Аманулла ханның билік басына келуі
Автор: Gulazamirkhanova • Октябрь 2, 2023 • Лекция • 1,324 Слов (6 Страниц) • 206 Просмотры
Аманулла ханның билік басына келуі. Азиядағы ӛз алдына ерекше мемлекет Ауғанстан. Бізге белгілі ол - әртүрлі этникалық территория, тайпа алаңы, әрқайсысы ӛз дәстүрі бойынша беделін кӛтере билік жүргізеді. Бірінші рет күшті орталықтанған билік құруды ХҮІІІ ғасырда-ақ пуштун кӛсемі Ахмед-шах жүргізген, сосын ХІХ ғасырда ағылшындар Ауғанстанда ӛз бақылауын орнатуға күш салды, бірақ ол істері сәтсіздікке ұшырады. 1880 жылдан бастап әмір Абдуррахман сепаратистік күштерін жойып, Кабулда орталық билік орнатуға қол жеткізді. Алайда, 1901 жылы ол қаза болған соң оның орнына әмір Хабибулла келді - ӛте жұмсақ мінезді адам, сыртқы әсерге көнгіш; ол «қатыгез билеушінің» сұңқары бола алған жоқ, сонымен билік қайта әлсіреп кетті. Ауғанстанда әртүрлі этникалық халықтар тұрады. Халықтың жартысы пуштундар, ерекше жауынгер халық, шет аймақтардағы пуштундар дәстүрлі кӛшпелі түрде өмір сүреді, өз заңдары және өз көсемдеріне ғана бағынған олар басқа ешкімге бағынбайды. Жергілікті халықтың бестен бір бөлігі тәжіктер, ел өмірінде маңызды рөл ойнаған олар, ірі қалалардағы тұрғындардың басым кӛпшілігін құрайды, солтүстік аудандарда жер шаруашылығымен айналысады.
Сонымен қатар елдің солтүсігінде түркі халықтары өмір сүреді: өзбектер, түркімендер, орталықта хазарлар (монғолдар тегі), тіпті нуристандықтар да бар, олар өздерін көне гректердің ұрпағымыз, яғни мұнда Александр Македонскийдің армиясы арқылы келдік деп есептейді. Осындай халықтар арасында қатынас өте күрделі болды. ХІХ ғасырдың соңында ауған әмірлері «ағылшын үкіметінің талабына сай» сыртқы саясат жүргізуге уәде берді - олар жыл сайын әр түрлі жеңілдік субсидия алып отырды. Сонымен бірге британдық Үндістан территориясы арқылы тауар тасымалдау тегін болды. 1893 жылы ауған әмірі және ағылшын үкіметі арасында Үндістан жеріне байланысты Дюранда белдеуі деп аталатын келісімге қол қойылды. Алайда, кейін келе Ауғанстан басшылары бұл сызықты мемлекеттік шекара деп мойындаудан бас тартты. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Ауғанстан барлық жағынан артта қалған мемлекет болатын. Әлемдегі басқа елдер- ден оқшауланып қалды; шетелдердің бұл мемлекетке кіруіне тыйым салынды. ХХ ғасырдың басында Кабулда бірінші лицей ашылды - «Хабибля», онда кӛптеген еуропалық білім берілді.
Оның қабырғасынан болашақ реформаны жақтаушылар шықты, соның ішінде доктор Абдул Ғани, жасауғандар қозғалысын ұйымдастырушы. Оған біршама ауған лауазымды адамдары, интеллигенция, көпестер, еуропалық реформа жүргізу мен Конституция қабылдауды жақтаушылар қосылды. өкінішке орай 1909 жылы наурызда Абдул Ғани қастандық ұйымдастырушы деп айыпталып, тұтқынға қамалды. Жасауғандардың келесі өкілі танымал ағартушы және ақын Махмұд бек Тарзи болды, ол әмір сарайында ӛте танымал тұлға болатын. Ол әмірдің жақын туысы, оның үшінші ұлы, яғни болашақ реформатор патша Аманулланың тәрбиелеушісі болды. Махмұдбек Тарзи бірнеше еуропалық тілді меңгерді, кӛп саяхат жасады, мұсылман әлеміне ӛте танымал болды. 1913 жылдан бастап ол Ауғанстанда бірінші рет «Сирадж уль-Акбар» журналын шығарды, онда батыстық басылымдардың аудармасы жарық кӛрді. Оның тӛңірегіне модернизацияны жақтаушылар жиналды.
Кейін бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң 1919 жылы 21 ақпанда Джелалабад қаласының маңында әмір Хабибулла жұмбақ түрде аңшылық сапарда қаза болды. Оның орнына әмір болып Аманулла тағайындалды, ол әмірдің үшінші ұлы болса да, оған Джелалабадтың және Кабулдың тұрғындары мен әскерилер қолдау кӛрсетті. Аманулла Манифест жариялады, яғни онда толық тәуелсіздікке қол жеткізу туралы айтылады. Бір уақытта Аманулла Кеңестік Ресеймен байланыс орнатуды қолға алды - 1919 жылы 7 сәуірде ол Ленинге хат жолдады. Ал осы жылы мамырда байланыс орнату мақсатында Мәскеуден Кабулға дипломатиялық миссия келді. 1924 жылы Ауғанстанда жеке адамдарға мемлекеттік қор арқылы жерді сату туралы заң қабылданды - бұл жерге жеке меншік құқығын бекітуге талпыныс болатын. Жерді бұрын ием- 144 денгендердің иеліктері тәркіленді. Алайда бұл шара іске асқан жоқ, өйткені Ауғанстанда жер иеленудің дәстүрлі түрі сақталып келе жатқан болатын. 1925 жылға дейін орталықтандыруды күшейту туралы заң қабылданды. 1923 жылы 10 сәуірде Ауғанстанда Негізгі заң қабылданды. Онда заң жобаларын, бюджетті және шетелдік келісімдерді талқылап және бекіту үшін Мемлекеттік кеңес құру керектігі қаралды. Бірінші рет елде жергілікті басқарудағы Кеңесші жиналысқа сайлау ұйымы құрылды. Ауғанстанда білім беру жүйесі дамыды. Жаңа мектептер салынды, соның ішінде Кабулда еуропалық үлгідегі мектептер салынды, жастар шетелге оқуға жіберіліп отырды. Күнделікті ӛмірде де ӛзгерістер байқалды. Аманулла-хан күнделікті қоғамдық өмірде діннің әсерін шектеуді қолға алды, мемлекеттік зайырлы сот енгізілді, үкімет жергілікті молданы мемлекеттік шенеунік жағдайына кӛтеріп, оған жалақы төлеуді қолға алды.
...