Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аймақтары
Автор: mereke123_ • Апрель 29, 2023 • Статья • 414 Слов (2 Страниц) • 185 Просмотры
Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аймақтары
Әбдіразақ М.
Тумажанова С.О. жетекшілігімен
Әл-Фараби ат.Қазақ ұлттық университеті
e-mail: mereeke04@mail.ru
Қазіргі таңда Қазақстанның бірнеше облысын сейсмикалық қауіпті аймақтардың қатарына қосып отырмыз. Себебі, 2018 жылдан бастап елімізде 66 сейсмикалық оқиға тіркелген. Ең қауіпті аймақта барлығы 19 қала орналасқан. Тіпті кейбір аймақтарда жер сілкінісін бақылайтын сейсмикалық станциялар жеткіліксіз. Алматы қаласы ең қауіпті сейсмикалық аймақта орналасқанын бәрі біледі. Сонымен қатар, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Қазақстан облыстарында жер сілкінісі болуы мүмкін. Себебі, Алтай таулары Тянь-Шань тауларынан басталып, бір тау жүйесінде шоғырланған. Оңтүстігінде Тянь-Шань таулары Жерорта теңізі-Гималай белдеуімен түйіседі. 9-10 баллдық жер сілкінісінің болу ықтималдығы жоғары. Негізгі ережеге сәйкес, тау баурайында орналасқан үйлер үш қабаттан жоғары болмауы керек. Осыған сәйкес Қазақстанда «Сейсмикалық аймақтарда құрылыс салу» ережелерінің жиынтығы жұмыс істейді. Сейсмологиялық ақпараттың мониторингін Қазақстан Республикасының Алматы қаласы мен Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстарындағы сейсмологиялық станциялар желісі жүзеге асырады. Барлығы сейсмологиялық мониторинг жүйесіне 63 станция мен пункт кіреді. Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аймақтары оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтар болып саналады. Осы аймақтарда халық тығыздығы жоғары, көптеген дамыған қалалар мен елді мекендер бар. Еліміздегі өндіріс орындарының 40 пайызы осы сейсмикалық аймақтарда орналасқан, бұл аймақтарда 9 миллионға жуық адам тұрады. Еліміздегі сейсмикалық аса қауіпті аумақтардың тізімі төменде келтірілген:
...