Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саяси партиялар: «Алаш», «Үш Жүз», «Шуро-и Исламия», «Шуро-и-улемия»

Автор:   •  Март 8, 2021  •  Лекция  •  1,212 Слов (5 Страниц)  •  1,234 Просмотры

Страница 1 из 5

1.Саяси партиялар: «Алаш», «Үш Жүз», «Шуро-и Исламия», «Шуро-и-улемия».

2.Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Н.Бөкейханов.

3.Алаш қозғалысы: ұлттық интеллигенцияның саяси, мәдени-ағартушылық қызметіне жаңа көзқарастың қалыптасуы.

1.Жалпы алғанда, саяси партия дегеніміз мемлекеттік билікті жүргізуге қатысуға бағытталған,мүдделері сәйке, бірдей мақсат негізінде құрылған адамдардың тобы. 19 ғасырдың басында Қазақстанда бірнеше партиялар болды. Әрқайсысына тоқталар болсақ;

Алаш партиясы -1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін құрылған партия.

1917 ж. 21-28 шілдеде Орынборда Жалпықазақ съезі өтті. Осы съезде «Алаш» партиясын құру жөнінде қаулы шығарылды.

Төрағасы - Әлихан Бөкейханов. Алаш мүшелері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша үкіметінің қазақ халқының сана - сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінді. Яғни, бұл тұлғаларымыз сол кезде саяси қызметтің лас жолына жалтақтамай, бар күштерімен халықтың көзін, сауатын ашуға тырысты.

Газеттері- «Қазақ» газеті, Шыққан қаласы – Орынбор.

1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Алаш партиясының бағдарламасының 10 жобасы болды. Оның әрқайсысы белгілі бір мәселелерді қарастырды;

1 бөлім – Мемлекет қалпы – Ресей демократиялық

федеративті республика болу

2 бөлім – Жергілікті бостандық – қазақтардың автономиясы

3 бөлім – Негізгі құқық – теңдік

4 бөлім – Дін ісі – мемлекет ісінен айырылулы болуы

5 бөлім – Билік һәм сот – присяжный соты

6 бөлім – Ел қорғау – жастардан құрылған өз жерінде

қызмет ететін әскер және қазақ милициясын құру

7 бөлім – Салық – халықтың материалдық жағдайына

байланысты ету

8 бөлім – Жұмысшылар

9 бөлім – Ғылым-білім үйрету

10 бөлім – Жер мәселесі- қазақтардың жерін қайтару.

Үш жүз партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында

пайда болған саяси партия. Бұл партия мүшелері кейде өздерін

«қазақтың социалистік партиясы» деп те атаған болатын. «Үш жүз» саяси

ұйымындағы жетекшілікті адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Əйтпенов атқарды. Шыққан қаласы – Омбы.

Газеті - «Үш жүз» газеті,оған Көлбай Төгісов редактор болып қызмет етті. Бұл партия ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Үш жүз алғашқыда Алаш партиясымен жақындасқысы келді, бірақ та кейін өкімет үшін күрес шырқау шегіне жеткенде, партия Алаштан аулақ жүріп, большевиктерді қолдап бастады. Ал Қазан төңкерісі жеңіске жеткен соң Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты, оның оппоненті яғни, қарсыласы болды.

Бұл партия жарты жыл өмір сүрді. Ыдырап кету себептері ұйымдастырушылықтың жоқтығынан, ішкі саяси күрестен орын алды. Бірақ осы қиын жылдарда Қазақстандағы саяси күштердің орналасуы қандай болмаса да, олардың барлығы қазақ мемлекеттілігін құруға өз үлестерін қосты.

Шуро-и Исламия партиясы (исламды қолдаушылар кеңесі) - 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым. Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріпотырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам

...

Скачать:   txt (16.8 Kb)   pdf (50.8 Kb)   docx (13.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club