«Алаш» қайраткерлері бостандық туралы
Автор: diass1 • Декабрь 4, 2021 • Реферат • 4,028 Слов (17 Страниц) • 863 Просмотры
Мазмұны:
Кіріспе..................................................................................................................... 3
Негізгі бөлім:
1. Бостандық және Алаш ұраны...................................................................... 4
2. Тәуелсіздікті аңсаған – Алаш партиясы..................................................... 8
3. Алаш идеясы................................................................................................ 13
Қорытынды............................................................................................................. 15
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................. 16
Кіріспе
«Алаш» партиясы (1917—1920) — Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.
Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді. Бірінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24-маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді.
1. Бостандық пен Алаш ұраны.
1917 жылы ақпан төңкерісін қазақ зиялылары үлкен тарихи оқиғаға балады. Ахмет Мәметов «Алашқа салем» («Қазақ», 1917ж. 17 наурыз) өлеңінде:
Иіліп сәлем бердім бүгін, алаш,
Алдағы өзгеріске күтін, алаш…
…Ал қазір халық күшті алды, алаш,
Бұрынғы қыспа таяқ қалды, алаш…
Ақ алаш, азат алаш, даңқты алаш! –
деп осындай шаттық лебізін білдірсе, Сәбит Дөнентаев «Азаттық күні» («Қазақ», 1917 ж. 12 сәуір) өлеңінде «А, Құдай, ұзағынан жаза көр деп Іркіліп көзге жастың келген күні» деп алашының көптен күткен арманының орын-далғандығын қуанышпен жырлайды.
1917 жылы ақпан төңкерісі жеңіске жетіп, уақытша үкімет орнағанда саясаттан алыстап, оңашаланып кеткен Шәкәрім де осы жайт¬тар¬ға өз көңілін білдіреді. Осы 1917 жылғы ақ¬пан төңкерісінің жеңісі жұртына бостандық әкел¬ді деп ойлаған ақын «Бостандық таңы ат¬ты», «Бостандық туы жарқырап» сияқты өлең¬дерін жазады. Бұл өлеңдерінде де ақын¬ның ертеңгі күннен күтер үміті зор. «Бос¬тан¬дық туы жарқырап» өлеңінде елінің келе¬шегіне алаңдаған ақын:
…Еркін тиіп қонысы,
Кеңір ме екен өрісі.
Не
...