Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Казахстанский юношеский чемпионат по боксу

Автор:   •  Январь 6, 2018  •  Доклад  •  870 Слов (4 Страниц)  •  704 Просмотры

Страница 1 из 4

1980-ші жылдың жазында Атырау қаласында бокстан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі өткен болатын. Жарыс қазіргі Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өтті. Мұндай деңгейдегі жарыстың қаламызда тұңғыш өтуі еді бұл. Жарысқа еліміздің кіл мықтылары жиналыпты. Бәйгені шаппай аламыз деп үміттеніп келгендердің ішінде еуропа чемпионы, КСРО-ның үшдүркін чемпионы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Лаптиев, КСРО біріншілігінің күміс жүлдегері Кривошейн мен Қазақстанның чемпионы Нұржановтар бар. Олжасыз қайтпаймын деп үміттеніп келгендердің бірі КСРО спорт шебері Купиделов болатын. Басқа да көптеген танымал боксшылар келіпті осы жарысқа. Облысымыздың намызын қорғау үшін он бір атыраулық боксшылар іріктеліп алынды. Жарыстың деңгейі жоғары болғандықтан ба білмеймін, әлде жолы болмады ма, әйтеуір Аманқос Қалиев пен Сүндеткерей Қасанғалиевтен басқалары алғашқы сайыстарда-ақ ұтылып қалды. Жанкүйерлердің ендігі үміті қалған осы екеуінде ғана. Әсіресе, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп келе жатырған 51 келідегі Сүндеткерейдің сайысы ерекше ұнады оларға. Дегенмен, осы салмақта өнер көрсетіп келе жатырғандардың ішінде жезқазғандық Сатыбалды Купидиловта бар. Соққысы ауыр, қимылы ширақ Сатыпалды  да қарсыластарын бірінен-соң бірін құлатып келеді. Ақтық айқаста екеуі кездесетін болар деген ой келді маған. Ақтық сайыс болатын күні көрермендер де ерте жиналыпты. Мәдениет үйінің жаны толған халық. Топ-топ болып жиналып алып бүгінгі сайысты талқылап жатырған біреулер. Сөздеріне құлақ түрсең: «Сүндет жеңеді!»,  «Жоқ, Купидиловтың соққысы ауыр. Бәрін құлатып келеді. Біздің балаға оңай түспес...»-деген болжамдар. Бірақ барлығының да ниеті сол Сүндеткерейдің жеңісін көру. Сағат онда жарыс басталып кетті. Жеңімпаз болғандар жастар арасындағы ел чемпионы деген атаққа ие болып жатыр. Екі-үш сайыстан кейін кезек 51 келі салмаққа да келіп жетті. Арбитр Купидилов пен Қасанғалиевты рингке шақырды. Залдың іші бір сәт тынышталып қалғандай. Сайыстың алғашқы минутында екі боксшы да тек қана алдыңғы қолымен жұмыс жасауда. Сатыпалды бірте-бірте Сүндеткерейді рингтің бұрышына қарай тықсыра бастады. Бір кезде оң қолмен қатты соққы жасады. Сүндеткерей бұғып үлгерді. Жылдам соққы басының үстінен зу ете өте шықты. Сөйтсе, Сүндеткерей қарсыласының оң иығын бақылап жүріпті. «Иығы қозғалған сәтте сол жағыма қарай басымды бұғып қалдым»-дейді, кейінол,-«...оң қолыменқ атты соққы жасады. Соққысының ауыр екенін аңғардым. Енді түсінікті болды. Сол қолымен ұрғыштап жүріп бір ашылған жеріңді сезгенде оң қолмен қатты соққы жасайды екен». Енді Сүндеткерей қарсыласын шабуыл жасауға өзі итермелеп бұрышқа қарай шегінді. Бір кезде Купиделов оң қолмен тағы да бір қатты соққы жасау үшін ұмтыла бергенде Сүндеткерей, алдыңғы әдісіне салып басын солға қарай бұғып қалды да оң қолымен тура соққы жұмсады. Қарсыласынан мұндай соққы күтпеген Купиделов тәлтіректеп кетті.  Басы артқа қарай бір сілкінді де дереу екі қолымен құшақтай алды қарсыласын. Қолының астынан сытылып шыққан Сүндеткерей тағы да бірнеше рет соққы жасап үлгерді. Әрбір соққысы қарсыласының басына, ішіне дөп тиіп жатыр. Сол кезде төреші сайысты тоқтата салып Купиделовке есеп ашты. Накдаун! Екінші раундта Сүндеткерейдің өзі шабуылдап қарсыласын ринг ішінде қуып жүрді. Қайта-қайта тиген соққылары есін жидыртар емес оның. Бір кезде төреші тағы да тоқтатып, екінші рет есеп ашты. Сайыстың қызған кезінде қарсыласын рингтің бұрышына тықсырған Сүндеткерей бірнеше соққының астына алды оны. Сатыпалдының  басы әрбір соққыдан соң оңды-солды бұлғақтап жатыр. Бір кезде төреші сайысты тоқтатты.  