыр бөлігі; сыңар тамырдың бөлігі; симпатикалық сабаулардың кеуделік бөлігі.
...