Маңғыстау өлкесін басқаруы
Автор: erbojans • Октябрь 30, 2019 • Контрольная работа • 1,171 Слов (5 Страниц) • 444 Просмотры
Маңғыстау өлкесін басқаруы
Нұртас Оңдасынов оқуын тәмемдағаннан кейін Қазақ КСР-ы Жоғары Төралқасының төрасы болып бар-жоғы бір-ақ жыл істеп, 1955 жылдың мамырында өз өтініші бойынша Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметіне келді. Қайраткер азамат қызметтен төмендетіліп, жоғары басшылықтан шеттетілдім деп мұңайған жоқ.Әрқашан халықтың арасында болып, солардың мұң-мұқтажын көріп,күрделі мәселелерді шеше біліді.
Нұртас Оңдасынов Маңғыстау өңіріне келгеннен кейін жылдар өткен сайын елдің жағдайы бірден жақсара бастады. Қойнау-қойнауында жатқан малшыларды аралап, мұқтажын өтеді. Елдің қамы үшін, бірнеше вагон кесе-шәйнекті Мәскеуден сұратып, мұнайшыдан бастап малшыларға дейін қарық қылған. Нұртас Оңдасынов Маңғыстауға келе салып, облыстағы бар кәсіпшілікті, әсіресе мұнай өндіріп жатқан орындарға барып танысты. Мұнайшылардың тұрмыс жағдайын өз көзімен көрді.Халықтың жоғын,қажетін табуға талпынды,тікелей өзінің ескі достарына шығып шеше беретін болды. Кадр мәселесіне көп көңіл бөлді. Елдің жағдайы басшыға байланысты екенін білетін, келе салысымен кадрларды іріктей бастады. Артынан шұбартып ешкімді өзімен алып келген жоқ, жергілікті жердің адамдарын өсірді.
Мемлекеттік дәрежеде бай тәжірибе жинақтаған қайраткер Нұртас Дәндібайұлы жаңа жұмыста жетілген, сыналған басшылық үлгісін көрсетті. Талатты басшы облыста мұнай, ауыл және балық шаруашылығы өндірістерінің тізгінін тең ұстады, қоғамның әлеуметтік өміріне жаңа әр мен нәр берді.
Ауыл шаруышылғы саласында экономикасы мешеу, шарушылығы шағын колхоздар біріктіріліп, ірілендірілді. Өндірісті шоғырландыру және мамандандыру жұмыстары қолға алынды. Аграрлық өндірісті ғылыми негізде жүргізу мақсатында республикаға танымал білікті оқымыстылар шақырылып, облыстық ауыл шаруашылығы ғылыми-тәжірибе бекетінің жұмысы жолға қойылды. Жайық өзені бойында арналар қазылып, суармалы егіншілік дамыды. Қалалар мен елді мекендерді жаппай қордаландыру басталды.
Балық шаруашылығының өзекті мәселелерін шешуде, Каспий теңізі мен Қиғаш өзені саласын бірлесіп, ұтымды пайдалануда Ресейдің көршілес Астрахань облысының басшыларымен ортақ мүдделі тіл табысты. Екінші жағынан, Қазақ КСР Балық шаруашылғы министрлігінде көптен шоғырланған күрделі мәселелердің түйінін шешуге көмектесті.
Маңғыстауда атом энергиясын дамытуда, мұнай-газ кен көздерін ашып игеруде, басқа да табиғи байлығын меңгеруде Нұртас Дәндәбайұлы басшылық жасап, ерен еңбек етті. Ірі мұнай кенді Жетібай мен Өзен кеніштері ол кісінің облысты басқарған кезінде ашылып, алғашқы өнімін берген. Өзі іс басқарған кезде жүзеге аспаса да, Мақат- Маңғыстау темір жолын тарту, түбектің қазына байлығына және ауқымды болашағына көзі жеткен көреген басшының ұсынысы болатын.
...