Қазақ халқының ұлттық танымындағы уақыт, бағыт-бағдар, ауа райы туралы түсінігінің аспан денелерімен байланысының ғылыми негізі
Автор: englishman • Март 17, 2023 • Лекция • 788 Слов (4 Страниц) • 278 Просмотры
- Тақырып: Қазақ халқының ұлттық танымындағы уақыт, бағыт-бағдар, ауа райы туралы түсінігінің аспан денелерімен байланысының ғылыми негізі
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі таңда ғарыш әлемі, климаттық апаттар, ауа райын болжау, компас секілді құралдарсыз адасқанда жол табу, сағатсыз-ақ уақытты анықтау – бұлардың барлығы қазіргі күннің және өткеннің өзекті тақырыптарының бірі. Сонымен қатар, ата-бабамыздың бұл аяқ-асты орын алатын оқиғаларға қандай амал қолданғанын білу – өзекті мәселе. Ерте заманда аспан денелері арқылы уақыттың қалай анықталғаны және жұлдыздарға қарап жолдың бағытын білу, онымен қоса ауа райын болжауда неге сүйенгенін білу де маңызды деп ойлаймыз. Біз өз зерттеу жұмысымыз арқылы осы мәселелердің аз да зерттелуіне үлес қосуды көздедік. Бұл – зерттеу жұмысымыздың өзектілігін білдіреді деп ойлаймыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жобамыздың басты мақсаты — ертедегі ата-бабаларымыздың аспан денелері туралы бізге қалдырып кеткен ұлттық танымдағы мұрасын зерттеу. Осы мақсатқа жету жолында алдымызға төмендегідей міндеттер қойдық:
- қазақ халқының ұлттық танымының бастауларын анықтау;
- халқымыздың аспан денелеріне байланысты түсініктерін сараптау;
- аспан денелеріне қарап бағыт-бағдарды табу тәжірибесін анықтау;
- аспан денелері арқылы уақытты анықтау тәжірибесін анықтау;
- аспан денелері арқылы ауа райын болжау тәжірибесін анықтау.
Зерттеу пәні: Астрономияның дамуы мен ғылыми негізі
Зерттеу нысаны. Қазақ халқының ұлттық танымындағы аспан денелері арқылы бағыты, уақытты, ауа райын анықтау тәжірибесі.
- ЖОСПАРЫ:
І Кіріспе
ІІ Зерттеу бөлімі
1. Аспан денелері туралы ұлттық таным
2. Аспан денелерінің бағытты анықтаудағы қызметі
3. Аспан денелерінің уақытты белгілеудегі қызметі
4. Аспан денелерінің ауа райын анықтаудағы қызметі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
- Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Матвей Ястребов, «Киргизские шаманы», 1851 жыл, №2 кітап.
2. kerey.kz сайты, Болат Бопайұлы, Жота Қажы, «Қазақ таныған жұлдыздар», 02.03. 2017 жыл.
3. m.vk.com, «Қазақстан тарихы» арнасы, 17.03.2015жыл.
4. Ахундов М.Д., "Концепции пространства и времени: истоки, эволюция, перспективы», Мәскеу, «Наука» баспасы, 1982 жыл.
5. Валиханов Ч.Ч., «Следы шаманства у киргизов».
6. Қондыбай С., «Арғықазақ мифологиясы», Екінші кітап, Алматы, 2004 жыл.
7. m.vk.com, «Ғарышкер» арнасы, 03.12.2016 жыл.
8. uniface.kz сайты
9. Солтиева Б.Ш., «Қазақ халқының дүниетанамындағы аспан денелері туралы мәселелер». 28.01.2018 жыл.
10. Потанин Г.Н., «Очерки Северо-Западной Монголии», 1881 жыл.
11. surak.baribar.kz сайты
12. mangystaumedia.kz сайты
13. Фролов Б.А., «Числа в графике палеолита», Новосибирск, 1974 жыл.
14. history.kz сайты
15. massaget.kz сайты, Ө. Сансызбай, «Жеті амал жайлы не білесіз?», 17.10.2015 жыл.
16. Қанарбаева Б., «Қазақтың наным-сенімдері», Алматы, «Қағанат» баспасы, 1999 жыл.
17. Ж. О. Артықбаев, Ә. Ә. Сабданбекова, Ә. Қ. Елемесов, Е. Н. Дауенов, «Дәстүрлі қазақ этнографиясы».
- Зерттеу әдістері. Зерделеу, сараптау, тәжірибе жүзінде байқап көру, ғылыми пікір қалыптастыру, іріктеу.
++++++++++++++
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл жұмыстың басты жаңалығы — аспан денелері туралы ертедегі ата-бабамыздың қалыптастырған ұлттық танымындағы түсініктерінің шын мәнінде ғылыми негізінің болғандығын дәлелдеу.
...