Протестант Інжілдік - лютеран шіркеуінің Қазақстанға келуі
Автор: Mira1 • Июнь 8, 2018 • Реферат • 17,558 Слов (71 Страниц) • 1,157 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
АННОТАЦИЯ
1. ЛЮТЕРАН ШІРКЕУІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1.Христиан дінінің пайда болып тармақтарға бөліну тарихы.
1.2. Қазақстанда таралған христиан діні
1.3. Протестант Інжілдік - лютеран шіркеуінің тарихы
1.4. Протестант Інжілдік - лютеран шіркеуінің догмалары
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛЮТЕРАНДЫҚ ШІРКЕУІ
2.1. Протестант Інжілдік - лютеран шіркеуінің Қазақстанға келуі
2.2. Протестант Інжілдік - лютеран шіркеуінің бүгінгі күнге жағдайы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қай кезде болмасын діннің адамзат тарихындағы рөлі әрқашан өзекті мәселе болған. Қазіргі таңда да жер жүзінде адамзаттың өмір сүру формасын айқындап, қоғамдағы қатынасты реттеу үшін дін маңызды қызмет атқарады. Адамдардың түсінуіне байланысты діннің кейде пайдалы жағы мен зиянды жақтары да байқалады. Демек дінді дұрыс түсіну әр уақыттада маңызы үлкен мәселелердің бірі болып есептеледі. Жаһан жаңалықтарда болып жатқан оқыс оқиғалар, яғни бейбіт елдің тыныштығын бұзған соғыс пен қантөгістер адамдардың дінді қате түсінуі деп білеміз. Себебі дін – бейбітшілік пен тұрақтылықты, махаббат пен сүйіспеншілікті, адалдық, адамгершілік, әділдікті қамтитын Алла мен адам арасын байланыстырушы күш.
Бүгінгі күні елімізде 18 – ден астам діни конфессия яғни діни бірлестік жарасымды да үйлесімді өмір сүруде. Қазақстан мемлекеті конфессияаралық қатынастары жақсы дамыған елдер қатарынан орын алады. Конфессия дегеніміз латын тілінде ғибадат деген сонымен қоса дінге сену — нақты бір діннің сенім ерекшеліктерін, дүниетанымдық ұстанымдарын қабылдай отырып,тағыда сол діннің өкілдерінің ізінқуышылар қатарынан болу. Мұны баасқаша діни деноминация.Жалпы конфессия термині әр түрлі христиан тармақтарын жалпылама атау үшін қолданады.Мысалы, православие,католицзм,протестантизм және т.б. Дегенмен бұл термин интернационалдық сөз ретінде әлемдегі барлық діндердің тармақтарын жалпы сипаттау үшін кең таралған сөз ретінде қолданылады. Ал зерттеу жұмысының тақырыбы ретінде алған христиан дінінің протестант бағытындағы лютеран шіркеуі Қазақстан аумағында мемлекетіміз тәуелсіздік алған үақыттан бері қарқынды дамыған діндердің бірі болы есептеледі.
Диплом жұмысының мақсат міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты ретінде христиан дінінің жер бетінде пайда болып әлемдік діндердің бірі ретіеде дамуы мен тармақтарға бөліну процесі мен лютер конфессиясының шығу тарихи себептерін зерттеп, шіркеудің құрушысы Мартин Лютердің еңбектері тоқталып, қазіргі Қазақстандағы жағдайын зерделеп, ғылыми ізденістер жасау. Диплом жұмысының мақсатына сәйкес мынадай міндеттер алға қойылды;
- Христиан дінінің тарихы мен тармақтарының шығу себебтері;
- Протестант Інжілдік - лютеран шіркеуінің тарихы;
- Лютерандық шіркеуінің құрушысы Мартин Лютердің еңбектері;
- Протестант Інжілдік - лютеран шіркеуінің догмалары;
- Протестант Інжілдік - лютеран шіркеуінің Қазақстанға келуі;
- Протестант Інжілдік - лютеран шіркеуінің бүгінгі күнге жағдайы
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысында қолданылатын басты зертеу тәсілдері ретінде салыстыру тәсілі, талдаулық тәсілі, герменевтика тәсілі қолданылады.
Зерттелетің жұмыстың практикалық мәні. Бұл зерттелетін жұмысты алдағы уақытта жалпы оқырмандар үшін және жоғарғы оқу орнындағы Дінтану мамандығы бойынша Христиан теологиясы, дін тарихы ,діни философия пәндері бойынша толымды ақпараттық материал ретінде қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Жалпы зерттеу жұмысы кіріспе бөлімінен екі негізгі бөлімнен қортынды сонымен бірге пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Адамзат тарихында діннің пайда болғанынан кейін әртүрлі діни сенім – нанымдар пайда болды. Сонымен қатар, дінге сенушілердің саны артты. Бүгінгі күні әлемнің 33 % халқы христиан дінін ұстануда. Христиан діні ұстанушылардың көрсеткіш мөлшері әрдайым қарқынды даму үстінде. Қазақстан мемлекетінде христиан дінін ұстанушы азаматтардың саны 26,17 % құрайды. Соның ішінде православие, католик сонымен бірге протестант бағыттар. Лютеран шіркеуі Қазақстанда 6 филиалда біріктірілген 54 қауымнан тұрады. Орталық штабы Астанада тіркелген. Епископы Новогородов Юрий Тимофеевич. Лютеран шіркеуінің тарихы, догмалары мен Қазақстандағы күйіне тоқталуы зерттеу жұмысымның ғылыми жаңалығы десек те болады.
...