Киелі өлке Қоныр әулие үнгірі
Автор: Gulim03 • Ноябрь 18, 2020 • Лекция • 5,405 Слов (22 Страниц) • 487 Просмотры
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы , Кеңгірбай би ауылы.
«Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ
Ғылыми жобаның бағыты: Киелі жердің туризімі және Қоңыр әулие үнгірі.
Секция: Тарих
Ғылыми жобаның тақырыбы : Киелі өлке Қоныр әулие үнгірі
Ғылыми жобаның авторы: Мұратбекова Гүлім Айтбекқызы
Ғылыми жобаның жетекшісі:
Уалиева Назкен Болатқызы
Шәкәрім атындағы орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі
«»
тақырыбына Шәкәрім атындағы
орта мектебінің тарих пәнінің
мұғалімі Уалиева Назкеннің
Пікірі
Шәкерім атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Мұратбекова Гүлімнің « Қасиетті қоңыр әулие үңгүрі» деген тақырыптағы ғылыми жобасының өзіндік орны бар.
Гүлім Қоңыр әулие үңгүрінің тарихи мұраларын,тылсым күшерін,суының қасиетін,көне аңыз оқиғаларын кәзіргі тандағы өмірмен салыстырып зерттеп оқып ізденген.
Қасиетті Қоңыр әулие үңгүрінің Абай,Мұхтар,Шәкәрімнің ізі қалғаны туралы,көне көз қариялардың аңыздары суының қасиетін. Тақырыпты өз ойыншы түсініп зерттеген.
Мұратбекова Гүлімнің өзінің ғылыми жобасы арқылы Қазақстандағы киелі жерлердің тарихын,емдік қасиетін, әлі де зерттелмеген киелі жерлердің бүгінгі жастарға үлгі етіп, тағзым етіп, құрметпен қарауға насихаттады. Қасиетті Қоңыр әулие емдік қасиеті туралы,шығу тарихы туралы, өзінше зерттеп тұжырымдаған. Гүлім Мұратбекованың ғылыми жоба тақырыбын ашуда әліде ізденуді қажет етеді.
Алдағы уақытта Гүлім осы жобаны зерттей отырып киелі Қоңыр әулие үңгүрі туралы тың деректерді оқып, зерттеуді кеңейте түседі деп сенемін.
Гүлімге табыс тілеймін.
Пікір беруші: Уалиева Назкен Болатқызы
Шәкәрім атындағы орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі
Мазмұны
Кіріспе_________________________________________________1-3.
I тарау. Киелі жердің туризімі
1.1. Қоңыр әулие үнгірі туралы деректер.
II тарау. Зерттеу бөлімі _______________________________4-15.
2.1. ҚАСИЕТТІ «ҚОҢЫР ӘУЛИЕ .
2.2. Қоңыр әулие мекенінің шығу тарихы.
2.3 Қоңыр әулие үңгірі жайындағы аңыз бен ақиқат
2.4Сенім,Абайдың қолтанбасы,шипалы көл суы.
Қорытынды__________________________________________16-17.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ___________________________ 18.
Қосымша ------------------------------------------19-22.
1
Кіріспе
I тарау. Киелі жердің туризімі
1.1.Қоңыр әулие үнгірі туралы деректер.
Қасиетті қарт Шыңғыстаудың әрбір сайы,тасы тарихқа толы сыр шерткен.Киелі Қоңыр әулие үңгіріне қатысты деректер. Үңгірге кезінде бұрынғы Ресейдің ғалымдары және саяхатшылары да көңіл бөліпті. Қоңыр әулие жайында 1892 жылы «Витебские губерненские ведомости» газетінің №63 санында дерек берілген, онда: «Қоңыр әулие – қазақтардың Семей маңындағы әулие үңгірі, онда адам бойындай әйелдің мүсініне тәу етуге, көптеген адамдар келіп жатады. Оның айналасы тастан жасалған ұсақ заттар, моншақ және қола мүсіншелер шашылып жатады. Әулие маңында құрбандық шалынады, індет болған жағдайда ауырған мал да осы жерге әкелінеді» делініпті. Бұған қарағанда үңгірді әулие санау тіпті қазақтан бұрынғы замандардан келе жатқан үрдіс болған сияқты. М. Әуезовтың «Абай жолы» романында Қоңыр әулиеге байланысты Қабанбай батырдың Абылай ханның жауынгерлік тапсырмасын орындап, Дарабоз атануы жайлы сюжет кездеседі. Сол сияқты кезінде Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында 1912 жылы өлкетанушы Виктор Брюхановтың мақаласы берілген. 1897 жылдан Семей қаласында тұрған ол Семейдегі қалалық училищенің 5-класын бітіріп, 1900-1904 жылдары Семей облыстық статистика комитетінде жұмыс істепті. 1904 жылы шаруалар бастығының іс-қағаздарын жүргізуші қызметін атқарған В. Брюханов Абаймен бірнеше рет жүздесіп, ақынның балалары, туған-туыстарымен, әсіресе, Турағұл, Шәкеріммен араласып тұрған көрінеді. Жалпы, Қоңыр әулие үңгіріне қатысты деректерде осы үңгір қабырғаларының бірінде Ұлы Абайдың арабша жазылған қолтаңбасы бар екендігі де айтылады. Ендеше Абай бұл үңгірге өзінің орыс достарымен де келуі әбден мүмкін ғой. Бірақ келушілер үңгір ішіне шырақтармен кіргендіктен, ол жазуларды ыс басып, көрінбейтін болған. Онда ол: «За Чингизским хребтом, обогнув с севера-запада подножие горы Актас и выйдя к речке Чаганка, можно увидеть вход в пещеру Коныр-Аулие. Хребет Актас («Белый камень») состоит из белой известковой породы и вполне оправдывает свое название: издалека заметен на зеленом фоне благодаря белизне своих вершин. ...Дальше дно пещеры покрыто огромными камнями. В десяти метрах от входа лежит каменный идол – каменная баба. «Калмак» – называют эту фигуру местные жители. Еще дальше, слева, второй сверток пещеры, в конце которого малое
...