Адамзаттың тал бесігі – Қазығұрт тауы
Автор: J1987 • Март 5, 2019 • Статья • 849 Слов (4 Страниц) • 775 Просмотры
Адамзаттың тал бесігі – Қазығұрт тауы
Дүниенің төрт бұрышын шарлап, табиғаттың талай таңғажайыптарына куә болып жүрген саяхатшының кез келген көрікті өлкеге қызыға қоймасы анық. Мұндай жандарға сол мекеннің тарихымен қоса, құпия аңыздарын айту арқылы ғанақұштарлығыноятуға болады. Дүниенің тұтқасына айналған Қазығұрт тауы – міне дәл сондай, қиял-ғажайып аңыздарға толы қасиетті мекен. «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған?!»,- деген өлең жолдары баршамызға таныс. Қазығұрт десе көз алдымызға бірден шыңында кемесі бар тау елестейтініде рас. Адамзаттың алтын бесігі болған бұл киелі мекенге табан тіремес бұрын оның тарихымен сусындап алған жөн.
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан Қазығұрт тауы Тянь-Шань тауларының сілемдері болып табылады. Өркениеттен бар-жоғы 40 шақырым қашықтықта, инфрақұрылымы дамыған Ташкент - Шымкент - Самара тас жолының бойындағы Қазығұрт тауын көрген жан ертегі әлеміне енгендей күй кешеді.
Әлемнің кез келген мемлекеті мұндай жердің туристік әлеуетін барынша пайдаланар еді. Дүниенің түкпір-түкпірінен сан түрлі саяхатшылар келіп, қазір құлазып тұрған бұл мекенде ине шаншар жер таппас едік. Өкінішке орай, біз өзімізде бар мүмкіндікті пайдалана алмай отырмыз. Әйтпесе, Пайғамбардың кемесі қалған Қазығұрттай қасиетті тау әлемде санаулы ғана. Палестинада - Синай тауы, Араб Әмірлігінде - Аль-Жуди, Арменияда - Арарат және түркі әлеміне ортақ киелі Қазығұрт тауы. Бүгінде осы аталғандардың ішінде Синай мен Арарат тауы әлемдік деңгейде туризмнің орталығына айналып, атағы алты қырдан ары асып отыр. Ал біздің Қазығұрт болса әлемдік туристердің назарынан тыс қалуда. Тек жергілікті тұрғындар мен бауырлас көрші мемлекеттерден келетін бірлі-жарым адамдар болмаса, адамзаттың түп-тамыры тараған киелі тау қаңырап бос тұрады.
Қазығұрт аңызы
Жер жүзін топан судың басуына байланысты аңыздың сан түрлі нұсқасы бар. Соның ішінде бізге белгілісі: Нұх пайғамбар апат басталған кезде кемесіне мініп жеті ай, жеті күн, жеті сағат жүріп Қазығұрт тауының басына келіп тоқтайды. Пайғамбар кемесіне балалары мен жақын туыстарын және түрлі аң-құстарды отырғызған. Кеме таудың басына келіп аялдаған кезде адамдар тіршілік белгісі бар ма, жоқ па білу үшін ең бірінші құстарды жіберген екен. Сол сәтте босатылған құстардың барлығы ұшып кетіп, қайта оралмапты. Тек қарлығаш қана бұтақтың жасыл жапырағын тістеген күйі ұшып келген екен. Міне осы кезеңнен бастап, қарлығаш қазақ халқы үшін адалдық пен молшылықтың, бірлік-берекенің символы болып қалған. Сондықтан да халқымыз қарлығаштың ұясын бұзбайды және бұл құс ұя салған жерге бақ қонады деп білген. Міне осылайша, Қазығұрт тауында адамдар жаңа өмір бастап, ұрпақ таратқан.
[pic 1] [pic 2]
Аңыз бойынша кемеге мінген халықтың ішінен тек Нұх пайғамбардың үш ұлы мен үш келіні ғана аман қалған екен. Бүгінгі адамзат солардан таралады. Бар әлемді топан су басқаннан кейінгі өмірдің бесігіне айналған тауға әділдікті ту еткен қасқырдың есімі берілген деседі. Ежелгі аңыз бойынша топан судан кейін аштық кезеңі болады. Міне осы тұста «тірі жандыны өлтіруге болмайды» деген тиымға қарамастан қасқырдың ұрғашысы жыртқыштығына басады. Бұған ашуланған қасқырдың еркегі оны жазалайды. Бұл оқиғадан кейін тау тұрғындары оны «әділ қасқыр», яғни «Қазығұрт» деп атап кеткен екен.
...