Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ел құтқарар ер едім

Автор:   •  Январь 4, 2025  •  Эссе  •  420 Слов (2 Страниц)  •  101 Просмотры

Страница 1 из 2

Ел құтқарар – ер едім

Қазақ рухының түсінігінде ел мен жер егіз ұғым. Елдің, жердің қорғаушысы – ер. Ал ер деген атқа лайық азаматтар зар заман жылдарында қолға қару алып, жауға шапқан. Сол азаматтардың бірі және бірегейі - ұлт мақтанышы, батырлық пен ақындықты ұштастырған қазақтың рухты ері Махамбет Өтемісұлы.

             Азаттық үшін алысып, елдік үшін егескен көсем, ақын, батыр Махамбеттің  қазақ тарихы мен әдебиетінде  алатын орны ерекше. Ол жастайынан  өр мінезі мен аузын ашса  көмейінен жыр төгілетін төкпе ақындығымен көзге түскен деседі. Ал рухы биік жырлары ақынның атадан туған аруақты ер екенін дәлелдей түседі. Осындай ерекше қасиет- ақындық пен батырлықты байланыстыру Махамбеттің еректігі, болмысының бөлектігі деп білемін.

         Рухты тұлғаның  ерекше жауынгерлік  болмысын психологиялық, философиялық ой  пікірлерінен байқай аламыз.  Мысалы философиялық бағытта,ақынның өз бейнесін жырлауы, сонымен қатар халық тұлғасы Исатайды да жырларының басты кейіпкері ретінде алуы. Батыр жырларындағы  басты сарындардың бірі халықты ашық түрде күреске шақыру, рух беру болып табылады.Мысалы, Ереуіл атқа ер салмай өлеңінде:

“Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай, 

Темірқазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!”- дейді.

Махамбеттің өз бейнесімен қатар патша өкіметінің қолшоқпарлары хан-сұлтандардың озбырлығын айыптайтын мына бір өлеңінде:
Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Сұлтанын суға сұлатып,
Ханшасын қақпа алдында жылатып,
Ернін еттей тесісіп,
Кеңірдегін кесісіп,
Жыраға басын түсіріп,
Жылғадан қанын ағызып,

...

Скачать:   txt (5.4 Kb)   pdf (43.2 Kb)   docx (301.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club