Түс туралы ғылым
Автор: jhdbjs222 • Октябрь 14, 2020 • Реферат • 2,769 Слов (12 Страниц) • 967 Просмотры
Түс туралы ғылыми ізденіс Ежелгі Грециядан бастау алады. Бізлің эрамызға дейінгі V ғасырда философ және дін уағыздаушы Эмпидокл табиғат әлемінде түстердің негізгілері болатыны туралы пікір айтқан болатын. Оның пайымдауынша, олар төртеу: «төрт негізгі элементке»: от, су, жер және ауа түстеріне сай қалыптасқан қызыл және сары, ақ пен қара.
Ежелгі гректер, жалпылай айтқанда барлық «жарқын», «ашық», «мөлдір» және өте қарапайым, қандай да бір тыныш, айқын, жағымды деген ұғымдарды «ақ» деген сөзбен түсіндірді. Дәл осылай олардың melas деген сөзі «қара» деген мағынаны түпкілікті түсіндірмейді. Бұл – түрлі сипаттағы қараңғылық, қандай да бір деңгейдегі күңгірттік. Бұл жағдайда «ақ» түс туралы жоғарыда жазылған Демокриттің тұжырымдалған көзқарасы біздер үшін әлдеқайда түсінікті болып шығады. Ал «ақ» және «қараның» гректер мен Демокрит үшін мәні де маңызы да жоқ Бұл «түстердің» сан-алуан түрлілігі түгелімен заттай анықталмауы және де «ақ» заттардағы қандай да бір өзара қарым-қатынастарды түгелдей қамтып көрсету арқылы алынады.
Түс туралы ғылымға Платон және оның шәкірті Аристотель де үлкен мән берген болатын. Аристотель негізгі түстерді үшке бөлді. Бұлар: ақ (су, ауа, жер), сары (от), және қара (қирау, өтпелі кезең). Ол түстерді жарық пен қараңғылықтың араласуы арқылы пайда болады деп түсінді. Планид өзінің «Табиғи тарих» атты еңбегінде төрт негізгі түстерді былайша бөледі: ақ, сары, қызыл және қара. Бұндай тәжірибені Эмпедокл мен Планид көзбен шолып қарау арқылы ғана анықтаған болса, Аристотель оларды эксперименттік тәжірибемен дәлелдеді. Осыдан көп уақыт өткеннен кейін бұндай теорияны басқа ғалымдар да: Рене Декарт (1596-1650), Йоган Кеплер (1571- 1630) және Роберт Гук (1635-1703.) ұсынды. Осылайша, түстің пайда болу себебін сол замандағы көптеген ғалымдар көздің көру қабілеті емес, жарықтың өзіндік ерекшелігімен байланыстырды.
Адамзат атам заманнан бастап картина жазу мен костюм ансамбльдерін жасау жолындағы жұмыста түрлі түстерді өз кәдесіне пайдаланумен ғана шектелмеді, оларды тәжірибеден де өткізіп келді. Дегенменде түстерді зерттеу ғылымы базасының қалыптасуы кейінірек, атап айтқанда 1704 жылдан бастау алады. Осы жылы табиғи ғылым заңдарына сүйенген, ұлы ағылшын физигі Исаак Ньютон бірінші болып күннің ақ сәулесі ыдырауынан туындайтын түстер жолағының табиғатын ғылми түрде түсіндіріп, түстану ғылымының іргетасын қалаған болатын. Қазіргі күнде бұл түрлі түсті жолақ – «спектр» деген атаумен халыққа танымал болған.
Сонымен, бейнелеу және де басқа өнерлерде түс ерекшеліктерін пайдалану мәселесі сол кезеңнен әлдеқайда ерте көтеріліп, зерттелген болса, XIX ғасыр мен XX ғасырдың түгелдей аралығында көптеген суретшілер мен ғалымдар түсті өздерінің жеке көзқарасы (субъективті) арқылы сезінумен, жарықтың және оның спектрлік құрамының адам көзіне тигізетін әсерінің нақты (объективті) салдарын көрсетумен байланыстыратын жаңа теорияны жасап шықты.
Біздің заманымызда түсті құбылыс ретінде физика, физиология, жарықтық техника, өнер және психология саласымен тығыз байланыстағы көптеген ғылым зерттейді. Түс құбылысында үш негізгі үдеріс көзге түседі: физикалық – энергияның сәуле шашуы; физиологиялық – сәулелі энергияның көзге тигізетін әсері және оның көру органындағы жүйке торлары сезімін ояту энергиясына айналуы; психиологиялық – түсті санаға қабылдау. Сонымен, физикалық, физиологиялық және психиологиялық факторлар түстер жүйесінде өрілген жіптер тәрізді болып орын алады. Осыған сай болған түс туралы ғылым – түстану былайша бөлінеді: түс физикасы, түс физиологиясы және түс психологиясы. Бұл бөлімдер түстанудың ғылыми іргетасын қалады.
Адам көзіне түсетін түстердің алуан түрлілігінің шексіздігі және жеке әрбір түстің тағы да көптеген түрлерге бөлініп кетуін қалайша түсіндіруге болады? Неге біздер үшін қоршаған ортадағы заттардың кейбіреуі
...