Заманауи геодезиялық аспаптар
Автор: Жасулан Нурланов • Декабрь 7, 2022 • Реферат • 2,089 Слов (9 Страниц) • 936 Просмотры
ЗАМАНАУИ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ АСПАПТАР
Геодезиялық аспаптар заман талабына сай шығырыла бастағалы мамандар өз жұмысына сеніммен карай бастады. Заманауи геодезиялық аспаптар астрономиялықгеодезиялық және нивелирлік торларды құру кезінде, жердің топографиялық пландары мен карталарын жасағанда, инженерлік құрылысты салғанда және пайдаланғанда жасалатын геодезиялық өлшеулерді орындау үшін қолданыла бастады және бұл аспаптар нәтижелерінің анықтығымен таң қалдыруда. Заманауи аспаптардың геодезиядағы рөлі арта түсті. Бұл құралдар арқылы геодезиялық өлшемдердің еңбек өнімділігі едәуір өсті. Жаңа құрылғылар автоматтанырылған, соның арқасында аспаптар қолдануға ыңғайлы болып келеді. Геодезист үшін маныздысы дәлдігі жоғары және далалық жағдайларда тасымалдауға кедергі келтірмейтін жеңіл аспаптар. Құралдардың артықшылығы үлкен масштабтардағы обьектілерді тез, оңтайлы жолмен есептеп шығарады. Заман талабына сай және де тұтынушылардың сұраныстарын толығымен қанағаттандыра алады. Яғни, аспаптар корозияға шыдамды, басқа да қоршаған орта факторларына төтеп бере алады. Заманауи геодезиялық аспаптар лазерлі-компьютерлі технологиялар арқылы жұмыс атқарады. Қазіргі геодезиялық аспап – ол электроника, дәл механика, оптика, және басқа ғылымдардан тұратын жоғарғы технологиялық өнім. Спутниктік навигациялық жүйе өркениеттің жаңа даму сатысы болып табылады. Материалдарды сандық өңдеу әдісінің дамуы стандартты түрдегі өнімдер – сандық карта, әр түрлі мақсаттағы пландар, сандық фотопландар, сонымен қатар өнімнің жаңа түрлерін – 3D модельдер, оперативті және планды мониторингке ақпараттар алуға мүмкіндік беретін жаңа эффектілі технологияны түзеді. Арнайы әдістер стандартты технологияларға қарағанда өлшемдерді жылдам нақты түрде алуға мүмкіндік береді. Технологияның дамуы барысында қағаз карталардың толығымен сандық карталарға ауысқаны белгілі.
Заманауи геодезиялық аспаптарды бірнеше маңызды топтарға бөлуге болады:
- геодезиялық GPS - қондырғылар; - электронды тахеометр; - лазерлі сканерлер.
Соңғы онжылдықта геодезиялық қондырғыларды модернизациялау қарқынды дамып, функцияналды кеңеюі бірқатар техникалық жақтарының жақсаруына әкеліп соқты. Алайда жаңа геодезиялық аспаптардың негізгі топтарын белгілеп, олардың облыстарына жеткілікті назар аударылмады.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы арқасында геодезияда координаталар мен координата өсімшелерін анықтаудың жаңа жер серіктік әдісі пайда болды. Бұл әдістің ерекшелігі геодезист жылжымалы жер серіктері арқылы берілген координаталарды қолдана алады.
GPS - ағылшын тілінен аударғанда глобальды орын анықтау жүйесі болып табылады. Негізгі қызмет түріне жердегі әртүрлі обьектілердін орнын анықтау жатады. Қазіргі таңда геодезист координаталарды анықтауда жер серіктік жүйенің екі түрін пайдалана алады. Олар Ресейлік ГЛОНАСС жаһандық навигациялық жер серіктік жүйесі және NAVSTAR GPS арақашықтық пен уақытты анықтаудың навигациялық жүйесі. Глобальды позиционирлеу жүйесі арқылы навигация жоғарғы қарқынмен дамып жатыр. Глобальды позиционирлеу деп обьектінің орналасуын он метрден кем емес дәлдікпен анықталуын айтамыз, яғни оның ұзындығын, биіктігін, енін және қозғалысы мен жылдамдығын анықтайтын жоғары дәлділік жүйесі. GPS спутниктік жүйесіне кем дегенде 24 әр түрлі орбиталық жасанды жер серіктері кіреді. Әр спутниктің айналу периоды 12 сағатқа жуықтайды. GPS қабылдағыштардың өзіндік ерекшеліктері болады, олар авиациялық қабылдағыштар, теңіздегі, көліктегі, жеке қабылдағыштар.
[pic 1]
1-сурет Жасанды жер серігі
GPS қабылдағыштар төрт және одан да көп жер серіктерінің бір уақытта бақылау арқылы геодезиялық GPS өлшемдерін жүргізеді. GPS қабылдағыштардың бірі ровер, екіншісі базалық болып келеді. Өлшеу кезіндегі базалық қабылдағыштардың рөлі барлық өлшеу процесі бойы координаталарды белгілі геодезиялық негіз пункттерінде орналасуы. Ровер болса анықталатын нүкте координаталары бойынша жылжиды. Ровер мен базалық қабылдағыштардан алынған деректер арқылы екеуінің арасындағы кеңістік вектор анықталады. Анықталған вектор базалық сызық деп аталады.
...