Жеке бас гигиенасы
Автор: unicornsuw • Июнь 21, 2018 • Контрольная работа • 1,940 Слов (8 Страниц) • 1,526 Просмотры
Бөлім | 11-бөлім. |
Тақырыбы | 11. 31 Жеке бас күтімі |
Мақсаты | Жеке бастың тазалығы мен оны күту |
Жоспар | 1. Жеке бас гигиенасы 2. Дене гигиенасы 3. Шаш гигиенасы 4. Тырнақ гигиенасының негізгі талаптары 5. Ауыз қуысы гигиенасы 6. Мұрын қусының гигиенасы 7. Ішкі киім гигиенасы 8. Сырт киім гигиенасы 9. Аяқ киім гигиенасы |
ДӘРІСТІҢ МАЗМҰНЫ
Жеке бас гигиенасы
Жеке бас гигиенасы адам денсаулығын қатайтуға және сақтауға қатысатын гигиеналық талаптардың жиынтығы. Гигиеналық дағдылар әр балаға ерте жасынан қалыптсауы керек. Сіз, әрине, бұл ережелерді білесіз және өз өміріңізде қолданып жүрсіз. Бұл бөлімнің мақсаты сіздердің білімдеріңізді сол бағытта жүйелендіруге арналған, өйткені жеке гигиенаның қарапайым ережелерін төменгі сыныптардағы валеология оқулығынан білесіз.
Дене гигиенасы
Жеке бас гигиенасының ең басты ережесі және ең басты шарты – дене тазалығы. Бір апта ішінде май бездері 100-ден 300 граммға дейін тері майын бөледі. Тер бездері 3,5 литрден 7 литрге дейін тер бөледі (ол жұмыс түріне, сыртқы орта температурасы мен ауа ылғалдылығына байланысты). Термен тұздар бөлініп шығарылады, соның ішіндегі көбісі хлорлы натрий.
Егер оларды дер кезінде тазаламаса, микробтар мен саңырауқұлақтардың тіршілік етуіне қолайлы жағдай туады. Адамға олар екі түрлі теріс әсер етеді. Біріншіден, теріде тіршілік ететін микробтардың ішінде ауру туғызатындары өте көп: ірінді стафилококктан ішек инфекциясын және одан да қауіпті аурулардың қоздырғыштарына дейін. Екіншіден, тері майлары мен қоректенетін микробтар тек тері мен іш киімді ғана ластандырып қана қоймай, сонымен қатар жағымсыз иіс туғызып, сол адам туралы кейбір пікірлер пайда болады.
Тері жағдайына қарап, адамның денсаулығы жайлы пікір айтуға болады. Ол тек жасөспірімдік кезеңдегі жыныс гармондарының бұзылуынан пайда болатыны ашық көрінетін аллергиялық өзгерістер мен безеулерге ғана байланысты емес. Терінің сыртқы көрінісін бүйрек, бауыр, жүйке, ас қорыту жүйесі және ішкі секрет бездерінің қызметтерін көруге болады.
Теріге дұрыс күтім жасау арқылы ірінді аурулардан, кеуіп кетуден, әжімдер мен терінің қартаюынан сақтауға болады.
Аптасына бір рет жылы су астында душ немесе ванна қабылдау керек. Ең дұрысы – монша, ол туралы тараудың аяқ жағында айтылған.
Бойжеткендер мен бозбалалар, дәл қазіргі сіздердің жастарыңызда терлеріңіз өте нәзік және сезімтал. Осы себепті терінің кейбір заттармен әрекеттесуін қадағалау керек. Бәрінен бұрын бұл бензин мен органикалық еріткіштерге қатысты: олар теріні тез кептіріп, беттің құрғап кетуі байқалады. Терісі өте сезімтал адамдарға кір сабынды қолдануға болмайды, себебі, ол беттің терісін одан сайын қатты кептіріп жібереді. Оларға жұмсақ иіс сабынды немесе жас нәрестеге арналған сабынды, не жұмсақ шампунді қолданған дұрыс. Жуынуда судың құрамының да маңызы зор; ол өте жұмсақ болу керек, бірақ көп жағдайда су құбырындағы сулар құрамында кальций иондарының болуынан өте тұзды болады. Жуыну және ванна қабылдау үшін суды жұмсартқан дұрыс, шәй қасықтың төрттен бір бөлігіндей ас содасын немесе бор қышқылын қосу қажет.
Ірінді жаралардың пайда болуында тек жұмсақ суды пайдаланып қана қоймай, микробтарды өлтіретін сабынды қолданған дұрыс, сонымен қатар тері тамырларының жұмысын жақсарту үшін ыстық және салқын сумен алма-кезек жуыну өте пайдалы.
Ұйықтар алдында душ қабылдап немесе сабынмен жуынып, міндетті түрде аяқты жуу керек. Әжетханадан шыққаннан кейін, үй жануарлар мен құстармен қарым-қатынаста болғаннан кейін, тамақ жер алдында қолды міндетті түрде жуу керек. Бөгде адамның туалеттік құрал-жабдыөтарын қолдануға болмайды және өз жеке басының затын өзгелерге бермеу керек. Бұлар жөкеге, сүлгіге, тіс щеткасына, тараққа, ұстараға қатысты.
...