Роль и место «Алаш» в общественно – политической жизни
Автор: Кадыр Нургалым • Январь 19, 2018 • Доклад • 2,531 Слов (11 Страниц) • 1,258 Просмотры
УДК 32
МРНТИ 11.01
Нұрғалым К.С.
Саяси ғылымдардың кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Sorbonna – Қазақстан институты», Халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы, kadyr_n@msil.ru
«Алаш» ұлттық идеяның қалыптасуындағы рөлі
Андаттпа. Мақалада ресейдің отарлау саясаты сиякты күрделі де ауыр жағдайдағы саяси тарих сахнасына дәстүрлі тәлім-тәрбие алған бір топ зиялы азаматтартардың қоғам дамуындағы ой пікірлері қарастырылады. «Қазақстан», «Қазақ» газеттері «Айқап» журналы арқылы қазақ зиялылары патша үкіметінің отаршылдық саясатын әшкереледі, халықты оқыту–білімге, мәдениетке, қол-өнерге, отырықшылыққа шақырды.
Тірек сөздер. Алаш қозғалысы
Аннотация
К.С. Нургалым – к.полит.н., ст. Преподаватель кафедры международного права института «Сорбонна-Казахстан» КазНПУ им. Абая, Алматы, Казахстан
Роль и место «Алаш» в общественно – политической жизни
Ключевые слова: Алашского движения
В статье рассмотрены взгляды казахской интеллигенции на различные проблемы истории колониальной политики. В условиях колониального положения газета «Казахстан», «Казах» имела своего рода союзника и в то же время полемиста в лице первого казахского общественно-политического журнала «Айкап», открывшего новую страницу в истории казахской интеллигенции, где пропагандировала казахскую культуру.
Nurgalym К.S
Role and place of «Аlach» in publicly - to political life
Keywords: Аlach of motion
Resume
The article deals with the views of Kazakh intellectuals on various problems of the history of colonial policy. In terms of the colonial condition newspaper “Kazakhstan”, kazakh people had a kind of allies and at the same time polemicist in the face of the first Kazakh political magazine "Aikap" having opened a new page in the history of the kazakh intelligency which promoted the equality.
Қазақ интеллигенттерінің басым көпшілігі – тек қана бір кәсіби мамандықтың тізгінін ұстаумен шектелмей, әмбебап мамандар ретінде қызмет етті: олар оқу - ағарту ісімен де, қазақ тілінде басылымдар (кітап, газет, журнал) шығару қаракетімен де, жан-жақты шығармашылық жұмыспен де қатар айналысты. Осылардың барлығында ортақ қасиет, ортақ ерекшелік – олардың қазақ қауымының қоғамдық-саяси сұраныстарына мүмкіндігінше толық жауап беруге тырысуы еді. Елдің саясаты мен мәдениетіндегі ұрпақ қызметінің рухын айқындай түсетін рухани қасиет үлгілері. Қазақ қайраткерлерінің тұлғалық көріністері зиялылық, саяси тұрғыда зерттеуде ұлттық интеллигенция ұғымынан, зиялылықтың, саяси тұлғалардың қалыптасуына қол жеткіземіз.
Қазақстандағы саяси құрылыс әлемдік тәжірибенің және ойдың дамуының салдары мен нәтижесі әлемдік саяси тәжірибеден тысқары – Қазақстан мүлдем жаңа саяси мәдениет жасай алмайтындығы даусыз. Осындай жалпылық даму заңдылығына ене отырып, Қазақстан өзінің төл ерекшеліктерін ескеруге қабілетті болу керек. Ондай қабілетті қалыптастыратын феномен ғасыр басындағы саяси қайраткерлердің еңбектеріндегі ойлары мен идеялары. Қазақ интеллигенттері – батыстық өркениеттен кенже қалғанымен, мемлекеттік билікті бөлу туралы Дж. Локк, Л.Ш.Монтескье, Жан-Жак Руссо қағидаларымен, Алаш өкілдерінің танысқаны саяси ойларын дамытты, билікті бөлісу мәселелерін жүзеге асыруда пайдаланды.
1920-жылдары қазақстандағы саяси тартыстар өте күрделі жағдайда қалыптаса бастады, болъшевиктер Алашорда басшыларын ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін жанұшыра қорғайтын контрреволюциялық күш есебінде қарады. М.И.Фрунзе бастаған болъшевиктердің негізгі идиалогиасы қазақ бұқарасының таптық сезіміне тие отырып, Алашорда қайраткерлеріне оларды қарсы қойды. Өз ретінде Ә. Бөкейханов. «Біз қарап отырсақ қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын қылмасақ болатын емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келеді. Алаштың баласы, ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда, басыңа бір қиын іс келеді. Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздықты, дауды қой, бірік, жұрт қызметіне кіріс, Алаштың басын қорғауға қам қыл»-деп жазды [1].
...