Топографиялық карталардың толықтылығы, нақтылығы (достоверность) және дәльдігі. Қорытынды
Автор: Tuff • Ноябрь 3, 2023 • Лекция • 1,319 Слов (6 Страниц) • 152 Просмотры
Лекция № 15
Тақырып: Топографиялық карталардың толықтылығы, нақтылығы (достоверность) және дәльдігі. Қорытынды.
Лекция жоспары:
1. Топографиялық карталарда тіреу пункттерін бейнелеу.
2. Топографиялық карталардың толықтылығы, нақтылығы (достоверность) және дәльдігі.
Қорытынды.
1. Топографиялық карталарда тіреу пункттерін бейнелеу.
Масштабы 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000, 1:200 000, 1:500 000 и 1:1 000 000 топографиялық карталар жалпы мемлекеттік карталары болып табылады. Топографиялық карталар еліміздің шаруашылығы және мемлекет қорғанысы үшін қолданылады. Топографиялық карталар әр түрлі масштабтағы карталар үшін келісілген бірыңғай талаптар мен шартты белгілер бойынша жасалынады.
Топографиялық карталар мынадай негізгі мәселелерді шешу үшін қолданылады:
а) 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 масштабтағы
- жергілікті жерді толық зерттеу және бағалау;
- жергілікті жерде бағдарлау және бағдарлау нысандарын айқындау;
- инженерлік құрылыстарды жоспарлау және жобалауда өлшеу және есептеуді жүргізу;
- шаруашылық және қорғау мақсатта әр түрлі шараларды жасап шығу және өткізу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
б) 1:200 000 және 1:500 000 масштабтағы
- жергілікті жерді зерттеу және бағалау;
- шаруашалық және қорғаныс мақсаттағы ірі құрылыстарды жобалауда алдын ала есептеу;
- аумақты игеру және оның жер ресурстарын пайдалану бойынша инженерлік ізденістерді жоспарлау және жүргізу;
- әскери шараларды жоспарлау және өткізу;
- әскери және азаматтық авиацияның ұшуларын дайындам өткізу.
в) 1:1 000 000 масштабтағы
- ірі географиялық аудандардың жеріне жалпы баға беру және табиғат жағдайын зерттеу;
- бас жоспарлау (генеральное планирование) және мемлекеттік деңгейдегі ғимараттарды жоспарлау және жобалау бойынша жұмыстарды үйымдастыру және өткізу;
- аумақты игеру және табиғат ресурстарын пайдалану бойынша жұмыстарды үйымдастыру және өткізу;
- әскери мақсатта.
1:1 000 000 масштабтағы карта авиацияда ұшу картасы ретінде қолданылады.
Топографиялық карталар әр түрлі арнайы және тақырыптық карталар үшін негіз болып табылады.
Масштабы 1:25 000, 1:50 000 және 1:100 000 топографиялық карталардың геодезиялық негізі:
- жоспарлы қатынаста - тік бұрышты координаталары белгіленген координаталар жүйесінде (СК-42) Гаусс-Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндрлік проекцияда есептелінген мемлекеттік геодезиялық желісінің пункттері және түсіріс желісінің нүктелері;
- биіктік қатынаста – биіктіктері геометриялық және геодезиялық нивелирлеу жолымен анықталған мемлекеттік геодезиялық желісінің пункттері, мемлекеттік нивелирлеу желісінің реперлері мен маркалары, сонымен қатар, биіктіктері бастапқы деңгейге келтірілген биіктік түсіріс және жергілікті желіліерінің нүктелері.
1:200 000 масштабтағы картаның геодезиялық негізі тік бұрышты координаталары Гаусс-Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндрлік проекцияда есептелінген мемлекеттік геодезиялық желісінің пункттері, ал биіктіктері қабылданған бастапқы деңгейге келтірілген.
Масштабы 1:500 000 және 1:1 000 000 карталар парақтарының математикалық негізін салу үшін картографиялық (масштабы 1:500 000 карта үшін тік бұрышты) тор сызықтары қиылысқан нүктелері тіреу нүктелері болып табылады.
Барлық масштабтардағы топографиялық карталар парақтарының математикалық негізінің тіреу пунктері мен нүктелерінің орналасу дәльдігі 0,2 мм шамасынан аспауы тиіс. Карта парағының қабырғалар ұзындығы теориялық шамалардан ± 0,2 мм, ал диагональдардың - ± 0,3 мм аспауы тиіс.
Топографиялық карталардың мазмұны.
...