Сөйлемнің коммуникативтік мақсатқа сай құрылуы: хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер. Лепті сөйлеммен сөйлеудегі коммуникативтік мақсат.
Автор: bostandariga2003 • Март 26, 2025 • Доклад • 1,976 Слов (8 Страниц) • 7 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: «Сөйлемнің коммуникативтік мақсатқа сай құрылуы: хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер. Лепті сөйлеммен сөйлеудегі коммуникативтік мақсат. Сөйлемді лепті, лепсіз деп топтау. Сұраулы, бұйрықты сөйлемдерді логикалық, тілдік аспектіде саралау»
Орындаған:Бостан Д. Б
Қабылдаған: Иманалиева Г.К
Алматы, 2024 ж.
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................. | 3 |
Негізгі бөлім...................................................................................................... | 4 |
| 4 |
| 5 |
| 7 |
| 8 |
Қорытынды....................................................................................................... | 11 |
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................ | 11 |
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі тіл білімінде сөйлем құрылымының адам коммуникациясындағы рөлін зерттеумен байланысты.Сөйлемнің коммуникативтік мақсатқа сай құрылуы-тілдің негізгі қызметі болып табылатын қарым-қатынасты қамтамасыз етуді маңызды аспектісі.Әрбір сөйлем түрінің,соның ішінде хабарлы,сұраулы,бұйрықты және лепті сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктері мен қолданылу контексті бар,олар тілдік қарым-қатынастың мәнін ашып көрсетеді.Осы тақырыпты зерттеу тілдік қарым-қатынас тиімділігін арттырып,адамдардың ойларын дұрыс және мақсатқа сай жеткізугесонымен қатар эмоция мен мағынаны нақты әрі әсерлі беруге көмектеседі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл зерттеу сөйлемдердің коммуникативтік мақсатқа сай құрылуын,оның түрлі түрлерін зерттеп,олардың тілдік қарым-қатынастағы рөлін анықтауға бағытталған.
Мақсаты:
Сөйлемдердің коммуникативтік мақсаттарын түсіндіру,олардың әртүрлі түрлерін саралау арқылы сөйлеу мен жазуда дұрыс қолдануды үйрету.Бұл арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру,ақпаратты тиімді жеткізу және эмоцияны дұрыс білдіру қабілеттерін дамыту.
Міндеттері
-Сөйлемнің коммуникативтік мақсатқа сай құрылуының ерекшеліктерін көрсету
-Сөйлемдерді лепті және лепсіз деп топтастыруды үйрету
-Сұраулы және бұйрықты сөйлемдерді логикалық және тілдік тұрғыдан талдак
-Сөйлемдердің эмоционалдық және экспрессивтік рөлін зерттеу
-Сөйлемдердің дұрыс құрылуы арқылы тілдік сауаттылықты арттыру
Сөйлемнің коммуникативтік мақсатқа сай құрылуы
Сөзіміздің басын сөйлемнің коммуникативтік түрлеріне қатысты айтылған ғалымдардың пікірінен бастайтын болсақ;
Тілдің коммуникативтік қызметі сөйлеу арқылы жүзеге асатыны белгілі. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы кезінде, пікір білдіруде сөйлеушінің коммуникативтік мақсаты бірінші орында болады. Яғни сөйлем дегеніміздің өзі тілдің коммуникативті бірлігі болғандықтан, онда белгілі бір коммуникативтік мақсат болуы тиіс, яғни тыңдаушыға әсер етуді көздеуі тиіс.
Сөйлемді бұл тұрғыдан топтастыру А.Байтұрсынұлының еңбектері- нен бастау алады. А.Байтұрсынұлы сөйлемдерді айтылуына қарай төртке бөледі: сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, тілекті сөйлем және жай сөйлем. Осының ішінде тілекті сөйлемді әрі қарай бұйрық, өтініш, үгіт (ақыл), жай тілек деп бөледі. Ал жай сөйлем деп отырғанына «сұраусыз, лепсіз, тілексіз айтылған сөйлемдерді» жатқызады , яғни қазіргі хабарлы сөйлемді меңзеп тұрса керек.
Сөйлемді ең басты синтаксистік санат ретінде мойындаған С.Аманжолов қазақ тіл білімінде синтаксиске қатысты көптеген ой қалдырған ғалымдардың бірі. Ғалым жай сөйлемдерді мағыналық жағынан хабар- лы, сұраулы және лепті сөйлем деп қарастырған. Осы тектес топтас- тыру Х.Арғыновтың «Жай сөйлем синтаксисінен грамматикалық таблицалар» еңбегінде, Н.Сауранбаевтың еңбектерінде кездеседі. Бірақ Х.Арғыновтың 1974 жылы жазылған әдістемелік құралында бұйрықты сөйлемге қатысты пікірлері де бар. [1]
...