Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Каспий аймағының геосаяси жағдайы

Автор:   •  Май 1, 2018  •  Реферат  •  2,879 Слов (12 Страниц)  •  1,856 Просмотры

Страница 1 из 12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

САРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК – ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

КАСПИЙ АЙМАҒЫНЫҢ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙЫ

Орындаған: "Тарих" мамандығының 3 курс студенті Серікова З.С

Тексерген: Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасының доценті, т.ғ.к Нурбекова Р.К

Өскемен, 2018 жыл

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. Каспий аймағының геосаяси жағдайы..............................................................5

1.1. Қазіргі кезеңдегі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі...............................5

1.2. Каспий саммитінің маңызы.............................................................................9

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................13

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................14

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Каспий теңізі аймағы өзінің жағрапиялық орналасуына қарай бірқатар мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарына тікелей әсер етуде. Әсіресе, бұрынғы Кеңестер Одағының құлауы нәтижесінде жаңа тәуелсіз елдердің құрылуы бұл аймақта геосаяси тепе-теңдіктің өзгеруіне әкелді. Оның негізгі мәні ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін Каспий теңізі аймағы екі ғана мемлекеттің мүдделерімен айқындалған болса, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы енді Каспий жағалуындағы бес мемлекеттің мүдделерінің тоғысуына әкелді.

Тақырыптың зерттелуі: Дмитрий Зеркаловтың «Саяси қауіпсіздік» еңбегінде Каспий аймағындағы геосаяси шиеленістер мен бұл аймақта туындаған әртүрлі мәселелер туралы толыққанды жазылған. Сонымен қатар, Д.Зеркалов Каспийге мүдделі елдермен қоса, Батыс Еуропа мен Америка сынды мемлекеттердің де Каспийдің мұнай-газ өндіруші бай кен орындарына көз алартып отырғандығын да баса назарға алады.

Бұл тақырыпта және де Сергей Жильцов, Анатолий Ушков, Игорь Зон сынды саясаттанушылардың «Геополитика Каспийского региона» атты еңбегі жарыққа шыққан.Бұл еңбекте Каспий теңіз аймағының қазіргі геосаяси мәселелері, экологиялық проблемалары, халықаралық шиеленістегі Каспий теңізінің рөлі және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы кеңінен жазылған.

Қазақстандық саясаттанушылар Нұрлан Сейдін, Әнуар Сабыров, Амангелді Әліпбаев "ҚазҰУ хабаршысы" журналында Каспий теңізінің қазіргі саяси жағдайы туралы мақалалары жарыққа шыққан. Онда Ресей империясы мен Иран шахы арасындағы келісімдерден КСРО құлағаннан кейінгі Каспий аймағының бөлінісі сөз етіледі.

Тақырыптың мақсаты: Каспий теңізі аймағының геосаяси жағдайын және ондағы саяси шиеленістерді жан-жақты зерттеу.

     Тақырыптың міндеттері:

  • Қазіргі кезеңдегі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау;
  • Каспий аймағындағы геосаяси шиеленістерді анықтау;
  • Зерттеу жұмысына керекті мағлұматтарды саралау, анықтау, жүйелеу, сұрыптау, талдау.

Тақырыптың нысаны: Каспий аймағының геосаяси жағдайы.

Тақырыптың мерзімдік шеңбері: ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бүгінгі уақыт аралығын қамтиды.

Тақырыптың әдістемелік негізі:

Зерттеуде баяндау, топтау, сұрыптау, жинақтау, саралау, талдау әдістері басшылыққа алынады.

Тақырыптың жаңашылдығы: Каспий аймағының геосаяси жағдайына байланысты материалдар жинақталып, талдау жасалып, бір жүйеге келтірілді. Сонымен қатар, Каспий саммиттері жайында, Каспий аймағындағы шиеленістер жайында толығырақ мәліметтер келтірілді.

Тақырыптың қысқаша мазмұны: Тақырып кіріспеден, бір бөлімнен, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

...

Скачать:   txt (45 Kb)   pdf (171.8 Kb)   docx (24.5 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club