Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туған жерім – тұғырым

Автор:   •  Ноябрь 6, 2019  •  Эссе  •  282 Слов (2 Страниц)  •  2,543 Просмотры

Страница 1 из 2

                                    «Туған жерім – тұғырым»

          Менің туған жерім... Дәл осылай басталатын шығармаларды мектеп қабырғасында жүргенде талай жаздық, талай өлең де оқыдық. Әлбетте бала жүрегіміз ол уақытта сөздің байыбына жетіп, ұғына қоймапты. Ес біліп, етек-жеңімізді жинағанда бұл құдіретті сөздің мәнін әлдеқайда тереңірек түсіне бастайды екенсің. Ауылыңның тау-тасы, әрбір тал-дарағы, тіпті қарапайым ғана үйлері мен шаң басқан жолдары да өзіне еріксіз тартып тұрады екен-ау! Ауылым тау бөктерінде орналасқандықтан болар, тауды ерекше жақсы көремін. «Мен таулықпын, таудан мен жаратылғам» деп жырлайтын Мұқағали ақынның өлеңі де үнемі жадымда жүретін. Ең алғаш арман қуып үлкен қалаға келгенімде қым-қуыт тіршілікке үйренісу оңай болған жоқ. Себебі мені туған жерім, аулаға шықсам, мұнартып көрініп тұратын Алатауым шақырып тұрғандай көрінетін.

            Ең алғашқы демалысымды алып, бірден туған жерім Жасөркенге қарай тартқаным әлі есімде. Жүрегім алып-ұшып, қанат біткендей барынша асығып жеттім. Ұзақ уақыттан кейінгі туған жердің таңы маған тіпті әсем көрінді. Көкжиектен көтеріліп келе жатқан күн шұғыласы басын қырау шалған тауға қарап сәлем бергендей айналаны жарқыратып жіберді. Малын өріске айдаған қойшы көзі үйреніп, әбден танып алған малын айдап аяңдап бара жатыр. Жол шетіне сарғайып түскен жапырақтар басқан сайын бір әдемі әуенге салып тұрғандай. Керемет емес пе? Өз басым осы бір көріністі хан сарайына да, әлемнің ең ғажап мекендеріне де айырбастамас едім.

            Қазір жырақта жүрсек те, жүрегіміздің түкпірінде туған жерге деген сүйіспеншілік еш кеміген емес. Туған жерім мен барғанда әрдайым құшағын жайып күтіп алатын мінезі жайдары әжемдей елестейді, ал өзімді ерке қызыңдай сезінемін. Пейілі дархан, көңілі кең туған жерім, өзіңе асығып тұратын ұландарың көп болсын! Өзің барда тұғырымыз биік екенін әрбір адам түсінсе деймін.

...

Скачать:   txt (3.3 Kb)   pdf (40.1 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club