Абайсызда қазаға ұшыратудың қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері
Автор: nuri_saulen • Май 2, 2018 • Курсовая работа • 23,535 Слов (95 Страниц) • 2,027 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………….…………………………………………………………........4
I АБАЙСЫЗДА ҚАЗАҒА ҰШЫРАТУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ.................................................................................................10
1.1 Абайсызда қазаға ұшыратудың түсінігі ………..………………....…….......10
1.2 Абайсызда қазаға ұшырату құрамының объективтік белгілері …..…....….19
1.3 Абайсызда қазаға ұшырату құрамының субъективтік белгілері …….........25
1.4 Абайсызда қазаға ұшыратуға жаза қолдану ерекшеліктері және саралау жүргізу мәселелері..............................................................................................38
II АБАЙСЫЗДА ҚАЗАҒА ҰШЫРАТУДЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ....................................................................................................51
2.1Абайсызда қазаға ұшыратудың деңгейі, құрылымы және динамикасы.........51
2.2 Қылмыскер тұлғасының әлеуметтік-құқықтық құрылымы........................54
2.3 Абайсызда қазаға ұшыратудың алдын алу мәселелері………...........….....59
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................79
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамның және азаматтың бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның бірінші бабында ең қымбат қазына адам және адамның өмірімен құқықтары, бостандықтары деп жарияланған [1]. Осыған орай, Қазақстан Республикасының барлық құқық салалары оның ішінде қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан [2]. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде адам өміріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға бірінші тарау арналған. Адам өлтіру – жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең ауыры. Қылмыстық кодекстің 99-бабының бірінші бөлігінде, адам өлтіру дегеніміз – басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату деп анықтама береді. Адамның өмірі табиғат берген, маңызды әлуметтік құндылық, ол оны туғаннан иемденеді.
Біздің мемлекетімізде адам өмірін қорғауға барынша мән берілсе де, кемшіліктер сот, тергеу тәжірбиесі ісі кезінде көптеп қателіктер жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында қоғамдағы ең басты игілік – адам оның өмірі, денсаулығы, бостандығы екендігін ескере келіп мұндай асыл қазынаға құқыққа қайшы әрекет етушілерге заңды жауапкершілік қолдануы қажеттігін бірнеше рет айтқан еді. Қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі – заң салалары болып табылады.
Соңғы кездердегі әлеуметтік өзгерістер, экономикалық дағдарыс, саяси өмірдегі тұрақсыздық және т.б. обьективті жаңалықтар еліміздегі қылмыстық құқық бұзушылықтың күрт өсуіне себепкер болды. Бұндай келеңсіз құбылыс адам өміріне бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтарға тән.
Адамға қарсы жасалынатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең қауіптісі - адам өлтіру. Кез келген мемлекет адамның өмірін, денсаулығын және олардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауды өзінің басым міндеттері ретінде қояды. Осы функция әртүрлі құқықтық нормалармен, соның ішінде қылмыстық нормалармен де жүзеге асырылады.
Тақырыптың өзектілігі. Қылмыстық қол сұғушылықтардан адам және азаматты қорғау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне қылмыстық құқық бұзушылық құрамын енгізу арқылы жүзеге асырылады. Ал оның негізі елімізде жүргізілетін құқықтық саясаттың концепциясымен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта мемлекетіміздегі құқықтық саясатттың бағыттарын атқаратын құжат болып ҚР құқықтық саясатының 2010 және 2020 жылдар кезеңіндегі Тұжырымдасамы (27.08.2009ж.) танылады [3]. Құжат мемлекеттің заңшығарушылық, ұйымдастырушылық және өзге де шараларын жүзеге асыруға бағытталуын көздейді. Сонымен қатар, бұл құжат Қазақстанның құқықтық саясаты саласында дамуға бағытталған серпінді құжаттардың бірі болары анық.
...