Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в АҚ «Интергаз Орталық Азия»

Автор:   •  Ноябрь 8, 2018  •  Отчет по практике  •  3,928 Слов (16 Страниц)  •  1,456 Просмотры

Страница 1 из 16

МАЗМҰНЫ

Кіріспе....................................................................................................................2

  1. Теориялық бөлім...........................................................................................6
  1.  Жұмысшының газ учаскесіндегі негізгі міндеті..........................................6
  2.  Газ учаскесі басшылығының негізгі талаптары...........................................7
  1. Практикалық бөлім.......................................................................................8
  1.  ГТС туралы жалпы ұғымдар..........................................................................8
  2.  Газ реттеуші пунктер (ГРП) және газ реттеуші қондырғылар...................9
  3.  ГРП және ГРҚ қондырғылардың жалпы мақсаты.....................................12

2.3.1 ГРП түрлері.......................................................................................14

Қорытынды...........................................................................................................18

Әдебиеттер тізімі.................................................................................................19

КІРІСПЕ

Мен Сепбосынов Әлішер Талғатұлы өндірістік практиканы АҚ «Интергаз Орталық Азия» компаниясынды өттім. Бұл практиканы өту мақсатым  осы саланы тереңдетіп зерттеу және қарастыру, сонымен қатар мұндағы орындалатын негізгі операцияларды бақылау және ГТС (ГРС) (газ тарату жүйесі) станцияларының негізгі мақсатын біліп танысу болып табылады. Практика барысында, мен ГТС (ГРС) станциялары жөнінде барлықтай дерлік мәліметті оқып, білдім, яғни осы станциялар қандай құрал-жабдықтармен жабдықталған және бұл жүйеге кіретін құрал-жабдықтарды білдім, сонымен қатар әр құрал жабдық қалай жұмыс жасайтынын көріп білдім. Сондай-ақ, мен осы ГТС станция жүйесінде орындалатын негізгі міндеттерді білдім.

Газ учаскесінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • апат кезінде газ тұтыну агрегаттарына газ беруді тоқтату немесе жұмыс жасап тұрған желіден апат болған учаскелік бөлікті ажырату;
  • газдалған бөлмелерді немесе құрылыстарды тәбиғи немесе мәжбүрлі түрде желдету;
  • газдалған аймақтарда электір құралдарын, ашық отпен және қыздыру құралдарымен қолданбауына шара қолдану;
  • газдалған аймақтарға бөтен адамдардың кірмеуіне және отты қолданбауына әрекет жасап, қоршауға алу;
  • қажетті жағдайда адамдарды эвакуациялау туралы шешім қабылдау және эвакуациялауға жәрдемдесу;
  • қажет болған жағдайда зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету және өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін өртті сөндіру бойынша шараларды қолдану;

Компания туралы жалпы ақпарат

         «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы 1997 жылы шілде айында құрылған, Қазақстанның сенімгерлікпен басқаруға берілген газ тасымалдау жүйесін пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Компания «ҚазТрансГаз» газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторының құрамына кіреді және табиғи газды магистральдық тасымалдау саласында оның мүдделерін білдіреді. «ҚазТрансГаз» АҚ елдің газ нарығында және әлемде мемлекеттің мүдделерін білдіретін Қазақстан Республикасының ең ірі газбен жабдықтайтын компаниясы болып табылады. ҚазТрансГаз магистральдық газ құбырларымен табиғи газды тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы нырақтарда газды сатумен айналысады, құбыр жүйелері мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады. «Интергаз Орталық Азия» АҚ Қазақстанның аумағы бойынша жалпы ұзындығы 12 мың км-нен асатын магистральдық газ құбырлары арқылы табиғи газды ішкі тасымалдау мен транзиттеуді жүзеге асырады. Компания, сондай-ақ жалпы ұзындығы 6 мың км асатын басқа ұйымдардың магистральдық газ құбырларына техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді көрсетеді. Газ тасымалын жалпы қуаттылығы 2 157,264 МВт алуан түрдегі және үлгідегі 300 газ айдайтын агрегат орнатылған 22 желілік және 4 сығымдау компрессорлық станциясы жүзеге асырады. Шарттық негізде «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да жалпы қуаттылығы 68,5 МВт болатын 5 ГАА бар «Бозой» КС-1 қызмет көрсетіледі. Компания 3 жер асты газ қоймасын пайдаланады. Олардың ең ірісі Ақтөбе облысында орналасқан Бозой ЖАГҚ (белсенді сақтау көлемі 4 000 000 мың текше метр), Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Полторацкое ЖАГҚ (белсенді сақтау көлемі 350 000 мың текше метр), сондай-ақ Жамбыл облысындағы Ақыртөбе ЖАГҚ (белсенді сақтау көлемі 300 000 мың текше метр). Магистральдық газ құбырларының газ тасымалдау жүйесін «Интергаз Орталық Азия» АҚ өндірістік филиалдары – Магистральдық газ құбырлары басқармалары (МГҚБ) пайдаланады:

...

Скачать:   txt (56.3 Kb)   pdf (513.7 Kb)   docx (586 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club