Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұзды және тұзданған топырақтар дегеніміз

Автор:   •  Декабрь 10, 2021  •  Реферат  •  389 Слов (2 Страниц)  •  1,112 Просмотры

Страница 1 из 2

Тұзды және тұзданған топырақтар дегеніміз - құрамында өсімдікке уытты мөлшерде ерігіш тұздары бар топырақтар. Бұларға жататындар:

1. Сорлар;

2. Сортаңдар;

3. Шақаттар;

4. Тақырлар

Бұлар жазықтық белдеулердегі топырақ зоналарының барлығында кездеседі. 

Тұзды топырақтардың пайда болу жолдары

1. Жер қыртыстарынан топыраққа ауысатын тұздар. Аналық тау жыныстары мен жердің мору қабатындағы тау жыныстарының құрамындағы ерігіш тұздардан ауысып пайда болады. Мысалы: құрлықтан мұхиттарға жылына 2735 млн тонна жеңіл еритін тұздар барады. Ал материктердің кәрізделмейтін тұйықталған аймақтарына жылына 1млрд тоннаға жуық тұздар жиналады екен. Теңіз түбіндегі тұзды шөгінділерден құрлыққа өте мол еріген тұздар ауысады. Бұларға тән аймақтар: Каспий маңы, Тұран, Батыс Сібір ойпаты.

Жер қыртысынан топыраққа ауысатын тұздар жанартаулар атқылағанда пайда болады. Ал бұлардан шыққан газдардың құрамында күкірт, хлор, т.б көп, олардың тұздары топыраққа сіңеді.

2. Топырақ асты, жер астындағы сулардың құрамындағы тұздар, олардың деңгейі көтерілгенде топыраққа сіңеді. Ал олар төмен қайтқанда, тұздар онда қалып қояды. Тіптен деңгейлері төмен түспеген күннің өзінде, сулары буланып, тұздардың топырақта концентрацилары молаяды. Мұндай жағдай егістікті бей-берекет суғарып, топырақ асты суларының деңгейі көтеріліп, тұздандырады. Мұны "екінші ретті тұздану" немесе "вторичное засоление" деп атайды.

3. Жер бетіндегі тұздар жел арқылы тұзданбаған топыраққа ауысады. Мұны "эолдық процесс" яғни "ауа арқылы тұздану" деп атайды.

4. Минералданған топырақ асты суларынан, тамыры арқылы сіңірген тұздар, өсімдіктердің қалдықтары шірігенде топырақта жиналады. Мысалы сексеуіл, бүйіргін, ала боталар осындай құбылыс береді.

5. Қыраттар мен беткейлерден ғасырлар бойы жуылған еріген тұздар ойпаң жерлерге жиналып, шоғырланады, топырақтарына сіңеді.

Осы тұздану жолдарының нәтижесінде топырақта әр түрлі құрамдағы, құрлымдағы, қасиеттердегі топырақтар пайда болады.

Солардың бірі - Сорлар (солончаки)

Сорлар дегеніміз - құрлымының жоғарғы бетінен бастап, бүкіл пішіндік кескінінің құрамында ерігіш тұздардың белгілі бір мөлшерінің болуы. Олардың сандық, сапалық және химиялық құрамы әр түрлі болады.

Сортаңдар дегеніміз - топырақтың иллювиальды В қабатындағы сіңіргіш кешенінде натрий, ал кейде магний катиондарының мол мөлшерде болатын топырақтар. Бұлардың сорлардан айырмашылығы - ерігіш тұздардың мол мөлшері топырақтың тереңдеу қабатында шоғырланған тектік қабаттары анық байқалады.

"Шақаттар немесе солоды" деген тұзды топырақтар ТМД елдерінің 0,5%-ын құрайды. Таза шақаттардың көлемі 0,8 млн. га. Қазақстанда көбінесе орманды және орманды дала зоналарында. Бұлар негізінен ойпаң жерлерде түзіледі.

Тақырлар — шөлдер мен шөлейттерде өсімдіксіз немесе өсімдігі өте сирек болатын беті тегіс көлемді кеңістік. Жаңбыр суы буланып кеткеннен кейін, тақыр беті кеуіп, қатқылданады да, жарықтар пайда болады.

Топырақтың тұздану деңгейін көрсететін атаулар да бар. Мысалы: 1) егер тұздар 0-30 см-де мол болса, ол топырақты жоғары сорлау деп немесе сорлы деп атайды. 2) 30-80 см-де тұзданғандарын - сорлау; 3) 80-150 см-де болса, терең сорлау; 4) 150 см-ден төмен болса, тұзданбаған топырақтар.

...

Скачать:   txt (5.7 Kb)   pdf (53.9 Kb)   docx (213.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club