Топографиялық түсірістердің басқа да түрлері
Автор: Aikot00 • Сентябрь 20, 2022 • Лекция • 1,872 Слов (8 Страниц) • 326 Просмотры
14 дәріс
Тақырып: Топографиялық түсірістердің басқа да түрлері.
14.1 Ірі масштабты жоспар құру үшін жер бетін нивелирлеу жұмыстары.
14.2 Буссольдық түсіріс.
14.3 Көз мөлшерімен түсіріс.
4.1 Ірі масштабты жоспар құру үшін жер бетін нивелирлеу жұмыстары.
Жергілікті жердің бетін нивелирлеу қима биіктігі көп емес жер бедерін бейнелеу үшін қолданады. Нивелирлеу тәсілін таңдау түсірілетін аумақтың сипатына және жұмыстардың мақсатына байланысты болады.
Жазықты жергілікті жерде параллельдік сызықтар тәсілі қолданылады. Бұл тәсілдің мәні жер бедерінің сипатты сызықтары бойынша көлденеңдер (поперечник) болатын теодолиттік және нивелирлік жүрістерді жүргізуден тұрады.
Жер бедері пішіндері айқындалмайтын ашық учаскелерде квадраттар бойынша жер бетін нивелирлеу тәсілі қолданылады. Жергілікті жердегі квадраттар қабырғаларының ұзындығы түсірілетін аумақтың жер бедерінің сипатына, түсірістің мақсатына, қима биіктігіне және учаскенің көлеміне байланысты 10 метрден 100 метрге дейін болады. Квадраттар желісін құрастыру 14.1 суретте көрсетілген. АВ1 негізгі сызықты таңдайды, В1 нүктесінде қазық қағылады. Теодолиттің көмегімен В1АD1 тік бұрыш құрастырылады. D1 нүктесінде қазық орнатылады, кейін А нүктесінен бағыттар бойынша өлшеуіш-лентамен алдын белгіленген қашықтық бойынша квадраттардың қабырғалары түсіріледі. Берілген нүктелерді қазықтармен бекітеді. А нүктесінде қазық орнатылып теодолитті В нүктесіне көшіріледі. Мұнда АВС тік бұрыш құрастырылады. ВС қабырғасында квадраттардың қабырғалары бекітіледі, жарма (способ створов) тәсілімен квадраттардың ішкі бұрыштарын анықтап қазықтарымен бекітеді. Квадраттарды орнату жұмыстарымен қатар ситуацияны түсіру жұмыстары параллель жүргізіледі. Учаскенің көлемі үлкен болғанда нивелирлеу үшін горизонтальдық шеңбері бар нивелирді қолдануға болады.
Квадраттарды нивелирлеу суреттегідей бір және бірнеше станциядан түсіруге болады. Бірнеше станциядан түсірілген нүктелерді байланыстырушы нүктелер деп атайды.
Квадраттар сызбасы мұндай нивелирлеудің журналы болып табылады, мұнда квадраттардың шыңдарында рейкалар бойынша алынған шамалары жазылады (14.2 сурет). Байланыстырушы нүктелер тұйықталған нивелирлік полигонды қалыптастырады, оның шектеуші қателігін мынадай формуласымен анықтайды:
Fh = 30 (мм).[pic 1]
Байланыстырушы нүктелердің биіктіктерін есептеп шығарады, алдымен ең жақын орналасқан нивелирлік белгісі арқылы бір нүктенеің биіктігін анықтайды.
Аралық нүктелердің биіктіктерін аспаптың горизонты арқылы анықтайды, яғни байланыстырушы нүктенің биіктік белгісіне осы нүктеде орналасқан рейкасы бойынша есепті қосу арқылы аспаптың горизонтын есептеп шығарады. Пайда болған нәтижелерді, ситуациясы түсірілген берілген масштабтағы квадраттар планында сәйкес келетін шыңдарында жазылады. Квадраттар қабырғалары жер бедерінің берілген биіктік қимасы бойынша интерполяция жасап шығады, сөйтіп горизонталь сызықтарын жүргізеді (14.3 сурет).
14.2 Буссольдық түсіріс.
Аз қоныстанған және ормандалған аумақтарда әртүрлі ғылыми зерттеулер үшін буссольдық түсіріс қолданылады. Мұндай түсірісті жартылай құралдық деп атайды, себебі мұндай түсірісте қол буссолі және жер өлшейтін ленталар (рулетка) пайдаланады. Буссоль жергілікті нысандарға қарай бағыттардың магниттік азимуттарын өлшеу үшін қажет. Мұндай өлшеу жұмыстары үшін Стефанның буссолі өте қолайлы (сурет 14.4). (суретте 1 және 3 алидаданың үстінде бекітілген жиналатын диоптрлар, 4 – верньер, 5 – лимб, 2 – румбтар шкаласы, 6 – втулка, оны қолға ұстауға болады немесе қаданың үстіне кигізіледі.
...