Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекциялық дәрістер тезистері

Автор:   •  Апрель 18, 2018  •  Лекция  •  7,191 Слов (29 Страниц)  •  675 Просмотры

Страница 1 из 29

2. «ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК

МАТЕРИАЛДАР

2.1 Курстың  тақырыптық жоспары

Барлығы – 2 кредит.

Тақырыптың атауы

Дәрістер

Семинарлар

СОӨЖ

СӨЖ

Географиялық ақпараттық жүйелерге кіріспе

2

2

3

3

Геоинформатика – ғылым, технология, өндіріс.

1

1

2

2

Картография негіздері

1

1

2

2

Геоақпараттық картография

1

1

3

3

Оперативті картография

1

1

2

2

Картографиялық анимациялар

1

1

2

2

Геоақпараттық жүйелердің Қазақстанда даму тарихы

3

3

3

3

Виртуалды картография

1

1

2

2

Электронды атластар

1

1

     3

     3

Телекоммуникациялық желілер

1

1

2

2

Әлемдік тор

1

1

3

3

Компьютерлік желілердегі карталар мен атластар

1

1

3

3

Барлығы (сағаттар)

15

15

30

30

2.2 Лекциялық дәрістер тезистері

Дәріс №1. Географиялық ақпараттық жүйелерге кіріспе

ХХ ғасырдың аяғында белсенді автоматтандыру мен компьютерлендірудің арқасында картография жаратылыстардың маңызды аспектілері, табиғат пен қоғамның өзара байланысы мен қызмет етуі туралы ақпараттардың зор массивтерін ұстап тұрушы және орнықтырушы бола білді. Ақпараттандыру ғылым мен тәжірибенің  барлық салаларына – мектептік білімнен бастап мемлекеттік саясатқа дейін енді.  

Ақпараттық технология базасында Жер туралы ғылымда географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) құрылды – координацияланған ақпараттарды бейнелеу мен таратуды, жинақтауды, өңдеуді қамтамасыз ететін аппаратты-бағдарламалық жиынтықтар. ГАЖ-нің маңызды міндеттерінің бірі – компьютерлік (электрондық) карталарды, атластар мен өзге де картографиялық туындыларды  құрастыру мен қолдану.

Ең бірінші ГАЖ 1960 жылдардың ортасында табиғи ресурстарды зерттеу үшін  Канадада, АҚШ пен Швецияда құрылған болатын, ал қазір өндірістік дамыған елдерде экономикада, саясатта, экологияда, табиғи ресурстарды басқару мен қорғауда, кадастрде, ғылым мен білімде мыңдаған ГАЖ бар. Олар қашықтықтан зоналандыру мен экологиялық мониторинг берген мәліметтерді, статистика мен санақтың, гидрометеорологиялық бақылаулардың, экспедициялық материалдардың, бұрғылау нәтижелерінің және т.б. мәліметтерінің картографиялық ақпаратын саралайды.

ГАЖ құруда көптеген халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЮНЕСКО, Қоршаған орта бойынша бағдарлама және т.б.), басқарушылық мекемелер, министрліктер мен ведомствалар, картографиялық, геологиялық және жер қызметтері, жеке фирмалар, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттер қатысады. ГАЖ-ні өңдеуге  қомақты қаржы жұмсалады, іске өнеркәсіптің тұтас салалары қатысады, тармақталған геоақпараттық инфрақұрылым құрылады. Көптеген елдерде ГАЖ мен автоматтандырылған картографияландыруды дамыту, сонымен қатар геоақпарат аймағындағы мемлекеттік саясатты анықтау міндеттерін орындайтын ұлттық және аймақтық органдар ұйымдастырылған.

...

Скачать:   txt (110.5 Kb)   pdf (465 Kb)   docx (83.3 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club