Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жоба мазмұны және оның экономикалық негізделуі

Автор:   •  Март 26, 2021  •  Реферат  •  1,986 Слов (8 Страниц)  •  602 Просмотры

Страница 1 из 8

ІІ тарау.        Жоба мазмұны және оның экономикалық негізделуі

  1.   Шаруашылық орталығы мен инженерлік жабдықтау

объектілерін орналастыру

Өндірістік бөлімшелер шаруашылық құрылымының бір бөлігі болып саналады. Олар: бөлімшелер, участоктар, фермалар, мал комплекстері, егіншілік мал бағатын, жем-шөп дайындайтын бригадалар, салалық цехтар, құрылыс пен механикалық шеберханалар. Өндірістік бөлімшелер мен фермаларға өндірістік бригадаларға жер, техника адам күштері ұзақ мерзімі бекітіледі. Ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін звеналарға, топтарға жер мен техника бір маусымға немесе уақытша белгіленеді. Трактор жем - шөп дайындау көкөніс және басқа егіс бригадаларына жем, ауыспалы егістіктің ротация мерзіміне бекітіледі.

Шаруашылықтың бөлімшелерін орналастыруды шешу үшін төмендегі талаптарды орындау қажет:

  1.  Шаруашылықтың ұйымдастыру құрылымын қайта қарау;
  2.  Өндірістік бөлімшелердің санын, құрамын және аумағын анықтау;
  3.  Өндірістік бригадалардың белгілі бір шекарада егістік массивтерін бекіту.

Осы  үш талапты шешу үшін әрбір өндіріс орталығының болашақта өсуін анықтау, шаруашылықтың мамандануын, салалардың орналасуын шешу, елді-мекендердің шекарасын, олардың жерін шектеу.

Өндіріс бөлімшелердің жерге орналастыруының міндеттері:

  1.  Өндіріс орталықтарын орналастыру;
  2.  Өндірістік бөлімшелер орналастыру;
  3.  Олардың жер массивтерін бекіту.

Бұл мәселелерді шешу үшін:

  • Өндіріс бөлімшелердің санын, түрін, аумағын анықтау;
  • Өндірістік орталықтарын болашағын қарау қажет деп табылса жаңадан салу;
  • Бөлімшелерге бөлінген жер массивтерін орналастыру болып табылады.

Жобада өндіріс орталықтары өндірістік инженер құрылыстық, әлеуметтік және экологиялық талаптарына жауап береді.

Шаруашылықтың барлық тұрғындары «Ақмая» елді-мекенде тұрады. «Ақмая» ауылы шаруашылықтың орталық елді-мекені болып табылады. Ауылда бас жоспарға сәйкес үй маңы учаскелері бар бір қабатты үйлер тұрғызылған, онда барлық қажетті мәдени-тұрмыстық және өндірістік ғимараттар бар.

Ал шаруашылықтың аумағында көлемі 2 га болатын дала қосы бар. Шаруа қожалығының орталық елді-мекеннен қашық болуы жұмысшылардың уақыт шығынына әкеп соғады, және өсімдік шаруашылығын келтіреді. Сондықтанда жұмысшылар жұмыс орнына қатынауын қанағаттандыру мақсатында дала қосын ұйымдастырудың маңызы зор.

Дала қосы өндірістік кооперативінің ауыспалы егіс массивтерімен орталық елді-мекенмен ыңғайлы байланысуын қамтамасыз етеді.

Дала қостарында жуынатын орны бар жатақхана типіндегі тұрғын үй ғимараттары, тамақ ішетін орын мен тауыл шаруашылығы машиналары тұратын сарай, жанар-жағар май тұратын қойма, азық-түлік тұратын қойма, шаруашылық сарайды ұйымдастыру (СНиП ІІ 60-70 сәйкес) қарастырады.

Алыс жатқан учаске аудандарын тиімді пайдалану үшін, өсімдік дақылдарының өнімділігін жоғарылату үшін, сонымен бірге шаруашылықтың жем азықтарын және көндерді тасуға көлік шығындарын азайту мақсатымен шаруашылықтың малдарының бір бөлігін жақын жер бағу керек. Оларды дала қостарында орналастыру үшін мал шаруашылығы кешендерін салу қарастырылыған.

Трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу үшін жобада асфальталған алаң мен шеберхана жасау қарастырылады.

Дала қосының аумағын екі бөлікке бөлеміз. Бірінші зонада тұрғын үй кешендері, 2 мал тұратын сарай, машина-трактор тұратын орын шеберхана бар.

  1.   Алқаптар мен ауыспалы егістіктерді ұйымдастыру

Алқаптар мен ауыспалы егістіктерді ұйымдастыру – ішкі  шаруашылық жерге орналастырудың негізгі мәселелерінің бірі, онда жердің шаруашылықтық арналуы мен адам әрі пайдалану сипаты, алаптарды жақсарту, олардың өнімділігін арттыру жолдары белгіленеді. Бұл мәселелердің шешімі ауыл шаруашылығы алаптарының әрбір гектарының өнімділігін арттыруға, еңбек өнімділігін көтеруге және топырақ құнарлығын арттыра отырып, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған.

Алқаптардың құрамы мен көлемін белгілеуге әсер ететін негізгі жағдайлар шаруашылықтың ұйымдастыру өндірістік құрылымы, өндіріс бөлімшелерінің саны, орналасуы және мамандануы, мал фермаларының орналасуы, еңбекке жарамды адамдардың болуы, сонымен бірге негізгі міндеті жердің пайдалану деңгейін көтеру болып табылады. Пайдаланылатын алқаптардың барынша тиімдісінің көлемін арттыру, топырақ құнарлығын арттыру, ауыл шаруашылығы техникаларын жоғары өнімді пайдалану үшін аумақтық жағдайлар жасау, еңбекті дұрыс ұйымдастыру болып табылады.

...

Скачать:   txt (30.6 Kb)   pdf (109.7 Kb)   docx (25 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club