Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Пойыздардың айрылысу интервалын қамтамасыз етудегі технологиялық операцияларды орындау графигі

Автор:   •  Ноябрь 16, 2020  •  Реферат  •  1,264 Слов (6 Страниц)  •  509 Просмотры

Страница 1 из 6

3.4-сурет.Пойыздардың айрылысу интервалын қамтамасыз етудегі
технологиялық операцияларды орындау графигі

3.2-мысал. 4.1-мысалдың шарты үшін стансалық айырылысу интер-валын анықтау керек.

Стансасының кезекшісі № 2002 пойыздың толық құраммен  өтуін қадағалайды [pic 1] – бұл қашықтығын жүріп өту уақыты, яғни [pic 2] мин .Бұдан әрі мынадай операциялар орындалады:

г және д станса кезекшілерінің пойыздардың жүрісі туралы сөйлесуі – 0,2 мин;

№ 2001 пойызға жөнелту маршрутын дайындау және шығар сигналын ашу – 0,4 мин;

машинистің сигналды қабылдауы және пойызды жөнелту - 0,2 мин.

 Интервалдың жалпы ұзақтығы:

[pic 3]

Жартылай автоблокировкада пойыздың көршілес б стансасына бару сәтінен сол бағытта жүретін пойыздың осы а стансасынан босаған а-б ара-лығына жөнелуге дейінгі ең аз уақытты (3.5-сурет) пойыздардың стансалық жолай жүру интервалыдеп атайды. Екінші пойыздың стансадан тоқта-май өту жағдайында жолай жүру интервалын жуықтатылған түрде мына формуламен анықтауға болады:

[pic 4]                                               (3.4)

[pic 5]

3.5-сурет. а – пойыздар а стансасынааялдамастанжүріпөтетін
кездегістансалықжолайжүру интервалы; б – б стансасындағыкірер сигналы ашылғанкездегі № 2003 тақпойызыныңкелгенжері

Екінші пойызды стансадан аялдаудан кейін жөнелтуде  қашықтығын жүріп өтудің қажеті болмайды, сондықтан интервалдың ұзақтығы шамамен бір минут құрайды.

Жартылай автоматты блокировкамен жабдықталған а–б аралығында (3.5, а-сурет) тақ бағытта стансалық жолай жүру интер-валын анықтау керек. Пойыздың ұзындығы 800 м, жүріс жылдамдығы 60 км/сағ.

Стансасының кезекшісі № 2001 пойызының жүріп өткеніне көз жеткізеді. Қашықтықты жүріп өту уақыты , [pic 6]  яғни [pic 7]мин.

Бұдан әрі мынадай операциялар орындалады:

  • а және б станса кезекшілерінің пойыздардың жүрісі туралы сөйлесуі – 0,2 мин;
  • а және б стансасындағы сигналдарды ашу – 0,4 мин.
  • а стансасындағы кірер сигналын ашу кезінде № 2003 пойызы [pic 8]  қашықтығында (3.5, б-сурет) болуы тиіс.

 Пойыздың бұл қашықтықты жүріп өту уақыты:

[pic 9]

Интервалдардың жалпы ұзақтығы [pic 10]

Автоблокировкада бірінен соң бірі жүріп отыратын екі немесе одан көп бағыттас пойыздардың блок-аралықтармен шектелуін басшылыққа ала отырып анықталатын ең аз уақыт аралығы автоблокировкадағы пакеттік (пойызаралық) интервал деп аталады (3.5-сурет).

Пакеттегі пойыздар арасындағы интервал шектелуге тиісті есептік қашықтыққа, пойыздардың жүру жылдамдығына, ал электр тартымында –сондай-ақ электрмен жабдықтау құрылғыларының қуатына байланысты.

Есептік қашықтық блок-аралықтардың саны мен олардың ұзындығы бойынша анықталады. Есептік қашықтықты құрайтын блок-аралықтардың санын алда келе жатқан пойыз одан кейін келе жатқан пойыздың жүрісіне әсер етпейтіндей жағдаймен анықтайды. Ол үшін бағыттас пойыздар үш немесе екі блок-аралықтармен шектелуі тиіс.

Бірінші жағдайда (жасыл шамға жүру) кейін келе жатқан пойыздың алдындағы бағдаршамда ұдайы жасыл шам жанып тұрады, бұл осы пойыз-дың машинисіне барынша қолайлы жұмыс жағдайын туғызады.

.[pic 11]

3.6-сурет. Автоблокировкада пакет түзе жүретін пойыздарды шектеу сызбасы:                                                                                                                                     а, б – аралықта; в – стансаға қабылдауға; г – станса арқылы тоқтаусыз өткізуде;
д – стансадан жөнелтуде

Екінші жағдайда (сары шамға немесе жасыл шам жанар алдында жүру) кейін келе жатқан пойыз бағдаршамға жақындағанда ғана бағдаршам сары шамнан жасыл шамға ауысады, бұл да пойыздың жүру жылдамдығын азайтуды талап етеді.

3.6-суреттегі пойыздардың орналасуы алда келе жатқан пойыздың блок-аралықтарды босату және бағдаршамдар шамының түсінің ауысуы сәтіне сай келеді.

Жасыл шамға жүруде және пойыздарды үш блок-аралықпен шектеуде пакеттегі пойыздар арасындағы интервал (3.6, а-сурет) мынадай болады:

[pic 12]                                (4.8)

...

Скачать:   txt (13 Kb)   pdf (569.3 Kb)   docx (327.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club