Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Блогер мәтіні виртуальді дискурс аясында

Автор:   •  Май 23, 2018  •  Статья  •  1,551 Слов (7 Страниц)  •  676 Просмотры

Страница 1 из 7

БЛОГЕР МӘТІНІ ВИРТУАЛЬДІ ДИСКУРС АЯСЫНДА

Ехсанова Ж.А., Рыспаева Д.С.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,

Көкшетау қ.

yekhsanova@mail.ru, goldensunrise@mail.ru

Қазіргі кезде интернет тұлғааралық қарым-қатынастың ең белсенді құралы болып табылады. Жаһандық желі қолданушыларға байланыс жасауға мүмкіндік беретін көптеген әртүрлі платформаларды ұсынады: форумдар, блог, әлеуметтік желілер, чат. Әлемдегі кең таралған және жиі қолданылатын платформаның бірі – блог болып табылады. Ең әуелі «блог дегеніміз не» деген сұраққа жауап беруіміз керек. Блог дегеніміз мерзімді жазбалары бар, керісінше хронологиялық кезекте орналасқан және автордың жазбаларына оқырмандарға түсініктеме қалдыруға мүмкіндік беретін интернет байланыстың асинхронды жанры [1:52]. Әдетте барлық блогтар бір-бірімен тығыз байланысты, блогерлер бірін-бірі оқып, түсінік, мінеп-сынауларын қалдыра отырып өзіндік орта – блогосфераны құрайды.

Блогтардың негізгі әлеуметтік функциясы адамзаттың өз ойын білдіруде және қарым-қатынас жасаудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады [2:106]. Қарым-қатынастың интернет ортасындағы өзара белсенділігінің арқасында, блогтар тұлғаның шығармашылық өз ойын білдірудегі көпшілікке қолжетімді және танымал формасы болып табылады.

        Т.М.Гермашеваның ойынша, блогтар интернет байланыстың басқа түрлерінен басылымның жеңілдігі және іздеп табуы, таралу жылдамдығы және әлеуметтік мағыздылығы, бөлек әр блогерлер мен блогосфераның арасындағы тура байланыс пен өзара бөлімдер ішіндегі тура байланыстың мүмкіндігімен ерекшеленеді. Блогтарда коммуникативті, өзін таныстыру, өз ойын білдіру және өзін-өзі жанамалау сияқты қызметтер жүзеге асады [3:115].

        Блог блогердің «достары» үшін ақпарат пен байланыстың құралы болып табылады, өйткені ол ақпаратқа толы, өзекті, автордың барабар көзқарасын, балама ойын білдіреді.

        Блогтың адресанты, яғни оны құрастырушысы бір адам болып табылады. Блог пен күнделіктің кейбір ұқсастықтары бар болғанымен, ол өзінің көпшілікке ашық табиғатымен ерекшеленеді, өйткені әр блог оқырмандардың жауабына есептелген. Саналы немесе аңдаусыз болсын, әр интернет қолданушысы блог жазбасын оқысын деп жазады [4:125].

Қазіргі заманда блогтардың танымалдылығының өсуі олардың қолданыстағы көпшілікке қолжетімділігі және қарапайымдылығымен ғана байланысты емес, сонымен қатар адамның екі әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігімен байланысты, олар – қарым-қатынасқа деген қажеттілік және өз ойын білдіру. Бұл блогты кем дегенде екі аспекті тұрғысынан қарастыруға болады дегенді білдіреді: интернет-байланыс және дискурстың жаңа түрі [5:22].

Блогты дискурстың жаңа түрінде қарастыру үшін дикурс ұғымына тоқталғанымыз жөн. “Дискурс” термині тіл білімінің тарихында 70-80 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Бұл күндері дискурс “мəтін”, “сөйлесім”, “функционалдық стиль” сияқты терминдермен бір қолданылып жүргенін білеміз. 1978 жылы Т. Н. Николаеваның берген анықтамасына сүйенсек: “Дискурс – лингвистикалық мəтіндегі көп мағыналы термин. Ең маңыздысы:  

1. Байланысқан  мəтін.  

2. Мəтіннің ауызша- жазбаша формасы.  

3. Диалог.  

4. Мəн-мағынасы бірдей пікір алысушы топ.  

5. Ауызша немесе жазбаша сойлеу ”.

Неміс ғалымы Ю. Хабермас “Дискурс национальности” деген еңбегінде: “дискурс – шындық өмірден алшақтауда жүзеге асатын коммуникацияның ерекше түрі. Дискурс бұл сөйлеу əрекетінің көрінісі”-дейді. “Дискурс” терминінің күрделенуіне байланысты ғылымда əлі тұрақтанған анықтама қалыптасқан жоқ. Осыған орай дискурс ұғымы прагмалингвистика, функционалды лингвистика, лингвостилистика, лингвомəдениеттану  тұрғысынан  түрлі анықтамаларға ие. Дискурс ұғымын Ю. Хабермас “Коммуникативтік компетенция теорисына дайындық” атты еңбегінде пайдаланып, оған мынадай белгілер тиесілі деп қарастырады: “Дискурс – тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде дискурс – уақыттың мəдени-тілдік контексі. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада  дискурс қандай да болмасын мағынаны, құнды іс-əрекеттің нақты тілдік шындығын айтады” [6:210].

...

Скачать:   txt (21.9 Kb)   pdf (155.3 Kb)   docx (21.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club