Пестицидпен жұмыс істегенде жұмысшының еңбектенудегі жеке басының қауіпсіздігі
Автор: umiraliewa.dana • Октябрь 23, 2018 • Курсовая работа • 19,191 Слов (77 Страниц) • 844 Просмотры
МАЗМҰНЫ
№ реті | атауы | бет |
1 | Кіріспе | 3 |
1.1 | Ордабасы ауданының табиғи - географиялық және ауа райы мен климаттық жағдайы туралы қысқаша сипаттама | |
1.2 | Ордабасы аудандық Республикалық фитосанитария және болжамдар әдістемелік орталығы туралы мәлімет | |
2 | Пияз дақылын өсіріп-өндіру технологиясы | |
3 | Пияз дақылының басты зиянкестері, аурулары және арамшөптері | |
3.1 | Пияз дақылының зиянкестері | |
3.2 | Пияз дақылының аурулары | |
4 | Жалпы қорғау шаралары | |
4.1 | Биологиялық күресу шаралары | |
4.2 | Химиялық күресу шаралары | |
5 | Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіріп-өндіруде жаңа технологияларды кешенді пайдаланып, зиянкестері, аурулары және арамшөптерін жою | |
6 | Пестицидпен жұмыс істегенде жұмысшының еңбектенудегі жеке басының қауіпсіздігі | |
6.1 | Пестицидпен жұмыс істегенде улардың қоршаған ортаға қауіптілігі | |
7 | Қорытынды |
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Орман-жер ресурстары және фитосанитария факультеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ЕСЕБІ
Орындаған: Өмірәлі Д. Б
Тапсырма берген: Хидиров К. Р
Қабылдаған: профессор Агибаев А. Ж
Алматы 2018 жыл
Кіріспе
Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін - экстенсивті механикаландыру, топырақ қопсыту тәжірибесін жақсарту, жаңа сұрыптарды алу, т.б. шаралардың кешендері қолданылады. Өсімдікті химиялық әдіспен қорғау негізгісі болып саналады. Ол өзінің биологиялық және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан өсімдікті қорғайтын химиялық заттардың өндірісі жылдан жылға артуда. Мысалы АҚШ-да 20 мың препарат тіркелген (675 әсер етуші заттар) оның ішінде 470-і ауылшаруашылықта қолданылады. Ресейде (194 әсер етуші заттар) 633 препарат тіркелген, ал Қазақстанда пестицидтер тізімін 249 дана құрайды. Өсімдікті қорғайтын химиялық заттар ауылшарушылық дақылдары өнімін арттырады, механикалық және адам қолымен жасалатын жұмыстарды жеңілдетеді. Өсімдікті химиялық қорғау курсының талаптары – ауылшаруашылық дақылдарын қорғау әдістерін жақсарту үшін, әр түрлі химиялық қорғағыш заттардың зиянды ағзаларға және мәдени өсімдіктерге әсерін зерттеу. Пестицидтерді ауылшаруашылығында қолдану негізгі мәселелердің бірі болғанымен, олардың қоршаған ортаға, адамзатқа кері әсерінің бар екенін ескеру қажет. Пестицидтерді экология жағынан қауіпсіз қолдану өте маңызды. Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін пестицидтердің көпшілігі табиғатта кездеспейтін синтетикалық улағыш заттар. Пайдаланылған пестицидтердің қалдық мөлшерлері қоршаған орта нысандарында жиналып, пайдалы флора мен фаунаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Пестицидтер – химиялық улы заттар, оларды дұрыс қолданбау қоршаған ортаның биологиялық нысандарына, адам өмірі мен жануарлар әлеміне қауіпті. Химиялық заттар - өсімдіктерді қорғауда, олардың сыртқы пішінін, дәм сапасын және азық-түлік құнарлылығын өзгертіп, өсімдік бойындағы зат алмасу процестеріне әсерін тигізеді. Өсімдікті химиялық қорғағыш заттардың барлығы адам ағзасына және жан-жануарларға зиянды болғандықтан, пестицидтермен жұмыс жасау кезінде сақталатын жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
...