Экологиялық зерттеулер әдістері
Автор: 87076286122 • Сентябрь 20, 2023 • Практическая работа • 427 Слов (2 Страниц) • 121 Просмотры
Әдістемелік нұсқау: Пән бойынша берілген практикалық сабақ материалдарын мұқият қарап шығыңыз, сабақ барысында берілген тапсырмаларға назар аударыңыз, сабақ соңында келтірілген бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.
Практикалық жұмыс №1
Тақырыбы: Экологиялық зерттеулер әдістері
Мақсаты: Студенттерді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және экологиялық зерттеулерде қолданылатын әдістермен таныстыру
Сабақ өткізу формасы: дискуссия
Табиғаттағы және қоғамдағы жаппай құбылыстарды сандық талдау арқылы зерттейтiн ғылым статистика деп аталады. Статистика – латынның «статус»- заттың жай күйі деген мағынаны білдіреді. Ал биометрия биологиядағы жаппай құбылыстарға статистикалық талдау жасайтын ғылым. Оқу пәнінің мақсаты биологиялық және экологиялық зерттеулер кезінде статистикалық өңдеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі түсініктерді қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
- Биологиялық зерттеулерде қолданылатын статистикалық өңдеу әдістерімен танысу;
- Арифметикалық ортаны, оның қателігін негізгі квадраттық ауытқуды анықтау арналған есептер шығару;
- Корреляция коэффиценті және корреляцияны графикалық өрнектеуге машықтану;
Сұрақтарды талқылаңыз:
Ғылымның даму тарихы. Статистиканың тарихи даму кезеңдері. Ғылымың қазіргі заманғы даму тенденциясы. Методология және ғылыми зертеулер әдістері. Ғылым методологиясы. Ғылымның басқа ғылыми пәндермен байланысы.
Ғылыми зерттеулер: мәні мен ерекшеліктері. Экологиялық зерттеулер әдістері. Зерттеушілік процестің құрылымы мен мазмұны.
Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері: молекула-генетикалық, клеткалық, ұлпалық, организмдік популяциялық - түрлік және биогеоценотикалық, немесе биосфералық.
Практикалық жұмыс №2
Тақырыбы: Эксперимент нәтижелерін өңдеу
Мақсаты: Студенттерді эксперимент нәтижелерін өңдеудің жұмыс жасау тәртібімен таныстыру.
Сабақ өткізу формасы: практикалық тапсырма
Статистикалық бақылаулар барысында жинақталған алғашқы мәліметтерді әрі қарай өңдеу үшін мәліметтерді топтастыру әдісі кеңінен қолданылады.
Топтастыру – бұл зерттелген жиынтықтан сәйкесінше топ бойынша аталған топтың белгілері үшін көпшілік бірліктерді бөлу.
Топтастыруға келтірілген белгілер топтастырылған белгілер деп аталады. Топтастырылған белгілер кейде топтастыру негіздері деп аталады.
Топтастырылған белгілер сандық (көлем, кіріс, валюта курсы, жас шамасы және т.б.), сонымен қатар сапалық сипатта (кәсіпорынның жекешелік формасы, адамның жынысы, салалық құрал жабдықтар, жанұялық жағдай және т.б.) болуы мүмкін.
Күрделі топтастыру комбинациялық немесе көпқырлы болады.
...