Үш тілділік білім беру – жаңашылдық бастауы
Автор: Ulmeken2606 • Февраль 27, 2021 • Статья • 338 Слов (2 Страниц) • 383 Просмотры
Үш тілділік білім беру – жаңашылдық бастауы.
Халықаралық қатынас тілі ретінде мойындалған ағылшын тілі бүгінде білім саласына дендеп енді. Себебі білімдегі жаңашылдықтар мен жаңа технологиялардың бәрі ағылшын тілінде жүргізіледі. Әсіресе, ғылыми технологияға негізделген кітаптар мен жобалар да ағылшын тілінде жарық көруде. Мәселен, әлемде жылына жүз мың кітап шықса, соның сексен мыңы шет тілінде шығарылады. Демек, білімнің базасы – тіл біліміне байлаулы тұр.
Ағылшын тілін қызығушылық деп емес, қажеттілік деп түсінетіндер қатары көбейді. Әрине, бұл басымдықты шет тіліне бұру деген сөз емес. Өйткенмен көштен қалмаудың жолы – тіл білу.
Қазіргі уақытта мектептерде үш тіліділік білім берумен қатар жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде жүргізу практикасы орын алады. Былтырғы оқу жылынан бастап жаратылыстану бағытындағы пәндер аптасына бір сабақ ағылшын тілінде жүргізіліп келеді. Дегенмен, күрделі компоненттерден құрылған химия, физика, биология, математика пәндерін ағылшын тілінде меңгерту тәуекелден бұрын, тәжірибені қажет етеді.
Болашақта жастарымыз заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса, еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз. Олай болса, бүгінгі талапкерлерге әлемдік кеңістікке қанат қағып, шет тілін меңгерсем деп талап білдіргендерге сәттілік тілейміз.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Утина Улмекен Кажихановна
...