Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ГАЗ-3302 автомобильдерінің технологиялық есебі

Автор:   •  Март 18, 2018  •  Курсовая работа  •  18,140 Слов (73 Страниц)  •  683 Просмотры

Страница 1 из 73

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта автомобиль көлігі біркелкі көлік жүйесінде жетекші орындардың бірін алып отыр және республикамызда өндірістің барлық салаларына қызмет атқаруда. Осы сәтте автомобиль көлігінің үлесіне барлық көліктер тасымалдайтын жүктердің 80%-ға жуығы және 70%-дан аса жолаушылар тасымалы тиіп отыр.

Автомобиль көлігі халық шаруашылығының жаңа саласы – автомобиль өнеркәсібінің – даму нәтижесінде құралған, ол қазіргі заманда отандық машина жасаудың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады.

Автомобиль көлігінде 2010 жылға дейінгі кезеңде экономикалық  және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттары автомобиль құралдарын пайдалану тиімділігін, бірінші кезекте тіркемелер мен жартылай тіркемелерді кең қолдану есебінен, жоғарылату өндіріссіз бос тұруларды, автомобильдердің бос жүрістерін, тиімсіз тасымалдарды қысқарту, орталықтандырылған тасымалдауларды дамыту мен жетілдіру, жалпы пайдаланатын автомобиль көлігін алдымен дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

Жолаушылар тасымалдауында «Тұрғындарға көліктің барлық түрімен қызмет етуді жақсарту», тасымалдаудың ыңғайлығына талаптарды ескеру, қызмет ету мәдениетін жоғарылату ескерілген. Қазіргі жағдайда осы мәселелерді шешу кезінде, бүтін сала сияқты, жеке технологиялық процестердің де қорларды пайдалануды интенсифтендіруге, модернизациялау мен техникалық қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық прогрестің, есептеу техникасының жетістіктерін жан-жақты пайдалануға, жеке мен ұжымдық еңбектер нәтижелеріндегі қызметкерлердің жоғары қызығушылығын қамтамасыз ету  кезінде басқарудың математикалық әдістерінің экономикасына негізгі күш түседі.

Автомобиль көлігінде ең маңызды мәселелердің бірі өндірістік-техникалық базаны тиімді пайдалану мен рационалды үлестіру және де дұрыстап дамыту болып табылады. Оның дұрыс дамымағаны (қағида бойынша, парктың өсу ырғағынан қалып кету) негізгі қордың басты бөлігінің – жылжымалы тізбектің – төмен сенімділігінен берілістің қысқаруына алып келеді. Техникалық пайдалану автомобиль көлiгi жүйесiнiң бiрыңғай түрi болып табылады. Автомобиль көлiгiнiң алдында тұрған маңызды мәселелердiң бiрi автомобильдердiң пайдалану сенiмдiлiгiн арттыру және оны ұстауға кететiн шығындарды төмендету болып табылады.

Автомобиль көлiгi қалалардағы, сондай-ақ ауылдық жерлердегi тұрғындар үшiн де зор маңызға ие болады. Ол халықтық экономикалық және мәдени тұрмыстық өмiрiн көтеруi қала мен ауыл арасындағы әлеуметтiк-техникалық, экономкалық және мәдени дамуындағы қарама-қайшылықтарды аластатуға, орталық облыстар, елiмiздiң шалғай жатқан аудандарындағы тұрғындардың өмiрiндегi жағдайларды теңестiруге септiгiн тигiзедi. Автомобиль көлiгiнiң басты мiндетi халық шаруашылығы мен тұрғындардың жүктердi материалдық және еңбек қорларының мүмкiн боларлық ең төменгi шығындарын пайдалана отырып тасымалдаудағы қажеттiлiгiн сапалы уақытылы қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мәселенi шешу жалпы пайдаланудағы автомобиль көлiгiн пайдалануды, жүк және тауар айналымдарын арттыруды, материалдық-техникалық негiздi бекiтудi жеке көлiк құралдарын iрi автокөлiк кәсiпорындарда шоғырландыру, жылжымалы тiзбектiң техникалық баптауы мен жөндеуiн жақсартуды талап етедi.

Дегенмен, автобус паркінің техникалық күйін жақсарту өте баяу жүргізілуде. Бұл мәселені шешу бір жағынан сенімділігі жоғары автомобиль-дерді шығару, ал екінші жағынан автомобильдерді техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру, техникалық баптау және жөндеу жұмыстарының еңбек сыйымдылығын төмендету, автобустардың жөндеу аралық жүрісін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі. Нұсқалған шарттарға қосымша жылжымалы тізбекті ақаусыз күйде демеуге қажетті өндірістік негізді құруды, өндірістік процесстерді механикаландыру және автоматтандыру құралдарын кеңінен енгізуді талап етеді. Қазіргі уақытта АЖТК-дағы өндірістік процесстерді механикаландыру деңгейі салыстырмалы түрде шамалы ғана, жұмыстардың түрлері бойынша 50 пайызға жуық шаманы құрайды. Техникалық баптау мен жөндеуінің пайдалану процессі өндірісті одан әрі автоматтандыру және механикаландыру еңбек өнімділігін және жөндеу сапасын арттыруға қажетті технологиялық аспаптар мен жабдықтарды қолдануды қарастыруда. Дипломдық жұмыстың таңдалған тақырыбынан шыға отырып, техникалық баптау тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру және ТҚ-дың технологиялық процесін механикаландыру АЖТК-дағы жекеленген мәселелердің бірі болып табылады деген қорытынды жасауға болады.

...

Скачать:   txt (183.4 Kb)   pdf (4.2 Mb)   docx (3.5 Mb)  
Продолжить читать еще 72 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club