Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Орталық Саябақ — Манхэттенде

Автор:   •  Декабрь 8, 2023  •  Реферат  •  378 Слов (2 Страниц)  •  127 Просмотры

Страница 1 из 2

Орталық Саябақ — Манхэттенде орналасқан қалалық саябақ. Орталық саябақ-әдемі бақтармен, жайқалған ормандармен, жартасты жерлермен және көлдермен көмкерілген үлкен жасыл кеңістік. Бұл Нью-Йорктің қарбаласынан біраз үзіліс алу үшін тамаша орын және бұл қаланы өз үйі деп атайтын миллиондаған Нью-Йорк тұрғындары үшін Тыныш бақ.

Бұл АҚШ-тағы ірі және әлемдегі танымал саябақтардың бірі. Аумағы — (3,41 км²), ұзындығы — 4 км, ені — 800 м. Саябақта жылына 37–38 миллион адам болады. Бұл АҚШ-тағы ең көп адам келетін саябақтардың бірі. Саябақтың жобасы архитекторлар Фредерик Олмстедпен және Калверт Вокспен жасалынды. Саябақта бірнеше қолдан жасалған көлдер, тоғандар бар. Сонымен қатар спорттық және спортқа арналған алаңдар, балалар ойын алаңдары, табиғи көлшіктер және хайуанаттар бағы бар. Саябақта көптеген құстардың түрін кездестіруге болады, сондықтан бұл жер құстарды сүйікті орны. Ал саябақты айнала қоршаған 10 километрлік жол спорттық жүгірістегі адамдардың, роликтегі, велосипедтегі адамдардың сүйікті жері. Орталық Саябақты сонымен қатар Манхэттеннің жасыл өкпесі деп те атайды. Орталық Саябақ үшке бөлінеді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай «Солтүстік аяғы», солтүстікте су қоймасының және оңтүстікте көлдің ортасындағы «Мид-парк»; көл мен консерватория суынан оңтүстікке қарай «Оңтүстік аяғы» деген бөлім.

Ең алдымен Нью-Йорк Орталық саябағының тарихына қысқаша тоқталсақ. 1820 жылдан 1850 жылға дейін Нью-Йорктың халық саны 4 есе көбейіп, халық саны жарты миллионнан асқан[11][12]. Іргетасы Манхэттеннің оңтүстігінде қаланған қала бірден кеңейіп, демалыс орындары азая бастады. Үлкен демалыс аймағын құру ойы саябақтың құрылуы алдын жоспарланған. 1844 жылы газет жазушысы Уильям Брайант былай деп айтты: «біздің жеке меншік істеріміз аралды күннен күнге жұтуда, егер біз оның қандай да бір бөлігін денсаулығымыз үшін сақтап қалғымыз келсе, онда біз оны қазір істеуіміз қажет». Эндрю Даунингте оның сөзін қолдап: «үлкен, барлығына ортақ саябақ әрине, қымбат тұруы мүмкін, бірақ қаламызды көгалдандырып, ұлттық рухымызды мәдениетті етіп, табиғатқа деген махаббатымызды оятады... бұл саябақта келушілер атпен серуендеп, бір мезетке болсын әдемі кірпіш қабырғалардың түрін ұмытар еді» - деді. Орталық саябақ 1859 жылдың қысында ашылды.

...

Скачать:   txt (5.5 Kb)   pdf (62.1 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club