Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, әлеуметтік революционерлер, «Алаш», «Үш Жүз», «Шуро-и Исламия», «Шуро-и-улемия
Автор: Hakdopjdjfi • Сентябрь 29, 2021 • Контрольная работа • 455 Слов (2 Страниц) • 518 Просмотры
Тақырыбы: «Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, әлеуметтік революционерлер, «Алаш», «Үш Жүз», «Шуро-и Исламия», «Шуро-и-улемия»
Орындаған: Канал Арай
Группа: тарих-педагокика факультеті 1301-11
Кіріспе
Қазақ зиялылары туралы қысқаша түсініктеме
Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында
Негізгі бөлім
1 «Алаш» партиясының бағдарламасы
2 «Үш жүз» партиясы
3 «Шуро-и-Исламия»
4 Қазақ зиялылары саяси партия құру жолында
Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халкының мүддесі тұрғысынан қоғамдык үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды.
1906 жылы 10 маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін өкілдердің жиналысы өтіп, Ә.Бөкейханов жиналғандарды «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясының бағдарламасымен таныстырып, жиналыс оған қатысқандардың аталған партияға косылатындығы жөнінде каулы кабылдады («Семипалатинский листок», 1906, 13 маусым). Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезеңдегі саяси-әлеуметтік бағдары белгілі дәрежеде ресейлік радикалдық-буржуазиялық партия, кадеттердің қызметімен ұштасты. Бірак осы кезеңдегі қазақ кадеттерінің өмірде ұстанған мұраттары орыс кадеттерінің бағдарламасынан мүлдем өзгеше еді. Қазақ кадеттерінің бағдарламасында төмендегідей талаптар қойылды: қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау, ішкі Ресейден көшіп келушілер легіне тежеу қою, қазақ жұмысшыларына еркіндік, теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу, т.б. Отарлық езгіге қарсы жалпыұлттык бас көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған кажетті алғышарттар пісіп-жетіле қойған жоқ еді.
Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия
...