Мақта матасы
Автор: aminataitoleuova • Сентябрь 25, 2021 • Реферат • 3,244 Слов (13 Страниц) • 799 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам
Кафедра «Тамақ өндірісінің технологиясы және биотехнологиясы»
[pic 1]
CӨЖ
Пән: Тоқыма материалдарын колорирлеу технологиясы.
Тақырыбы: «Мақта матасы»
Топ: ТК-901
Орындаған: Құрманова А.М.
Тексерген: Бауыржанова А.З.
Семей
2021
Мақта мата
Мақта талшықтарынан тоқылған мата. Мақта талшықтары технологиялық және механикалық қасиеттері жағынан өте бағалы, күн сәулесі мен ауа райының әсеріне төзімді, сабын, сода ерітіндісімен жуғанда бүлінбейді, жақсы боялады әрі арзан. Арнайы өңдеу арқылы оның қасиеттерін өзгертуге, беріктігі мен үйкеліске төзімділігін арттыруға, ширалмайтын, умаждалмайтын, су өткізбейтін т. б. қасиеттер беруге болады.[12]
Мақта мата жіңішке және орташа талшықтардан, сондай ақ төменгі сортты мақтадан және жіп иіру кезінде түсетін қалдықтардан да тоқылады. Мақта мататоқуға көбінесе жіңішкелігі орташа талшықтардан кард әдісі бойынша иірілген жіп пайдаланылады. Ал жіңішке талшықты мақтадан тарақтап түту арқылы 65-170 нөмірлі жіп иіріледі де одан жұқа мата тоқылады. Төменгі сортты мақта мен оның қалдықтары аппаратты әдіспен иіріліп, қалың мата тоқуға жұмсалады әрі бұл жіпті түкті мата тоқығанда арқау ретінде пайдалануға болады. Кейбір Мақта матаның өрісіне мақта жіп, арқауынан бос ширатылған вискоз жіп қолдануға болады.
Мақта мататоқуға барлық тоқылым түрлері пайдаланылады: полотнолық, саржалық, сәтендік және атластық аралса және ұсақ әшекейлі, көп қабатты, түкті және тұзақты тоқылым.
Өңдеу тәсіліне қарай Мақта матаағартылған, мастерленген, біркелкі боялған, өрнекті, Меланжделген, түгі шығарылған, т. б. болып бөлінеді. Мақта матаағарту үшін алдымен кездеменің бетіндегі жұлым, жұлым қысқа талшықтары жалынға ұсталып күйдіріледі(түкті матадан өзгесін). Сонан соң тоқыр алдында сіңірілген желімдік заттарды (шлихт) кептіру керек.
Ағартқыштар ретінде натрий гидрохлориді, сутектің асқын тотығы және әк қолданылады. Бұлар талшықтың табиғи бояуын жойып, аппақ өң береді. Мақта матасуға ерітілген бояумен не синтет. бояудың супензияларымен боялады. Матаға сурет салу баспа машиналармен атқарылады. Жалғыз білікті машиналар бір түсті ғана сурет, ал көп білікті машиналар бірнеше түсті суреттер басады. Сурет басылған мата кептіруге жіберіледі не ыстық сумен буланады. Сурет үш түрлі тәсілмен басылады. Ағартылған яғни ашық бояулы матаға сурет түсіру үшін оған арнаулы оңдырғыш заттар жағылады. Егер түрлі түсті сурет басу керек болса, оңдырғыш затқа оның әтсерінен бүлінбейтін бояу қосады. Мұны оңдыру арқылы сурет басу деп айтады. Үшінші түрі резервті баспа. Бұл әдіс бойынша боялған матаға машинамен арнаулы ерітінді жағылады, боялған кезде ол жерлерге ештеңе жұқпайды, сөйтіп не ақ түсті не материал өңінен өзге түске боялған сурет пайда болады.
Мақта-маталарын дайындаудың классикалық тәсілдері
Иірімжіпті дайындау үшін табиғи текстиль талшықтарын (мақта, жүн, зығыр талшықтары, табиғи жібек қалдықтары т.б.) штапельді химиялық талшықтар және элементарлы химиялық жіптердің жгуттарын қолданады.
Жүннен жасалған иірімжіп келесілерге бөлінеді [1,2]: Қолданылатын шикізат түріне байланысты:
- таза жүнді және химиялық талшықтар қосылған жартылай жүнді (аралас);
- жүн талшығының түріне байланысты – қой, ешкі, түйе жүнді;
- белгіленуіне байланысты – тоқыма, трикотаж және кілем өндірістеріне арналған;
- иіру әдісіне тәуелді – жіңішкетарақты, ірітарақты, жартылайтарақты және аппаратты;
- құрылымына тәуелді – біржіпті, ширатылған (екі және одан көп жіптерден ширатылған), фасонды;
- өңдеу әдісіне тәуелді – боялмаған, ағартылған, боялған, бастырылған, меланжды, мулине.
Түрлі жіптерден тазажүнді және жартылай жүнді маталар ассортименті өндіріледі. Иіру процессі иіру машиналарында іске асады; оның мәні тегіс таспаны қажетті сызықтық тығыздыққа дейін созу, оны ширатып иірімжіп қалыптастыру, собыққа орау. Сақиналы иіру машиналарында иірімжіп ұршыққа қондырылған собық түрінде паторонға оралады. Соңғы кезде сызықтық тығыздығы бойынша тегістігі жоғары, берік иірімжіп алуға мүмкіндік беретін иірудің ұршықсыз әдісі кеңінен қолдана бастады. Таза жүнді және химиялық талшықтар қосылған жартылай жүнді (аралас) маталар келесі түрлерге бөлінеді:
...