Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер
Автор: жанибек мауленжан • Февраль 12, 2020 • Лекция • 41,622 Слов (167 Страниц) • 928 Просмотры
Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер
Лекция 1,2
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні. 2 сағат
Социологиялық танымның негізгі объектісі қоғам болып табылады. Социологиялық таным объектісі - әлеуметтік деген атуға ие болған бүкіл байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығы. Бұл байланыстар мен қарым-қатынастар әрбір әлеуметтік объектіде ерекше түрде жүзеге асатын болғандықтан, әлеуметтанудың таным объектісі - әлеуметтік жүйе деп те айтуымызға болады. Әлеуметтану ғылымының міндеті әлеуметтік жүйелерді топтастыру, әрбір топтастырылған объектідегі байланыстар мен қатынастарды заңдылықтар деңгейінде зерттеу.
Әлеуметтану - белгілі бір әлеуметтік жүйелердің тарихи түрде дамуы мен қалыптасуының жалпы және арнайы заңдары мен заңдылықтары туралы және бұл заңдылықтардың жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың іс-әрекеттерінде жүзеге асуының түрлері мен әдістері туралы ғылым.
Социология ғылымы үшін әлеуметтік ұғымының маңызы зор. Қоғамға және қоғамдағы процестер мен қатынастарға талдау жасау барысында К.Маркс пен Ф.Энгельс ғылыми еңбектерінде екі терминді қолданды: қоғамдық және әлеуметтік. «Қоғамдық», «қоғамдық қатынастар» деген ұғымды К.Маркс пен Ф.Энгельс бүкіл қоғам туралы және оның барлық жақтарының (экономикалық, саяси, идеологиялық) өзара әрекеттері туралы айтқан кезде қолданды. Ал адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынастын, олардың өмір сүру жағдайларын, қоғамда атқаратын рольдерін зерттеу барысында «әлеуметтік» ұғымын қолданды. Әлеуметтік қатынас жеке адамның әлеуметтік топтар және басқа әлеуметтік ұйымдар мен институттар арқылы қоғаммен байланысын сипаттайды.
Қоғамдық қатынастар (экономикалық, саяси, идеологиялық т.б.) адамдардық бір-біріне деген қарым-қатынасымен тығыз байланысты. Мыс. Капталистік өндіріс – еңбек пен капитал арасындағы (экономикалық қарым-қатынас) ғана емес сонымен қатар жұмысшы мен капиталист арасындағы қарым-қатынастардың жүзеге асып отыруы. К.Маркстің айтуы бойынша, «Бұл әлеуметтік қарым-қатынастар (жұмысшы мен капиталист арасындағы )материалдық жетістіктермен салыстырғанда әлдеқайда маңыздырақ. Яғни, қоғамдық қатынастардың қай түрін алсақ та әлеуметтік қарым-қатынастарды кездестіреміз. Алайда әлеуметтік қарым-қатынастарды қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсінбеу керек. Әлеуметтік ұғымының негізгі маңызды элементтері теңдік, әділеттілік, бостандық ұғымдары.
Теориялық және қолданбалы социологияны зерттеу объектісі мен әдістеріне емесалдарына қойған мақсаттарына байланысты (ғылыми міндет немесе практикалық) айыруға болады. Қолданбалы социология қоғамның алдына қойған практикалық мақсаттарын жүзеге асыруда теориялық социология арқылы танылған заңдар мен заңдылықтарды қолдаудың жолдары мен тәсілдерін басшылыққа алады. Социологиялық теориялар қазіргі заманымыздың маңызды мәселелеріне ғылыми жауаптар беріп, қоғамның әлеуметтік жақтарының жақсаруының жолдары мен әдістерін көрсетеді. Эмпирикалық социология қоғам өмірінің әрбір жеке салаларында болып жатқан өзгерістерді бақылай отырыЯ, жаңа деректерді жинақтай отырып қоршаған орта туралы тәжірибеге негіжделген жаңа білімдердің көбеюіне Жағдай жасайды.
Өте ҧлкен көлемдегі өзгерістермен және" құбылыстармен байланысы жоқ тар профильге негізделген эмпирикалық зерттеулер де, объективті әлеуметтік ақпараттарды жинақтай отырып, жаңа білімдердің көбеюіне жағдай жасайды. Әдетте бұл ақпараттар объективті және субъективті көрсеткіштер арқылы көрінеді. Объективті көрсеткіштер ресми статистикада берілген көрсеткіштерді толықтырып, дәлелдеп тұрады. Ал, субъективті көрсеткіштер түрлі әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің мақсаттарынан, жай-күйінен хабар береді. Мұндай зерттеулердің танымдық маңызына келер болсақ, олар қоғам өмірінде адамдық фактордың атқаратын роліне үлкен баға бере отырып, әлеуметтік жағдайлардың субъективті жақтарына басты назар аударады.
...