Бөжектердің ауыз аппараттарының түрлері
Автор: zanerke.01 • Февраль 12, 2026 • Реферат • 4,386 Слов (18 Страниц) • 14 Просмотры
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ № 2
Тақырып: БӨЖЕКТЕРДІҢ ӘРТҮРЛІ АУЫЗ АППАРАТТАРЫМЕН ТАНЫСУ
Зерттеу нысандары: шегірткелер, қара тарақан немесе басқа да кеміргіш ауыз аппараты бар бөжектер: бал арасы, көкара, бақашық қандала немесе крестгүл қандала, маса, сона, үй шыбыны, көбелек.
Сабақтың алдында бөжектердің бастарын денеден бөлшектейді және бөлінген басты 10%-тік КОН-да 15-20 минут қайнатады. Қайнату барысында бастың, ауыз аппаратының бұлшық еттері және жабыннан( кутикуладан) басқа барлық ағзалары ериді. Қайнатылғаннан кейін басты су немесе спиртпен жуып, сағат шынысына немесе заттық әйнектерге орналастырады. Алдын ала дайындалған ауыз мүшелерінің тұрақты препараттарын қолдануға да болады.
Қоректенудің түрлі тәсілдеріне және сұйықтық немесе қатты заттармен қоректенуіне байланысты бөжектердің ауыз мүшелерінің құрылымы алуантүрлі. Ауыз аппараттарының 6 түрі ерекшеленеді: кеміргіш, кеміре- жалағыш, шаншып – сорғыш, кесіп-сорғыш, сорғыш, жалағыш. Сыртқы айырмашылықтарына және өзгеріске түскеніне қарамастан, ауыз аппараттарының құрылымы мен жеке бөлімдерінің орналасуындағы ұқсастықтарға ие.
Өз негізінде, ауыз аппаратты жұпсыз жоғары ерін (labrum) және төменгі ерін (labium) мен жұтқыншақтан (hypopharynx), жұпты болып келетін кертуші жоғарғы жақ немесе мандибула (mandibulae) мен шайнаушы төменгі жақтан немесе максилладан (maxillae) және жұпты болып келетін төменгі ерін (palpi labialis) мен төменгі жақ қармалауыштарынан (palpi maxillares) тұрады.
Түрлі типтегі ауыз аппараттарымен танысу, белгілі бір бөжектер түрін анықтауға ғана емес, сонымен қатар олармен күрес шараларын ұйымдастыру үшін өте маңызды, өйткені зиянкестермен күресу үшін, қандайда бір препаратты таңдау елеулі мөлшерде бөжектің ауыз қуысының кеміргіш не шаншып сорғыш құрылымына байланысты.
Ауыз бөлімдерінің толық жиынтығынан тұратын, ауыз мүшелерінің бастапқы типі кеміргіш болып табылады. Ол тікқанаттылар (Orthopteroidea) топтастарының өкілдеріне ( тарақандарға, шегірткелерге) және көбелектердің, жарғаққанатылардың жұлдызқұрттарына тән, сондықтан да ауыз аппаратының бұл типі жиі ортоптероидті деп аталады. Кеміргіш ауыз аппараты, шығу тегі бойынша алғашқы немесе байырғы ауыз аппараты болып табылады, сондықтан бөжектердің ауыз мүшелерін зерттеуді содан бастайды.
Ары қарай ауыз аппараттарын зерттеуде бөжектердің қоректенуі сипаты өзгеруімен байланысты болатын морфологиялық құрылысының өзгерістеріне (байырғы типпен салыстырғанда) ерекше назар аудару қажет.
КЕМІРГІШ АУЫЗ АППАРАТЫ
Кеміргіш ауыз аппаратымен танысуды ірі бөжектердің ауыз аппратарын (шегіртке, тарақан, зауза қоңыз) бөлшектеуден бастаған дұрыс. Кеміргіш ауыз мүшелері, алғашқысында қоректерін кертуге, бөлуге,жұлып алуға, бөлшектеуге, соңында шайнағыштарымен майдалап қатты қоректі қабылдауға бейімделген (7 сурет).
[pic 1]
7 Сурет Тарақанның кеміргіш ауыз аппараты (Л.Я. Бей-Биенко бойынша): а – жоғарғы ерін; б – жоғарғы жақ; в – төменгі жақ; г – төменгі ерін; 1 – ішкі шайнау қалақшасы; 2 – сыртқы шайнау қалақшасы; 3 – жақ қармалауышы; 4 – білеутізбек; 5 – негізгі білеу тұғыр; 6 – тілшік; 7 – жанама тілшік; 8 – ерін қармалауышы; 9 – үстіңгі иек; 10 – иек; 11 -астындағы иек.
Ауыз аппаратын бөлшектеуге дейін ауыз бөлімдері орналасуы, олардың бас капсуласымен біріккен орындарымен алдын-ала таныстыру жүргізеді; сонымен қатар қасаптаушы ине көмегімен олардың әрқайыссының қозғалғыштығын анықтайды.
Егер бөжектің басын шүйде ойығымен төмен қойып, ауыз ойығына бағдар жасалса, онда ең алдымен жоғары ерінді (labrum) көруге болады. Жоғары ерін қоректі керту, кеміру мен жұлу барысында ұстап тұру қызметін атқарады және жұпсыз, біркелкі бүтін тақтайша түрінде болады. Ол қозғалмалы түрде жақтаумен біріккен және ауыз ойығы мен ауыз аппаратының басқа да бөлімдерін жаба отырып, алдында салбырап тұрады; қозғалғыш, оған оны қасаптушы инемен көтеру барысында көз жеткіземіз. Қабықжегіштерде жоғары ерін өте әлсіз дамыған, ал бізтұмсықтыларда ол мүлдем жоқ.
...