Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Музейден алған әсерім

Автор:   •  Март 9, 2023  •  Эссе  •  293 Слов (2 Страниц)  •  572 Просмотры

Страница 1 из 2

Музейден алған әсерім

Нұрғазы Олжас

Осы аптада тарих пәнінің жоспары бойынша Алматы қаласының орталық музейіне бардық.Сыртқы келбеті керемет.Пішіні симметриялы, ішкі залы дөңгеленген. Билет ала сала алғашқы болып 1 қабатта орналасқан археология және палеонтология залына кірдім. Ерекше көзге түскен және мені таң қалдырған ол Мамонттың сүйектері. Осы уақытқа дейін кино,мультфильмдерден кейін шынайы көрген ерекше сезіледі.Ары қарай жүріп түріктің бәдіз тастары көзіме түсті, жанында ежелгі соғды жазуы жазылған тақтай да бар екен.сонымен қатар дәл сол бөлімде андрон мәдениетіне жататын адам сүйегі жатыр.Эмбрион позасында жерленген,ол бізге бұрынғы ата-бабамыздың өмір мен өлім туралы түсінігін көрсетеді.Топпен бірге  жиналып 2 қабатқа көтерілдік.Онда қазақ халқының мәдени мұрасының жәдігерлерімен таныстым.Сол жақтағы ерекше көзге түскендерінің бірі қазақтың бес қаруы.Біздің батырларымыздың киген сауыты мен ұзындығы 4 метрге жететін найзаны көргеннен кейін ата-бабамның қандай күшке ие екені таңқалдырды.Айшуақ сұлтанның мылтығы да музейде сақталған екен,таза тарихи мұра.Екінші ойымда қалған ол қыз баланы ұзатуға арналған кілем.Қазақтың байына тиіс болған кілем 8000 Жерорта теңізінің маржанымен безендірілген және күміспен жалатылған,таза қазақи өнердің шедеврі.Таңқалдырған жәдігерлер топтамасын жалғастырсам мұнда Петр 1 патшаның кезіндегі рубль,қазақ хандарының соқтырған алтын,күміс тиындары,ескі 18-19 ғасырға тән құран кітапты атап өтуге болады.Соңғы жәдігерлердің бірі Қазақ сұлтандары киген сауыт.Темірден құйылып жасалған.Дулығада алтын жазумен құран сүрелері жазылған,пайғамбарлардың аты жазылған.Шыға сала алдымызда Алтын адамның киімі тұр.Бір өкініштісі түпнұсқа емес реконструкция болып шықты.3 қабатқа көтеріліп 2 дүниежүзілік соғыс залына бардым.Мұнда атап өтетіндерден “Түнгі мыстан” атанғын Хиуаз апамыздың жеке төлқұжаты және батыр атамыз Бауыржан Момышұлының жеке заттары сақталған.Өз көзіммен көрген кейінгі ішкі ойымды сөзбен жеткізу өте қиын.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (492.4 Kb)   docx (456.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club