Азаматтық саяси қайшылықтар
Автор: 87786460736 • Сентябрь 26, 2021 • Реферат • 1,586 Слов (7 Страниц) • 1,239 Просмотры
1917 ж. ақпанда буржуазиялық — демократиялық тӛңкерісі жеңіп, патша ӛкіметі құлатылды. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы, ұлттық — демократиялык қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды . Олар ұлттық автономия кұратын, жалпы ұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп есептеді.
1917 ж. наурыз-сәуір айларында бүкіл елдегідей, Қазақстанда да қос ӛкімет орнады. Уақытша Ӛкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары құрылып, облыстардың басына бұрынғы патшаның шенеуніктері, сондай — ақ қазақтардың ұлттық интеллегенциясының жекелеген ӛкілдері қойылды . Мысалы , Ә . Бӛкейханов Уақытша ӛкіметтің Торғай облысындағы, М. Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалды . Жер — жерде Уақытша үкіметпен қатар, екінші ӛкімет — жұмысшы , солдат және шаруалар депутаттарының Кеңестері құрылды.
Олармен қатар, қазақ интеллигенциясы басқарған облыстық, уездік съездер шақырылып, онда қазақтардың облыстық және уездік комитеттері кұрылды. Олардың кӛпшілігін қоғамдық — саяси қызметте тәжірибесі бар Р. Марсеков , Ж. Досмүхамедов, И. Жайнақов, С. Сейфуллин, М. Айтенов, X. Досмұхамедов , Ж. Алдоңғаров, М. Шоқай сияқты кӛрнекті қайраткерлер басқарды . Қазақ комитеттері Қытайдан қайтып оралған босқындарды орналастыру және әлеуметтік мәселелерді шешуге тырысты . Олармен қатар қазақ жастарды мәдени — ағарту істерімен шұғылданатын жастар үйірмелерін, ұйымдарын құрды.
Патша ӛкіметі құлағаннан соң, Қазақстан большевиктері де астыртын жағдайдан шығып , олар уақытша үкіметтің саясатының мәнін халыққа ашып, жұмысшылар мен шаруаларды жаңа революцияға шақырды.
Осы тұста Орынбор қаласындағы қазақ зиялылары кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдап, «Қазақ» газеті аркылы казак халқына арнайы үндеу жариялады. Бірінші жалпы казақтық съезд 1917
ж. 21-26- шілдеде Орынбор қаласында ӛтті. Съезд мемлекеттік басқару нысанын, қазақ облыстарының автономиясын, жер мәселесін, халықтық милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани — діни, әйелдер, Құрылтай жиналысын шақыру, қазақ облыстарында оның сайлауына әзірлік және т.б. мәселелерді қарады. Съезд қазақтың саяси « Алаш» партиясын құру туралы мәселе қарап, оның бағдарламасын жасауға шешім қабылдады. Мемлекеттік басқару жүйесі туралы қазақ облыстары демократиялық федерациялық парламенттік Ресей республикасының құрамында облыстық ұлттық-аймақтық автономия алуы тиіс деп шешті.
1917 ж. басында Ресейге тӛңкерістік жаңа толқын кӛтерілді. Империалистік соғысты азамат
соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды.
1917 ж. 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша үкіметі құлатылып, қос ӛкімет орнады. Бүкіл Ресейдегі секілді Қазақстанда да уақытша үкімет пен жұмысшы, солдат депутаттарының кеңестерінің билігі орнады. Буржуазиялықдемократиялық ақпан революциясының жеңіске жетуі ӛлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Уақытша үкіметтің
жергілікті органдары құрылды. Облыстар мен уездерге бұрыңғы патша үкіметінің
чиновниктерінен, әсерлерден, меньшевиктерден және буржуазиялық ұлтшылдардан Уақытша ӛкіметінің комиссарлары тағайындалды. Әлихан Бӛкейханов Торғайдың, М. Тынышбаев Жетісудың комиссарлары болып тағайындалды. Қазақстанда 1917 ж. наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Оралда, Түркістан ӛлкесінде және т.б. ӛлкеде құрыла бастады. Жұмысшы тобы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды.
Патша үкімет құлатылған соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шығып, ӛз жұмыстарын жандандырды.
Бұл
...