Сөйтсе, қарсыласының секунданты ринг ішіне орамал тастап, сайысты уақытынан бұрын тоқтатуын сұрапты. Таза жеңісдеген осы болды. Зал ішіндегі көрермендердің айқайы ештеңе естіртер емес. Тек қана төрешінің Сүндеткерейдің қолын көтергенін көрдім. Рингтен түсіп келе жатқанда бапкері Владимир Пактың бетінен сүйгенін көзім шалып қалды. Сірә, өзінің шәкіртінің сайысына көңілі толғаны шығар деп түсіндім. Арбитр біраз уақыт көрермендерді тыныштыққа шақырып үсті-үстіне гонкын соғып жатыр. Оған құлақ асып жатырған ешкім жоқ. Сайыс аяқталған соң да көрермендердің қуанышы біразға дейін басылмады. Сүндеткерейдің бұл жеңісі бәрінің рухын көтеріп тастады. Ақтық сайысқа шыққан келесі боксшы Аманқос Қалиев болса осы жарыста екінші орынды қанағат тұтты. Жарыс аяқталған соң қайтып бара жатырған жанкүйерлер аялдамаға дейін, тіпті біреулері жаяулатып үйлеріне дейін осы сайысты әңгіме етіп барады. Бәрінің аузында Сүндеткерейдің жеңісі. Оларға бұл жеңіс біразға дейін аңыз әңгіме болары анық. Көтеріңкі көңілмен мен де үйімеқайттым. Арада бір ай өткен соң жеңімпаздарды Орал қаласында өткен оқу-жаттығу жиынына шақыртыпты. Одан әрі КСРО біріншілігіне қатысу. Дайындықты белгілі бапкер Әблісалам Нұрмұхановтың өзі жүргізген екен. Владимир Пакты көргенбойда «51 келідегіәлігіқара бала қайда?»- депсұраптыӘбекең. СөйтсеСүндеткерейдіңжасыәлі де он сегізгетолмағанболатынсолсебептенбұлдайындыққа бара алмапты. Жалпы бұл кез Атырау боксының жаңа ғана қалыптасып келе жатырған кезі болатын. Ол кезде республикалық деңгейдегі ірі жарыстар басқа қалаларда өтетін. Ал, талай жерлестерімізге үлкен спортқа жолдама берген,  жыл сайынАтырауда өтетін «Кеңес Одағының екі дүркін батыры, ұшқыш-ғарышкер Паповичтің жүлдесі үшін турнир»  жаңа ғана қанатын жайып келе жатырған кез еді. Сол үшін де бұл біріншіліктің біз де өтуі осы спорт түрінің одан сайын дамуына зор ықпалын тигізді. Көптеген атыраулықтар бокс өнеріне сүйсініп, өз балаларын бокс үйірмелеріне беруге тырысты. Сөйтіп талай бүлдіршіндердің боксшы болуына зор ықпалын тигізді бұл жарыс. Уақыт өте келе Сүндеткерей мен жие қатынасатын ДОС болып кеттім. Кейде сол кездерді есімізге аламыз отырып. Спортты қойған соң Сүндеткерей алдымен бокстан сосын кикбокстан жаттықтырушы болып қызмет атқарды. Онда да «өнімді» бапкер болып танылып, шәкірттерінің сүйікті ұстазына айналды. Облысымыздың кикбокс федерациясын алғаш құрған адамның бірі ретінде біледі оны. Шәкірттері  Ахметов Бауыржан бокстан Қазақстан чемпионы болса, Айтқалиев Марат пен Қосақов Қуанышбек кикбокстан әлем чемпиондары атанды. Бүгінде, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қасанғалиев 2- ші санды облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып қызмет атқарады. Қаладағы көптеген спорт түрлері осы мектептің үйірмелері. Дегенмен көңілі бокс пен кикбоксқа ерекше ауып тұрады. «Ендігі мақсатым Атырауда әлем чемпионатын өткізу»-дейді өзі. Бұйыртса бұл күнге де жетерміз. Еліміз тыныш, спортқа деген ел ағаларыныңкөз-қарастары дұрыс, бөлінетін қаржы да күннен-күнге көбейіп келеді. Сөйтіп, ендігі жерде Сүндеткерейдің шәкірттерінің жеңісіне куә боламыз әлі...

...

Скачать:   txt (12 Kb)   pdf (44.1 Kb)   docx (13 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club