Діни экстремизмнің Қазақстанға келуі
Автор: ms.zarin_92 • Апрель 30, 2018 • Реферат • 1,887 Слов (8 Страниц) • 1,134 Просмотры
Діни экстремизмнің Қазақстанға келуі
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім.
Діни экстремизм мәселесісінің өзектілігін және қоғам өміріндегі орны
ІІ. Негізгі бөлім.
А) Қазақстандағы діни экстремизмдердің пайда болуының себептері
Ә) Діни экстремизмнің түрлері
В) Әлеуметтік желінің діни экстремизге әсері
ІІІ.Қорытынды
Діни экстремизмен күресу жолдары
Бүгінгі күнде терроризм мен экстремизм жайлы сөз қозғалғанда, бірден Таяу Шығыс аймағындағы ислам дінін жамылған қарулы топтар еске түседі. Әсіресе, Сирия мен Ирак аумақтарындағы қанды қақтығыс сын көтермейді. Мұнда түрлі лаңкестік әрекетке көшкен экстремистік ұйымдар көздеген мақсаттарын діни негізде іске асыруда. Осыған орай өздерін шынайы діндармыз деп санайтын радикалды ағымдар өз мақсаттарына жету барысында өзгелерге зорлық-зомбылық көрсеткені үшін әлемдік мұсылман қауымынан қатаң сынға ұшырауда.
Қазіргі таңда әлемге үрей туғызып отырған өзекті мәселелердің бірі – «Діни экстремизм» құлаш жаюда. Террористердің ислам дінін жамылып, «мұсылманбыз», – деп, еш жазығы жоқ адамдарды өлтіруіне не түрткі? Жүрегінде иманы бар адамды, осындай, ешкімді аямас тас жүрек қылып шығаруға қанша уақыт жеткілікті? Мұндай ағымға еріп кететіндей адам ішіндегі иманы соншалық әлсіз бе?
«Діни экстремизм не?» – деген сұраққа Дінтану мамандығының PHD докторанты Аьджанова Н.К. былай деп жауап береді: «Діни экстремизм дегеніміз – саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Кез келген экстремизмнің мәні – олардың пікірлеріне қосыла алмағандарға зорлық-зомбылық көрсету. «Діни экстремизм» әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарастарына сәйкес қайта құруға ұмтылады. «Діни эктремизм» – террористік іс-әрекеттердің туындауына себеп болатын құрал.»
Қазіргі кезде ислам дінін жамылған түрлі ағым-бағыттар да сол ағым-бағыттардың мүшелері де көбеюде. Ислам дінінің екі бағыты бар: біріншісі – сүннеттер – түрлі діни ағым- бағыттарға ешқандай қатысы жоқ, Мұхаммед пайғамбардың сүнеттерімен жүретін мұсылмандар, екіншісі – шейіттер – дінді ерекше қатты ұстанатындар және түрлі діни экстремистердің пайда болуына түрткі болып отырған бағыт болып саналады. Мұндай ағым-бағыттар мен діни экстемизмдер Қазақстанды айналып өткен жоқ. Осыған байланысты 2006 жылдың күзінде (8 қыркүйек) БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады. Аталмыш құжатта Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер терроризм мен экстремизмге қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендіктері жайлы мәлімдеді.
Қазақстандағы діни экстремизмдердің пайда болуының көптеген факторлары бар. Менің ойымша, солардың ішіндегі ең өзектісі деп өскелең ұрпақтың өмір мәнін түсінбеуінде. Тіпті кірпік қақпай, өз өмірлерін аямай қиып, қыршынынан қиылып жатқан қаншама жастар өтті өмірден. Өмір бізге Алланың берген сынағы, ал сол сынақтан сүрінбей өтудің орнына жалған діннің шырмауынан шыға алмай өмірлерімен қош айтысып жатқан адамдар үлкен күнә жасағандарын біледі м екен? Өз өмірлерін аямаған террористер өзгенің өмірін аяй қояр ма екен? Олар о дүниеге өзгенің де, өзінің де өмірін Алла жолында қидым деген сеніммен аттанады. Өмірдің мәнін, маңызын дұрыс түсіне білсе мұндай қатыгездікке бармас еді ғой. Діни экстремизмнің пайда болып өрши түсуіне ең басты себеп деп осы факторды ұсынар едім.
Келесі фактор діни сауаттылықтың төмендігі деп алуға болады. Расында да, «мұсылманмын» дейміз, бірақ ислам дініне байланысты көп мәлімет біле бермейміз. Мешітке де барушылардың саны аз мөлшерде ғана. Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран-Кәрім» жайлы білетініміз де шамалы ғана. Осы жағдайға қарсы тұрудың бір жолы ретінде діни сауаттандыруды алсақ болады. Діни сауаттылық дін жайлы білім ретінде жалпы сауаттылықтың бір бөлшегіне айналуы тиіс. Әлемдік, дәстүрлі, жаңадан пайда болып жатқан діндердің шығу тарихын, құндылығын, жүйесін танып білумен қатар жалған діндердің, діни экстремистердің белгілерін ажырата білсе көптеген ағым-бағыттарға қарсы тұра алу мүмкіндіктері арта түсер еді. Қазіргі кезде осыған байланысты мектептерде «Дінтану» пәні жүргізіледі. Бұл пән 2009 жылдан бастап оқытылып келеді әрі берер пайдасы да бар, дегенмен оқыту курсының мерзімі өте аз және мазмұнындағы аса қажетті мәліметтер де шектеулі. Дін жайлы білім беруді дұрыс жағынан көбейтіп, оқушыларды жастайынан діни сауаттандырып, діни сауаттылығымызды біршама көтерсек, мүмкін, діни экстремизмге қарсы тұру дәрежеміз де біраз болсын жақсарар.
...